СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кестелер, кесте құру

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика пәні 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Кестелер, кесте құру»

Күні:

Сыныбы: 6 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару туралы түсінік беру, Құжаттарды басып шығаруды үйрету

Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, бір-бірінінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Берілген тапсырмаларды орындауға, құжаттарды баспадан шығара алуға дағдыландыру

Түрі: Дәстүрлі

Типі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық

Көрнекілігі: ДК, оқулық, қима қағаз

Стратегиялар: «Қайталау – оқу айнасы», «Куббизм», «Кері байланыс»

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіңдерме, оқушылар!

  • Отыра қойыңдар. Бүгін сабақта түгелмізбе? Кезекші сабақта кім жоқ айтып жібер, не себепті жоқ?

Оқушылар тұрып амандасады. Сыныпта түгел, түгел емес екендігін айтады.


Үй тапсырмасын тексеру

  • Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

  • «Қайталау – оқу айнасы»

  • Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

  • Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін қандай батырма пайдаланылады?

  • Бағандар арасындағы арақашықтық қалай аталады?

  • Тест тапсырмалары

Үйге берілген тапсырманы айтады.

  • Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайды

  • Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын

  • Арақашықтық

  1. В

  2. А

  3. Д

  4. В

  5. А

Жаңа сабақ

Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты баспадан шығару

Алдыңғы параграфта біз мәтінді әрлеу амалдарын қарастырдық. Бұл параграфта біз құжатты басып шығаруғақалай дайындауды үйренеміз.

Құжатты баптау үшін негізінен жолақтың Бетті белгілеу – Беттің өлшемдері тіркеме парағы жауапты.

Ернеулердің(Поля) батырмасы жоғарғы, төменгі, сол жақтағы немесе оң жақтағы ернеулердің мөлшерлерін таңдауға мүмкіндік береді.

Егер құжатты парақтың екі жақ бетіне басу және соңынан тігу керек болса, онда Айналық ернеулерді қосады және тігу үшін ернеулерлердің бірін кеңейтеді. Бұл жағдайда ернеулердің сол жақ және Оң жақ атаулары сәйкесінше Ішкі және сыртқы болып өзгереді.

Беттің терілу бағытымен (кітаптық немесе альбомдық) және қағаздың мөлшерімен сендер бұрыннан таныссыңдар.

Мәтіндік құжаттағы емле қателерін тексеру

Мәтіндік процессор құжаттың грамматикасы мен орфографиясын автоматты түрде тексеру мүмкіндігін тудырады(орыс, ағылшын т.б. тілдерде осындай мүмкіндік бар). Дұрыс енгізілмеген немесе белгісіз сөздердің асты қызыл толқынды сызықпен сызылады. Синтаксистік қателері бар фрагменттердің асты жасыл сызықпен сызылады.

Сөзді түзету үшін оған меңзерді апарып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен жанама мәзірді шақырса және қатені түзету үлгісін таңдаса жеткілікті.

Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін Ғ7 басу керек. Бұл жағдайда егер қате табылса, онда сұхбаттық терезе шығады да, соның ішінде мәтіндік процессор тапқан қателерді түзетуге немесе өткізіп жіберуге болады.

Құжатты басып шығару өлшемдерін баптау

Құжатты құрудың соңғы қадамы оның қағаздағы көшірмесін алу болып табылады. Ол үшін «Office» батырмасы – Басып шығару бұйрықтары блогы жауап береді. Құжатты басып шығару кезеңдерін қарайстырайық, оның алғышарттарының бірі Алдын ала қарау бұйрығы.

Алдын ала қараудың негізгі қызметі – басылып шығатын қағазда қандай түрде болатынын көрсету.

Алдын ала қарау терезесінен беттің параметрлерін баптауға болады.

Беттен бетке ауысу келесі бет және Алдыңғы бет батырмаларымен жүзеге асырылады.

Алдын ала қарау терезесінен құжатты тікелей принтерге басып шығаруға жіберуге болады. Ол үшін Басып шығару батырмасы қарастырылған.

Алдын ала қарау режимінен шығу және құжатпен жұмыс істеу режиміне қайта оралу Алдын ала қарау терезесін жабу батырмасы көмегімен орындалады.

Басып шығару

Дайын құжатты мұқият қарап шыққаннан кейін оны қағазға басып шығаруға болады. Тез басып шығару бұйрығы құжатты бірден принтерге жөнелтеді. Басып шығару параметрлерін баптау үшін Басып шығару бұйрығын қолданады.

Басып шығару сұхбаттық терезесінде көрсетілетіндер:

  1. құжатты басып шығарғыларың келетін принтердің аты. Үй жағдайында бұл бір принтер болуы мүмкін. Ал сендердің принтерлер бірнешеу болуы мүмкін: мысалы, суреттерді басып шығаруға арналған түрлі түсті бүріккіш принтер және құжаттарды шығаруға арналған қара-ақ лазерлік принтер;

  2. Беттердің басып шығарылатын нөмірлері. Сендерге келесі өрістердің бірін таңдау ұсынылады:

  • Барлығы – құжатты түгел басып шығару үшін;

  • Ағымдағы – принтерге тек ағымдағы, яғни меңзер орналасқан бет қана жіберіледі;

  • Нөмірлер – басып шығарылатыцн беттердің нөмірлері көрсетіледі. Егер беттерді таңдап басатын болсаңдар, онда беттердің нөмірлерін үтір немесе дғефис арқылы көрсетесіңдер. Мысалы, 5-10 (бесіншіден оныншыға дейін) беттер немесе 5,10 (бесінші және оныншы ғана) беттер. Араластырып көрсетуге де болады, мысалы, 2-4,6(екінші, төртінші және алтыншы беттер);

