СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мендыгарина Калампыр Сайлановна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды жан жақты ақпараттандыруға, пәндерге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойын

Просмотр содержимого документа
«Мендыгарина Калампыр Сайлановна»

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

19 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Мендыгарина Қалампыр Сайланқызы


Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр?»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жан-жақты ақпараттандыруға, пәндерге қызығушылығын оятуға бағытталған ойын.


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.


Сабақтың барысы:

-Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Кім тапқыр?» деп аталады. Ойынға екі топ болып қатысымыз. Бес кезеңнен тұратын интеллектуалдық ойынға ойшыл да тапқыр, зерделі де зейінді оқушылар қатысады. Әр кезең бойынша белгіленген ұпай саны беріліп тұрады.

-Сонымен ойынның І бөліміне кезек берейік.

Сайыскер топтар өз топтарын таныстырып, топ басшысын сайлайды. (Топтар таныстырып кетеді).

ІІ. «Кім білгір?» Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа ойланбай тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауап бір ұпай.

1-топ сұрақтары:

1. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (Жұрнақ).

2. Түйенің пірі? (Ойсылқара).

3. Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров).

4. Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан).

5. «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы? (Абай).

6. 25+15 (40).

7. Бұрыштың түрлері (Сүйір, тік, доғал).

8. Су табиғатта неше күйде кездеседі? (3).

9. Батыр сөзіне мәндес сөз (ер, батыл).

10. Қазақстандағы мемлекеттік тіл? (Қазақ).


2-топ сұрақтары:

1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (Жалғау).

2. Жылқы пірі? (Қамбар ата).

3. Тұңғыш ғарышкер? (Ю. Гагарин).

4. Конституция күні? (30 тамыз).

5. «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин).

6. 35+15 (50).

7. Барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш (Шаршы).

8. Аспан әлемінде қанша ғаламшар бар? (8).

9. Әдемі сөзіне мәндес сөз? (көркем, сұлу, келбетті).

10. Қазақстан рәміздері? (Ту, елтаңба, әнұран).

ІІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Екі топ А. Т. Қ. С. Ш. О әріптерін таңдап алады. Қойылған сұрақтарға қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап береді.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе бірің еріңдер.

Өз ойыңды жеткізіп,

Сұраққа жауап беріңдер! «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңі басталады.


І топқа.

1. Білім күні қай күн?

2. Жеміс қайда өседі?

3. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

4. Спорттың қай түрін ұнатасың?

5. Қай пәнді ұнатасың?

6. Қазір жылдың қай мезгілі?


ІІ топқа.

1. Көңіл-күйіңіз қалай?

2. Болашақта кім болғыңыз келеді?

3. Көкөніс қайда өседі?

4. Шашыңды немен тарайсың?

5. Сабаққа нешеде келесің?

6. Білім көзі неде?

-Бәрекелді, жарайсыңдар!

ІY. «Кім тапқыр?»

«Қазақстан» белгіленген уақыт ішінде осы сөзден сөздер құрастыру.

Y. Топ басшылар сайысы.

-Бұл сайыста топ басшылары ортаға шығады да, топ мүшелері алдарында тұрған суретте белгіленген не екенін топ басшысына қимылмен көрсетеді. (1-топқа: пойыз, қарбыз, жылан. 2-топқа: әтеш, гүл, доп).

-Сонымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай санын анықтап, жеңген топты атайды.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!