СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қимылды ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балаларға арналған Қимылды ойындар

Просмотр содержимого документа
«Қимылды ойындар»




Итеріспек

  • Кімде-кім өзінің күш-шамасын байқағысы келіп, соны анықтаудың жолын іздесе, ол үшін “Итеріспек” ойынын ойнағаны жөн.

Ол үшін дөңгелек шеңбер сызып алу керек. Оның аумағын өздерің белгілейсіңдер. Бұл арада бір ескеретін жәйт: шеңбердің аумағы неғұрлым үлкен болса, ойын соғұрлым қызықты. Сайысқа түсушілер бір аяқпен секіріп жүріп өз әріптесін шеңбердің сыртына итеріп шығарып жіберсе, сол жеңген болып есептеледі.

Белбеу тастау

Бір-бірлеріңе иықтарыңды тиістіріп, үлкен шеңбер жасап отыра қалыңдар. Жеребе салып немесе санамақ арқылы ойын жүргізушіні сайлап алыңдар. Жүргізуші белбеу ұстаған қолын төмен түсіріп, шеңберді бойлап сендердің ту сырттарыңнан тез жүріп отырып, белбеуді біреудің арқасына немесе жанына білдірмей қалдырып кетуге тырысады. Соның сәті түссе, ол шеңберді тез айналып шығып, белбеуді көтеріп алып: “Бұл жер саған тар, өз орныңды тап” деген сөздерді айтып, бейқам ойыншының арқасына ақырын ғана ұра бастайды. Ұрған кімге ұнай қойсын? Ойыншы орнынан тұрып, шеңберді бойлай жүргізушіден қашып, қайтадан өз орнына келіп отыруға тырысады.

Соқыртеке

Балалар белгіленген жерге орналасады.Олардың біреуінің көзін байлайды, бұл –соқыртеке,тәрбиешінің сигналы бойынша балалар ептеп алақандарын шапалақтап жүгіреді.Соқыртеке ұстайды.Соқыртеке біреуін ұстап алса,ойын тоқтатыла тұрады да, жаңа соқыртеке сайланады.Егер соқыртеке көпке дейін ешкімді ұстай алмаса,ол бала ауыстырылады.



Оқтау тартыс

Бұл ойынды ойнау үшін 2 бала ортаға шығады.Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың 2 жағына тұрыңдар.Енді оқтаудың 2 ұшынан ұстап тартыңдар.Қайсысың сызықтан өтсең,жеңілесің.Ал күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.







Тымақ ұру

“Тымақ ұру” ойыны үшін газеттен жасалған “тымақ” та жарай береді. Оған қоса биіктігі бір метрдей қада, белбеу мен орамал қажет. Қаданы мәреден 20 қадамдай жерге қағып, соның басына тымақ кигізіледі. Ойыншының көзі орамалмен байланып, қолына белбеу ұстатылып, мәреден жіберіледі. Ол көзі ашық кезде көрген зердесіне сүйене отырып қазықты тауып, белбеумен соның басына кигізілген бас киімді ұрып түсіруі керек.










Көтермек




Ортаға 2 бала шығыңдар.Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып,қолдарыңды шынтақтастырыңдар.Тәрбиешінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп алсаңдар, ұтқан болып есептелесіңдер.

Жеңіске жеткендерің ортада қалып,келесі баламен сайысқа түсесіңдер.Соңғы жеңімпаз анықталады.







Тапқыш

Бұл ойынды ойнау үшін сендерге доп, секундты көрсететін құрал немесе сағат керек. Сендер екі командаға бөлініп, араларыңнан ойын жүргізушіні сайлап алу керек. Ендеше, екі сызықты бойлап бір-бірлеріңе қарама-қарсы отыра қалыңдар. Екі команданың арақашықтығы 2 метрдей болуы керек.

Жүргізуші командалардың бірінің шеткі ойыншысына кез келген сөздің басын, мәселен, “Қар” деген сөзді айтып допты лақтырады.

Оны қағып алған ойыншы “...быз” деген жалғасын айтып, допты әрі қарай қарсыласына лақтырады. Жүргізуші жауап беру барысындағы кібіртіктің бәрін байқап, сол үшін айып ұпайын белгілеп отырады. Ол сондай-ақ ойын тәртібінің сақталуын – доптың дәл лақтырылуын, демеп жіберушінің болмауын, белгіленген уақыттың өтіп кетпеуін қадағалайды. Ойын өздеріннің алдын ала жасаған келісімдері бойынша 3-5 мин. созылуы тиіс. Айып ұпайларын ең аз жинаған команда женген болып танылады.



Өзіңнің сыңарыңды қуып жет

Балалар екі-екіден бірінен кейін бірі 3-4 адым қашықтықта тұрады.Тәрбиешінің сигналы бойынша алдыңғы тұрғандар алаңшаның екінші жағына жүгіріп өтеді,артта тұрғандар оларды ұстап алады.Ойын қайталанғанда рольдер ауысып отырады.



Секірмек-торғайлар

Диаметрі 4-6 м шеңбер сызылады,жүргізуші – үлкен құс сайланады.Ол шеңбердің ортасына тұрады.Басқа ойнаушы торғайлар шеңбердің сыртында тұрады.Торғайлар 2 аяқтап шеңбердің ішіне дән шоқып алу үшін,біресе секіріп кіреді,біресе секіріп шығады.Үлкен құс шеңбер бойымен ұшып, торғайларды шоқып, дән жинатпайды.Торғайлар ұстаушыдан жалтарып қашып,шеңбердің ішінде ұзағырақ болуға тырысады.Үлкен құс шоқып алған торғай тоқтап,қолын жоғары көтереді, одан кейін ойын жалғаса береді.Тәрбиеші үлкен құстың қолына түспеген балаларды ерекше атайды.Ойын 30-60 сек. Үзіліспен бірнеше рет қайталанады.Ойын қайталанған сайын жаңа жүргізуші сайланад

Допты ұстап ал

Ойынға 3 ойнаушы қатысады.Екеуі 3 метрдей қашықтықта тұрып, бір-біріне допты лақтырады.3-ші бала екеуінің ортасына тұрып,төбесінен ұшып бара жатқан допты ұстап алмақшы болады.Егер ол допты ұстап алса,допты лақтырған баланың орнына барып тұрады,ал бала ойын жүргізушінің орнына тұрады.



















«Аққаланы қорғау»

Шеңбердің ортасына аққаланы (диаметрі 15 см) қояды. Ойынға қатысушылар шеңбердің сыртына тұрады. Ойыншылардың арасынан күзетшілер бөлінеді де, шеңберге тұрады. Ойыншылар бір-біріне допты табыс ете отырып, аққалаға тигізуге тырысады. Күзетшілер допты қағып жіберуге тырысады. Аққалаға дәл тигізген ойыншыға бір ұпай қосылады. Әрбір командаға белгілі бір уақыт беріледі.

«Шырмауық»

Ойынға 4-5 адамнан бірнеше команда қатысады. Балалар командаға бір-бірден тізбектеледі. Белгі бойынша бірінші ойынша 360 градусқа айналады да, кейін екіншісі біріншісінің белінен ұстап, онымен бірге 360 градусқа бұрылады, одан әрі бірге үш ойыншы айналады. Айналымдарды жылдам жасаған команда жеңіске жетеді (айналған кезде бірін-бірі жіберуге болмайды).




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!