СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кесте.Кестелерді құру 6 сынып. Ашық сабақ

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға жаңа  "Кесте құру" тақырыбын өттім. Бірнеше тапсырмалар орындатылды.

Просмотр содержимого документа
«Кесте.Кестелерді құру 6 сынып. Ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелер құру

Мектеп: №19

Күні: 24.02.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Атагельдиева Ж.Н

Класс: 6а

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:0

Осы сабақтағы жететін мақсатым:



Оқушыларға Ms.Word мәтіндік редакторында кесте құру және кестені бірнеше тәсілмен құруды үйретемін. Кестедегі ұяшықтарды біріктіруді, жоюды, баған мен жолдарды қосуды үйретемін. Ұяшықтарды бояуды көрсетемін

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Кесте құра алады.

Біраз оқушылар орындай алады:

  • Кесте құрып оны өзгерте алады. Мәтін енгізе алады.


Кейбір оқушылар жасайды:

  • Кестелермен жұмыс жасай алады, кесте ұяшықтарын бөле алады, баған мен жолдарды қосып жоя алады. Ұяшықтарды біріктіре алады.

Тілдік мақсат:


Түйінді сөздер және фразалар: бас мәзір- главное меню-menu, Word-сөз-слово, кірістіру-вставка-insert, кесте –таблица-table, сақтау-сохранить-save.

Қажет сөздер: топ, кубизм, асықтар, смайлик, спикер, лидер, бағалаушы

Сіз неге екенін айта аласыз ба?

Көмек:


Алдыңғы оқыту: Ms.Word мәтіндік редакторда бағандарды құруды үйрендік, бет өлшемдерін туралауды, құжатты баспаға жіберуді үйренгенбіз

Жоспар:

Жоспарланған мерзімі:24.02.

2017 жыл

Уақыты:

15.10-15.55

ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Ресурстар




Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың басталуы:

Ұйымдастыру кезеңі:



\10 мин\


Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушы ойын сабаққа аудару. Бір-біріне сәттілік тілейді. Әр дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріледі. Сол себепті барлығымыз жауап беруге тырысамыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Кубизм» әдісі Талқылау сұрақтары:

1.Балалар біз қандай редакторды өтіп жатырмыз?

2.Оны қалай іске қосуға болады?

3. Терезесінің құрылымын атап беріңдер?

4.Тізімнің неше түрі бар?

5. Нөмірленген және таңбаланған тізімдердің қанша түрі бар?

6. Құжатты бағанға бөлу үшін қандай іс-әрекетті орындаймыз?

7.Бағанның неше түрін білесіңдер?

8.Басып шығару деген не?

9.Құжатты қалай сақтаймыз?

Амандасады, кезекші оқушы кім-жоқ екенін айтады. Топқа бөлінеді.\асықпен\ Топ лидерін, спикерін және бағалаушыны сайлайды.

Асықтар, жұлдызшаларкубик




\1-2 минут\

«Миға шабуыл» Тақтада ребус көрсетіледі. Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Кесте. Кестелер құру. кесте –таблица-table

Оқушылар шешуін табады.

Слайд

флипчарт

Сабақтың орта шегі:











\20мин\

1.Мен жаңа сабақты интерактивті тақтада түсіндіремін.

Екі топқа «Бағандар» және «Жолдар» атауы беріледі.

Кесте дегеніміз не және оны қалай құру туралы айтылады. Кестежолдар мен бағандардың жиынтығы. Екеуі қиылысып бізге ұяшықты береді. Кесте құрудың 3 тәсілін түсіндіремін.

1.Вставка-таблица

2.Вставка-вставить табл.

3.Вставка-нарисовать таблицу.

Пернетақтамен tab пернесі арқылы жолдар қосуға болады. Ұяшықтармен жұмыс жасау түсіндіріледі.























































Шығармашылық тапсырма беріледі.










Оқушылар тыңдайды, керекті сөздермен жұмыс жасайды. Менің түсіндірген әрекеттерімді компьютерде орындап көреді.

Оқушылар тыңдайды.

1.тапсырма 5 жол 5 бағаннан тұратын кесте құрыңдар. Енді конструктордың көмегімен 1,1 2,2 3,3 4,4 5,5 ұяшықтарын түрлі түспен бояп шығыңдар.

2.тапсырма. 4 баған 6 жолдан тұратын кесте құрыңдар. Бірінші жолдағы ұяшықтарды біріктіріңдер. Енді тігінен бірінші бағандағы 2,3 ұяшықты біріктір және төртінші бағандағы 2,3 ұяшықты біріктіріңдер. Енді соңғы жолды кесіп алып тастаңдар. Не шықты? Тақтамен салыстыру.

СЕРГІТУ СӘТІ 1-2мин

Логикалық сұрақтар:

1. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?

2. Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.

3.Профессор кешкі сағат 8 –де ұйықтап , сағатының қонырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды? 4. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды?  5.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
3 тапсырма. «Домино» ойыны

Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Бір кеспеде заттың суреті және басқа заттың атауы берілген, кеспелерді рет-ретімен қою керек. Бұл ойынды кеспелерді көлденен не тігінен қойып ойнауға болады. Нәтижесінде оқушыларға сұрақ қойылады. Тапсырма неше баға және неше жолдан тұрады. 4.Топтық жұмыс. Компьютерді орындалады.5 жолдан және 5 бағаннан тұратын кесте құрыңдар. Енді әр ұяшыққа әр топ бір сөзден кез-келген мақал –мәтел жазамыз. Әр ұяшықтағы сөздерді әрлеп шығамыз.

Интерактивті тақта, слайд, кестелер

Сабақтың соңы:


Рефлексия

\13 мин\

Бағалау



«Білім ағашы»

Форматисті бағалау



Оқушылар жапсырады.

Компьютер



ағаш

Қосымша ақпараттар:

Саралау: \Сіз оқушыларды қолдауды қалай жоспарлар едіңіз?\, \Сіз алғыр балаларды қалай ынталандырар едіңіз?\

Бағалау:\Сіз оқушылар орындаған жұмыстарын қалай жоспарлар едіңіз?\

Пән аралық байланыс:

АКТ біліктілік:



Оқушыларды ұйымшылдыққа шақырамын.

Белсенді оқушыларға күрделі тапсырмалар бере отырып, қызықтыра аламын.

Оқушылар бұл тақырыпты барлық оқушылар өте жақсы меңгереді деген үміттемін. Тек кейбір оқушылар ғана барлық тапсырманы орындай алады.

Қазақ тілі, математикалық логика, геометрия.

Рефлексия\шағылу\

-Сабақтың мақсаты шынайы болды ма?

-Бүгін сабақта оқушылар нені үйренді?

-Білім алудағы сабақтың бағыты қалай болды?

-Алдын-ала жоспарланған саралау дұрыс болды ма?

-Білім алуда уақыт үнемделді ма?

-Алдын-ала жасалған жоспарды іске асыруда қандай өзгертулер жасалды және неге?



Қорытынды баға:

Сабақты өту барысында болған ең жақсы екі аспект?

1.

2.

Қандай екі жағдай сабақты одан әрі жақсартар еді?

1.

2.

Жалпы оқушы туралы және жеке тұлға туралы не білдің?

1.

2.