Секенова А.М
ҚазИГЗУ 413 топ студенті
Жетекші Лекерова А.А
Кіші сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін
қалыптастыруда үйірмелердің маңызы
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында мектеп жасындағы балалардың экологиялық білім алуының мемлекеттік жүйесін жасау жолында, олардың: «Жер планетасының үстіндегі өмірдің, көп түрлі себеп – салдары байланыстары мен құрылуының тұтастығы, табиғат пен қоғам жөніндегі ғылыми көзқарастары туралы, ... биосферадағы тіршілік негіздерін қиратудың қауіптілігі туралы білімдерді қалыптастыру» және Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде атап өтілгендей «Табиғатты қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауды, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі», - болып саналады.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, Б.И. Иоганзен, И.Т. Суравегина, Е.Н. Кудряв-цева және т.б. ғылымдардың еңбектерінің теориялық - әдіснамалық мәні зор. Экологиялық білім мен тәрбие берудың теориясы мен практикасы мәселелері А.Я. Ясвин, С.Н. Глазычев, С.Д. Дерябо, С.В. Алекторов сияқты зерттеушілердің ізденістерінде шешімін тапқан. Л.П. Семеновтың бастауш мектептегілерге экологиялық білім беру, Л.П. Салееваның төменгі сынып оқушыларының табиғатқа қатысын түсіндіру, М.В. Лучичтің мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты тануы, оларға жануарлар мен өсімдіктер туралы білім беру, А. Тушинаның бала бақшада табиғатты қорғауды үйрету, С.И. Николаеваның жанды жаратылысты қорғау, сақтау жөніндегі зерттеулерін табуға болады. Экологиялық мәдениет баланың ішкі сезімінің дамуына қарай, таңқалу, қызығу, қайғыру, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде қабылдау, қоршаған ортаның сұлулығын байқай білуімен тығыз байланыста қалыптасады.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері, драмма үйірмелері, экологиядық үйірмелер жұмыс істейді. Үйірмені ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.
Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.
Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.
Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделендіреді, бірақ үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дараландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алмады.
Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.
Үйірме жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжіибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Үйірмелер-баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын , шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы.
Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі.
Үйірме жұмысының қызықты және нәтижелі ұйымдастырылуы балалардың белсенді қатысуымен қатар ұйымдастырушы - педагогтың кәсіби біліктілігі мен жеке тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады.
Үйірменің жоспары әртүрлі қызықты отырыстардан құралады. Олардың әрқайсының негізгі мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, тәжірибелік дағды мен іскерліктерді қалыптастыру бала тұлғасын жан-жақты дамыту.
Үйірме уақыты – 20-40 минутқа созылады, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.
Үйірме отырыстары уақытының ұзақтылығы және іс-әрекет көлемі балалардың көңіл-күйі, қалауы, өзара қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.
Көбінесе сабақтар әңгіме, баяндама, тәжірибелер, зертханалық, тәжірибелік жұмыстар, әр түрлі модель үлгілерін жасау түрінде жүргізіледі.Сонымен қатар үйірме отырыстары әр - түрлі қызықты ойындар,сайыс,диалог алаңы т.б. түрде де өтеді..
Үйірме жұмысы нәтижелі болуы үшін:
1) үйірме белгілі жоспар бойынша
2) оның әрбір сабағы мұқият ойластырылып дайындалған
3) үйірмеге қабылданған балалардың жалпы даму деңгейі, қызығушылықтары мен бейімділіктері ескерілуі қажет.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін үйірме жұмыстарының міндеттері:
- оқу – тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау.
- Оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым – қатынасын қалыптастыру;
- Белгілі бір еңбекке баулу, оны дамытуға ықпал ету;
Үйірме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талабы:
- Үйірме жұмыстарына қатысатын оқушының қабілетін ескеру;
- Білім беру оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;
- Оқушылардың ой еркіндігі;
- Нарықтық – экономикалық қажеттілікті негізге алу:
Үйірме жұмыстарында оқушылардың мынадай қабілеттері дамиды:
Жұмысты жоспарлауға, дәрістік жасап, қорытындысын жазып, сөздікпен, энциклопедия, каталог, кестелермен жұмыс жасауға жаттығады;
Техникалық, ән – күйлік, спорттық құралдармен жұмыс жасауға, олардың тетіктерінің атаулары мен жұмысқа қосу ережелерімен танысады, өзі пайдалана алады.
Берілген тапсырмаларды кітаптан, журналдан, қосымша әдебиеттерден тауып оқып, оның мазмұны мен орындалу тәртібін түсінеді және өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады.
Мұғалімнің түсіндірген нұсқауын тыңдап, басшылыққа алып, зейін тоқтатып, оның дұрыс орындалуына өздігінен шешім қабылдайды.
Бір мезгілде мұғалімді тыңдап, әрі жазып жан – жақты жұмыс жасауға қосымша әдебиеттер мен нұсқауларды, кестелерді пайдалана білуге мүмкіндік алады;
өзі жасаған жұмыс нәтижесін айтып, қорытынды жасап үйренеді, тіл байлығы мен ойлау қабілеттері дамиды.
Бастауыш сыныптардың оқушылары жүйелі түрде үйірмелерге қатысып, білім мен танымдық қасиеттерін толықтырумен қатар, төмендегідей қосымша дағдыларды меңгереді:
өз жұмыс орнын ұйымдастыра білу;
күнделікті ағымдағы жұмыстарын өз бетінше жоспарлау;
алдына мақсат қойып, оны орындау жолдарын іздестіру;
талдау және оның орындалуына бақылау жасау;
ұжымдық еңбекте сапалы түрде жұмыс жасай білуге, бірнеше ынтымақты еңбектенуге үйренеді;
берілген жұмысты талдап, салыстырып, жүйелеп, нақтылап, негізгі бөлігін қосалқысынан ажырата алады.
Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Үйірме жұмысының оқушыға үйретері мол екендігін естен шығармауымыз керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1991. 30.08
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 15.08.2007
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана 2004
4. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
5. Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В. Экология. Природа-Человек-Техника: Учебник для вузов.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.-343 с.
6. Аксенов И.Я., Аксенов В.И. Транспорт и охрана окружающей среды. –М.: Транспорт, 1986. -176 с.