Просмотр содержимого документа
«Киелі Торғай тарихы»
Оқушы күнделігінен
Киелі Торғай –Ұлы Дала елі аясындағы тарихи қала
Қаққан алғаш дабылды,
Қыр елінің ұланы.
Торғай деген кәдімгі,
Қазақтың Ленинграды.
Жерлесіміз Сырбай ақын жырлағандай кіп-ішкентай ғана Торғай жерін ұлы Ленинградқа теңесе, ал мен өз туған жерім тарихи Торғайды Ұлы Дала елінің батыр қаласы, ата-бабадан мирас болып қалған мұраларға толы сырлы өлке деп білемін.
Торғай тарихы тым көне, атауы қалың Қазақ елі тыныс-тіршілігімен әр кезең үндесіп жатқын ел. Ел тарихына қатынасты көптеген оқиғалар осы өңірде өткен, болмаса шарпуы тиеді. Торғай жері негізіген көптеген архелогиялық зерттеулерді қажет ететін өңір болып табылады, себебі сыры ашылмаған қанша тарихи орындар, ескерткіштер, қорғандар мен қорымдар бар. Торғай даласы өте киелі жер, себебі мал қамы мен шаруа жайына қолайлы.
Бұл сайын далада Қазақстанның басқа облыстарында мүлдем кездеспейтін археологиялық орындар бар, әр түрлі көлемде қорғандар, космостық кеңістіктен түсірілген суреттен анық көрінген «Үш сәуле» атылып кеткен сәуле бейнелері, айта берсек бұл аймақты әлі де болса зерттеуді қажет ететін тарихи жерлер өте көп. Ата-бабадан қалған мұраларымыз бұл өңірде жетерлік.
Кейкі батыр, Жәуке батыр, Ахмет Байтұрсынұлы ескерткіштері, Екідін ауылындағы тарихи-мәдени ескерткіштер, Кейкі батырдың басына күн туған сәттерде сағалаған үңғірі, Сарыторғай ауылы Қараторғай өзені маңайында ХХ ғасырдың басында салынған Мақат тамы /немесе сақана тамы/, Терісбұтақ бойында Жәуке батыр тұсында салынған мешіт біз білмейтін қызықтарға толы. Себебі мешітке шамамен 200-300 адам сыйады және төбесі ашық іші кең, мұнарасы мен кірпіші сол қалпында сақталған.
Ата-бабадан қалған мұра дегенде бірінші келетін ойыма мұражайлдарда сирек кездесетін құнды жәдігерлер, қару-жарақтар, қазақтың зиялы қауым өкілдері тұтынған заттары көз алдыма келеді. Өйткені Торғай жерінен небір батырлар, зиялы қауым өкілдері шыққан киелі жер. Шақшақ Жәнібек батыр, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби мұражай, Әліби Жангелдиннің даңқ-мұражайы, Амангелді Имановтың штаб пәтері, Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектептің іргетасы, Нұрхан Ахметбеовтың мұражайы, Ардагерлер үйі, «Алыптар» монументі, зәулім мешіт, Торғай қақпасы, Жаркөлде Шәміл Мұханбетжановтың, Көкалатта Айса Нұрмановтың, Ақшығанақта Кеңшілік Мырзабековтердің мұражайлары бар. Мұражай ішінде мектептегі «Қазақстан тарихы» пәнінде сирек кездесетін 1916 жылғы көтеріліс жайлы құнды құжаттар, суреттер, қару-жарақтар кездеседі. Мұны айтқандағы ойым ата-бабадан қалған асыл мұраларымыз осындай еліміздің ешқандай ауданында кездеспейтін, шағын Торғай жерінің өзінде осыншама мұражайларымыз бар елде өмір сүре тұра, өз жеріміздің мұраларын дәріптеу біз секілді жастарымыздың мойында. Мен қатысып жүрген Арқалық қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы «Ауылым-алтын бесігім» жобасына қатысу арқылы туған жерімнің терең тарихымен, мәдени-тарихи мұраларымен танысып келемін.
Біз Ұлы Дала ел болуымыз үшін жігерлі жастар өз елінің тарихына, болашағына немқұрайлы қарамасақ десеңіз, бізді бүкіл әлем «Мәңгілік Ел» атасын десек, ата-бабадан қалған мұраларымызды біле жүріп, өзгелерге таныта білейік.
Елбасы елдің ертеңі, болашағы жастардың қолында, өткен тарихты білмей, болашаққа бағдар жасау қиын екенін ескертеді. Ендеше, туған жерінің біз білмейтін сырлы да құпиялы тарихы мен бабадан қалған мұраларымызды біле жүрейік. Өйткені бүгінгі көрген көз-ертеңгі тарих.
Шөптібаева Аяулым
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
«Жас қалам» жас тілшілер клубының мүшесі
Арқалық қаласы