  1. Парақтың екі жақ бетіне шығару үшін Басуға шығару ажыратқышынқолданған ыңғайлы. Алдымен Тақ санды беттерді таңдап, құжатты басып шығарамыз. Одан кейін парақтарды аударып, қайтадан Басып шығару бұйрығын және Басуға шығару – Жұп санды беттер ажыратқышын таңдайды. Ол үшін ЕКіжақты басып шығару қосқанаты белгісін пайдалануға да болады;

  2. Құжаттың бірнеше данасын басып шығару үшін Көшірселер саны өрісінде қажетті санды тағайындайды. Алдымен құжаттың бірнеше данасының барлық беттерін, одан кейін екінші данасының барлық беттерін, одан кейін екінші данасының барлық беттерін және т.с.с. басып шығару керек болса, онда Көшірмелер бойынша айырып алу құсқанаты белгісін қосады. Егер белгі өшіріліп тұрса, онда алдымен барлық даналардың бірінші беті, одан кейін барлық даналардың екінші беті және т.с.с. басылып шығады;

  3. Қасиеттер батырмасы таңдалған принтердің қасиеттер терезесі шығарылады;

  4. Барлық параметрлерді баптап болғаннан кейін ОК басады. Тек енді ғана принтер құжатты басып шығаруға кіріседі.

  • Қысқаша жазып алады:

  • Құжатты баптау үшін негізінен жолақтың Бетті белгілеу – Беттің өлшемдері тіркеме парағы жауапты

  • Ернеулердің(Поля) батырмасы жоғарғы, төменгі, сол жақтағы немесе оң жақтағы ернеулердің мөлшерлерін таңдауға мүмкіндік береді.


Бекіту

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Бірнеше бағанға бөлу амалын қолданып, мәтінді теріңдер

  2. Теру кезінде мәтіннің фроагментін көшіру бұйрықтарын пайдаланыңдар

  3. Мәтіндегі азат жол шегінісін 1 см етіңдер

  1. Құжаттың жіңішке жиекжолақтарын баптаңдар

  2. Беттің терілу бағытын альбомдық етіп өзгертіңдер

  3. Құжаттың қатесін тексеруді орындаңдар

  4. Құжатты сақтаңдар

В деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер

  2. Қаріпті үлгіде көрсетілгендей етіп әрлеңдер

  3. Бірінші абзацта азат жолды 3 см, мәтіннің түсін қызыл етіп орнатыңдар

  4. Мәтінге «Программалық жабдықтама» тақырып атауын қосыңдар

  5. Тақырып атауын жуан қаріппен ерекшелеп, қаріптің мөлшерін 13 пункт етіп орнатыңдар

Жоғарғы техникалық сипаттамаларға ие жаңа IBM PC пайда болды. Дүниежүзілік ғаламтор желісі дамып және кеінен қолданылып келеді.

Осы компьютерлерге лайық программалық жабдықтамалар мен Mirocoft Windows фирмасының заманауи компьютерлік технологиялары Office (Word, Excel, Acces,Power Point), Internet Expolerer заманауи мәтіндік және графикалық процессорлар (PhotoShop, CorelDraw), Turbo Pascal және Borland C+ +, QBasic, Visual Basіс программалау жүйелері, дерек қорларын басқаружүйелері, заманауи вирусқа қарсы, қолданбалы және оқыту программалары пайда болды.

Ақпараттық технологиялар – нысанның, үрдістің немесе құбылыстың қалып-күйі туралы жаңа сападағы ақпаратты алу үшінқұрал-жабдықтар мен бастапқы ақпаратты өңдеу және тасымалдау тәсілдерінің жиынын пайдаланатын үдеріс. Ақпараттық технологияның құрал-саймандары – қолданылуы тұтынушы қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін программалық өнімдердің жиыны.

  1. Айналық жиекжолақтарды баптаңдар

  2. Құжаттағы қатені тексеруді орындаңдар

  3. Мәтінді бөлгіші бар 3 бағанға орналастырыңдар

  4. Құжатты дискіде сақтаңдар

С деңгейі

Оқулықтың осы параграфының материалдары бойынша құжат құрыңдар. Суреттерді мәзірлік терезелердің скриншоттары (экрандағы бейнелерінің алмасу буферіне көшірілген нұсқасы) көмегімен орындаңдар. Экрандағы бейнелерді алмасу буферіне көшіру (скриншотты алу) үшін Print Screen пернесін пайдаланыңдар.





























Қорытынды:

«Куббизм»

Сұрақтар:

  • Құжатты баптау үшін қандай бұйрық орындалады

  • Алдын-ала қараудың негізгі мақсаты

  • Алдын ала қарау режимінен шығу және құжатпен жұмыс істеу режиміне қайта оралу үшін қандай батырманы қолданамыз

«Кері байланыс»

Тақтаға белгілі бір сурет іліп қою. Оқушыларға 2 стикер тарату. 2 ұсыныс 1 пікір жазу керектігін айтамыз.



  • Бетті белгілеу – Беттің өлшемдері

  • Басылып шығатын беттердің қағазда қандай түрде болатынын көрсету

  • Алдын-ала қарау терезесін жабу батырмасын қолданамыз

Үйге тапсырма

128 бет $21 Беттердің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару тақырыбын оқу мазымұндау.

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

Бағалау:

Сабақ аяқталды. Сонымен бүгін сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға ..... 5-деген баға, ...... 4-деген баға

Осыменен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!


Сау болыңыз!