СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Киім кию мәдениеті

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

для учителей казахского языка, работающим по обновленному содержанию образования

Просмотр содержимого документа
«Киім кию мәдениеті»

Жоспар бөлімі:Ұқсатым.Сән.Талғам

Күні: 13.12.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Айткалиева А.А.

Мектеп: Өскемен қаласы «№8 орта мектебі» КММ

Сынып:7 Т2

Қатысқандар саны: 14

Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы:

Киім кию мәдениеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау


Сабақ мақсаттары:

7.1.2.1.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау


Бағалау критерийлері:

Жалпы мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша ақпараттың өзектілігін анықтайды


Құндылықтарды дарыту

Жылы қарым-қатынас орнату

Пәнаралық байланыстар:

Дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

аудиоматериалдар, презентация

Бастапқы білім


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Балаларға қазір біз топқа бөлінейік.

Суретті қиындылар

Сабақтың ортасы























































































































Тыңдалым алдындағы тапсырма

Балалар сендер

  • Балалар, сендер киімді өздерің таңдайсыңдар ма, әлде ата-аналарыңмен бірге таңдайсыңдар ма?

  • Киім кию мәдениеті деген тіркесті қалай түсінесің?
    Киім кию мәдениеті дегеніміз заманға сай, талғаммен, ыңғайлы киіну
    Не себепті ….деп ойлайсыз? киім адам денесіне сай, ыңғайлы болу керек
    Ендеше балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелері белгіленеді.

Дұрыс. Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Киім кию мәдениеті,

Мақсаты: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тыңдалым, бүгін біз бір-бірімізді тыңдаймыз.

7.1.2.1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

Бағалау критерийлері: Жалпы мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша ақпараттың өзектілігін анықтайды


Жаңа сөздермен таныстыру

Оқушыларға тыңдалым барысында қажетті сөздерді үйрету.

сыртқы бейне,ішкі жан дүниесі, киім киісі,

киім үлгісі, мәртебе,қорғайды, үйлесімді,


Ал енді балалар « қай сөз жоқ?» ойыны.

Тақтаға бір оқушыны шығарып сөздерді айтқызу.

Енді балалар мәтінді тыңдаймыз. Мәтінді екі рет тыңдаймыз. Бірінші рет мәтінді түсіну үшін (аудиожазбаны тыңдату), ал енді кім не түсінді? Бір-екі ақпараттан айтып жіберіңдер. (2-3 бала айтты)

Жарайды, балалар мен сендердің түсінгендеріңді көріп тұрмын, екінші рет тыңдаймыз, оның мақсаты мәтіннен детальды ақпараттарды анықтау үшін. Ол үшін сендер алдарыңда жатқан сұрақтармен танысыңдар. 2 минут беру.

Тыңдалым тапсырмасы

Нақты сұрақтарға бағытталған тыңдалым тапсырмалары беріледі. Оқушылар сұрақтармен танысып болғаннан кейін, жауап береді

Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар:

  1. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен не береді? (хабар)

  2. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де кімге өнеге көрсетуі керек? (халыққа)

  3. Тойға киетін киімді қайда киіп бармайды? (жұмысқа)

  4. Адамның сыртқы бейнесіне байланысты не туады? (пікір)

  5. Не кейде адамның мәртебесін көтереді? (киім)

  6. Киім адамды неден қорғайды? (жауын-шашыннан)

  7. Тігіншілер, дизайнерлер жылда мыңдаған не ойлап шығарады? (киім үлгісін)

  8. Не әр адамның мінезі мен қызығушылығына байланысты болады? (стиль)

Ал енді екінші рет тыңдаймыз және осы сұрақтардың жанына бір сөзбен жауап беріп отырасыңдар. Тыңдап болған соң, енді бір-біріңмен жұмыстарыңды ауыстырыңдар, тақтадағы дұрыс жауаптарға қарап тексереміз. Дұрыс болса +, қате болса – қоямыз.

Кім 3 сұрақтан төмен жауап берді? Қалай ойлайсың сен неге аз сұраққа жауап бердің?


Бағалау критерийлері

2-тоқсан 7-сынып қазақ тілі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма

Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау


Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау


Нақты сұрақтарға бағытталған тыңдалым тапсырмалары беріледі. Оқушылар сұрақтармен танысып болғаннан кейін, жауап береді


Дағды: Тыңдалым

Бағалау критерийлері

Жалпы мазмұнын түсінеді.


Жұптық жұмыс


Оқушылар жұптарға бөлінеді

Әр оқушы өз жұбымен берілген сұрақтарға ауызша жауап береді. Одан кейін досының киім кию мәдениетіне көзқарасы туралы айтып береді.

1. Сен сәнді киінгенді ұнатасың ба?

2. Киім адамды неден қорғайды?

3. Саған қандай стиль ұнайды?

4. Киімді қайдан сатып аласың?

5. Сен киімді өзің таңдайсың ба?

6. Тойға киген киімді сен сабаққа киесің бе?

Бағалау «Бас бармақ». «Бас бармақпен бағалау ».


Топтық жұмыс

Берілген тақырыпты «ПОПС» формуласы бойынша ашып   дәлелдейді.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Киіміне қарап адамның жасын, қайда жұмыс істейтінін білуге бола ма? Неге?

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді деп ойлайсың ба? Неге?

Киім адамның болмысын, ерекшелігін көрсетеді деп ойлайсың ба? Неге?

«ПОПС» формуласы.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....


Бағалау критерийлері


2-тоқсан 7-сынып қазақ тілі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма


Тақырып бойынша ақпараттың өзектілігін анықтау

Берілген тақырыпты «ПОПС» формуласы бойынша ашып  дәлелдейді.


Дағды: Тыңдалым

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша ақпараттың өзектілігін анықтайды, ойын дұрыс жеткізеді, түсіндіреді,

дәлелдейді. Жаңа сөздерді қолдана алады, бір-екі сөйлем айта алады.






Тыңдалым


Парақша



















слайд

























































слайд



Соңы


5 мин

  • Кері байланыс

Балалар тағы бір еске түсірейікші, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай еді? Бірінші слайдқа қайта оралу. Осы көрсетілген мақсатқа кім жеттім деп ойлайды? Солар мына бұрышқа, кім жартылай жеттім деп ойлайды олар мына бұрышқа келіп тұрсын, ал түсінбедім, мақсатқа жете алмадым дегендер орындарыңда қалыңдар.

слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

«Көпіршелер», ЖАДА қолдану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін –өзі, бірін – бірі, топтардың өзара бағалауы бойынша және кері байланыс арқылы

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтағы ішкі тәртіпті басшылықта ұстау, көз көруі нашар оқушыларға жағдай жасау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?
сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Сабақ мақсаттары оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Аталған сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізе алды. Дегенмен грамматикалық қателіктердің жіберілуі, сөйлеу барысындағы жалғау түрлерін пайдаланудағы қиналысы әлі де болса лексика арқылы грамматиканы дамыту қажеттігін көрсетеді.

Сабақтың уақыттық кезеңдері негізінен сақталды. Айырмашылық сұрақ құрастыру барысында 1-2 минутқа байқалды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ. Сөздердің баламаларын табуда сөздік қордың жеткіліксіздігі байқалды. Сөздің баламалы мағыналарын сабақта жиі беру керектігі байқалды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сөздік жұмыс және аталған жұмысты өзара тексеру

2: Бейнесюжет бойынша топтардың бір – біріне сұрақ қоюы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жекелеген оқушылардың сөздік қорының жеткіліксіздігі, сөйлеу мен жазудағы жіберілген грамматикалық қателіктердің болуы.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!