| Сабақ тақырыбы | Кестелер. Кестелерді құру |
| Күні | 16.01.2017 |
| Сынып | Қатысқандар саны | қатыспағандар саны |
| Сабақққа негізделген оқу мақсаты | Кесте құруды, онымен жұмыс істеуді үйрету |
| Оқу нәтижелері | Барлық оқушылар |
| Оқушылардың басым бөлігі |
| Кейбір оқушылар Мәтінді әртүрлі тустермен жазады Өз беттерінше суреттер кірістіріп, шығармашылық тапсырмалар орындайды |
| Алдыңғы оқу | Word мәтіндік редакторында жұмыс жасау |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт 14.20-14.25 | Жоспарланған жаттығулар Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен сәлемдесу; - Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - Ынтымақтастық ахуал туғызу; Шеңбер әдісімен тұрып оқушылар бір-бірімен әртүрлі амандасады. Қағаз қиындылары арқылы топқа біріктіру 1- топ «Жолдар» тобы 2-топ «Бағандар» тобы 3-топ «Ұяшық» тобы Топқа біріктіріліп, топ басшысы сайланып бағалау критерийлері беріледі. | Дерек көздері |
| Басталуы 14.25-14.30 14.30-14.40 | Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлы кесек» әдісі арқылы сұраұтар қойып үй тапсырмасын қысқаша сұрау. Беттердің өлшемдерін қалай өзгертеміз? Ернеулер дегеніміз не? Құжатты басып шығару әрекеті қалай орындалады? Құжатты басып шығаратын құрылғы қалай аталады? Баспаға берудің оңай тәсілі қандай? Жаңа сабақ. Суреттер арқылы қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» Тақтадан кестелердің суреті шығады. Оқушылардан тақтадан не көріп тұрғанын сұрап тақырыпты ашып алып, сабаққа мақсат қою. Интерактивті тақта арқылы кестенің қалай құрылатынын көрсетіп, баған мен жолдар туралы түсінік беру. Тақырыпты дәптерге жазып керекті жерін түртіп алады. | |
| Ортасы 14.40-14.50 14.50-14.55 | тапсырма жұптық жұмыс «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі Оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұпқа төмендегі тапсырмалар беріледі. 5 баған, 6 жолдан тұратын кесте құрастырып, толтыр 3 баған, 4 жолдан тұратын кесте құрастырып, толтыр тапсырма топпен жұмыс Әр топқа дайын кестелер беріледі. Сол кесте туралы айтады. | |
| Аяқталуы 14.55-13.00 13.00-13.05 | Сабақты қорыту. Кері байланыс Мен бүгінгі сабақтан не білдім? Сабақта не қиын болды? Сабақ қызықты болдыма және қай жері Оқушыларға кестені толтырту. «Ашық микрафон» әдісі арқылы оқушылардан сұрау Білімдерін бағалау. Өзін-өзі бағалау критерий арқылы Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады. Үй тапсырмасын орындауы -1 балл Кесте құруы-1 балл Ұяшықтармен жұмыс жасай білуі-1 балл Топта бесенділік танытуы-1балл Кесте толтыруы-1 балл алдағы сабақтардағы бағалары ескеріп, біріктіріліп жиынтық бағалау, яғни тарау бойынша қорытынды баға қойылады. Оқушылар «Көңіл-күй аралдарына» стикерлер іледі. Үйге тапсырма | |
| Қосымша ақпарат |
| Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы |
| | | |
| Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Мақсаты айқын. Оқушылар суретті баспаға беруді, баспа түрлерін білді. Сыныптағы ахуал қалыпты. Алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне және қабілетіне қарай таңдалып алынды. Жұмыс қорытындысын баспаға шығару тапсырмасын орындауға принтердің болмауы кедергі болды. Алдын-ала жоспарланған жұптық жұмыстардың нәтижесін оқушыларға шығарып көрсету. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін. | |
| Қорытынды бағамдау |
|  
|