СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Кішкентай ханшайымдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған байқау жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Кішкентай ханшайымдар"»

«Қыз өссе – елдің көркі» сайысы

Әсел: Жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 – наурыз мерекесі құтты

болсын.

Өркен: Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, апайлар мен ару қыздар мерекелеріңмен!

Әсел: Өркен, сен білесің бе, ана деген асыл жан. Менің анам қалағанымды алып береді,

түн ортасында шөлдесем тұрып шырын береді.

Өркен: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып береді.

Әсел: Ән демекші, бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әсем әнмен бастасақ, оған қалай

қарайсың?

Өркен: Әрине, өте дұрыс айтасың, мейірімді аналарымызға «Апа, мерекеңмен» әнін арнаймыз.

Ән: «Апа, мерекеңмен» (ер балалардың орындауында)

Тәрбиеші: Ардақты аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын. Дендеріңіз сау болып,

балаларыңызды қуантып жүре беріңіздер.

Балаларымыздың аналарына, әжелеріне арнаған тақпақтары бар.

Ерсұлтан: Өзің мені өсірген, Өскенде мен ал, енді

Айналайын ақ әжем. Аралаймын әлемді.

Тентек болсам кешірген Сыйлық әкеп әжеме

Балдан тәтті бал әжем. Таң қалдырам бар елді.

С. Нұрсұлтан: Құшағыңа кіргенде, Үн қатасың бал тілмен

Жылынамын бір демде. Еркелеймін әр күн мен.

Не жетеді көзіңе, Құттықтаймын, анашым

Мейірімді күннен де. Сегізінші наурызбен!

Ақжол: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әліби: Таусылмайды өлеңі, Кәмпит әкеп береді.

Күнде айтып береді. Әжем мені өйткені

Барған сайын бір жаққа Өте жақсы көреді.

Әсетнұр: Еркелеймін, шаттанам, Бал бөбегін баптаған,

Жарқын күлкің бақ маған. Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін, Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам. Келші, келші ақ мамам.



Ж. Өркен: Ана – біздің күніміз, Шалқып, тасып әніміз,

Ана – біздің гүліміз. Жадырасын жанымыз.

Ұландарды қуантып Ана сені құттықтап

Ұзақ өмір сүріңіз. Әндетеміз бәріміз.

Ерасыл: Мерекені қарсы алып, Ақ анашым, аппағым,

Мәз болады барша жұрт. Өзің жайлы тақпағым.

Гүл ұсынып анаға, Өзің жайлы әнім де

Бердім өзім ән салып. Арнадым саған әнімді.

Е. Нұрсұлтан: Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың.

Қасымда бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл – қызың.

Өркен: Әсел, біздің топтың қыздары қайда кеткен?

Әсел: Қазір біздің топтың қыздары сайысқа түседі, олар соған дайындалып жатыр.

Тәрбиеші: Әсел, Өркен, қыздарымыз дайын сияқты. Өркен, сен басқа балалармен бірге

қыздарымыздың өнерлерін бағалап отырыңдар (Өркен орнына жайғасады). Ал, Әсел маған сайысты жүргізуге көмектесетін болады.

Әсел: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Тәрбиеші: Ендеше сайысқа қатысушы аруларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Әсел: - «Бәйшешек» тобын қарсы алайық;

  • «Қызғалдақ» тобын қарсы алайық;

  • «Сарғалдақ» тобын қарсы алайық.

Сайыстың шарттары: (арулар топ болып сайысқа түседі)

  1. Топты таныстыру (топ басшысы таныстырады);

  2. Шаш сәндеу;

  3. Өз өнерін көрсету;

  4. Ас мәзірі;

  5. Сән үлгісі;

  6. Сиқыр көрсету (топ басшылар сайысы).

Сайысты топтың ұл балалары мен олардың аналары бағалайды.

Әсел: Құтты болсын арулар,

Сегізінші наурызың.

Құлпырып міне шықтыңдар

Гүлдей жайнап көздерің.

Тәрбиеші: Сайысымыздың бірінші шарты «Таныстыру» кезеңі (топ басшылары таныстырады).

1. Таныстыру.

«Бәйшешек» тобы, топ басшысы – Альфия:

Біз «Бәйшешек» тобымыз, Өнерді бойына сіңірген,

Көктемнің алғашқы гүліміз. Бүлдіршіндер талантты.

Топ басшысы – мен болам Арай менен Сабина

Альфия атты қызыңыз. Бірі – биші, бірі - әнші.

Сынға түстік бүлдіршін боп балбөбек, Біз «Бәйшешек» тобымыз,

Тобымыздың аты бізге сай келеді. Жалын атып жаңарған.

Саусағынан өнер тамған шеберлер Мақсаттарға жетеміз

Қыздарыңыз Нұрсая мен Ақжібек. Көкейде бар сан арман.

«Қызғалдақ» тобы, топ басшысы - Әсемгүл:

Тобымызда «Қызғалдақ» бес қыз едік, Би билесе бұралып Асылайым,

Қызғалдақтай жайнаған дос қыз едік. Өнерін неге жұрттан жасырайын?!

Басшы болып Әсемгүл тобымызға Сән үлгісін көрсетсе Динара қыз

Арқасында Айгүлдің шаш түзедік. Қимылында сиқырлы күй бар аңыз.

Айтпай кетсек болмайды Мадинаны,

Ас мәзірін көрсетер, дариғаны.

Өсіп келе жатқан өнерлі шеттерінен

Осындай қыздарымыз бар ибалы.

«Сарғалдақ» тобы, топ басшысы – Сабина:

Біз «Сарғалдақ» тобымыз, Мен, Сабина, топ басшы, Біз сүйкімді баламыз,

Жазылмайды жұбымыз. Нұрай, Сымбат қол басшы. Үлкеннің тілін аламыз.

Біз көрсеткен өнерді Назерке мен Ақтолқын Жеңіс туын биікте

Тамашалап көріңіз. Тобымызда аспазшы. Мәңгі ұстай аламыз.

2. Шаш сәндеу.

1. Арай

2. Айгүл

3. Ақтолқын

3. Өз өнерін көрсету.

1. Ақжібек – «Сыған биі»;

2. Асылай – «Үнді биі»;

3. Сымбат – «Өзбек биі».

4. Ас мәзірі.

1. Нұрсая – жемістерден пальма ағашын жасайды;

2. Мадина – «Күнбағыс» салаты;

3. Нұрай – жемістерден ассорти.

Әсел: Ұлдардың орындауында «Біздің топтың қыздары - ай» әні.

Ән: «Біздің топтың қыздары - ай»

1. Айналдық біздің топтың қыздарынан,

Біздерді өнерімен тамсандырған.

Айтпасақ сұлулығын тағы болмас

Жігітпіз өздеріңе ән арнаған.

Нұрай мен Асылай,

Арай мен Сабина,

Әсел мен Нұрсая,

Сымбат пен Мадина.

Мың бұралған Динара,

Өнерлі қыз Әсемгүл,

Сүйкімді қыз Сабина,

Қолаң шашты Ақжібек,

Еркелеген Алфия,

Сыпайы қыз Ақтолқын,

Бұлбұл құстай Назерке,

Ибалы қыз Айгүл – ай.

2. Қыздарды біз осылай құттықтаймыз,

Ән арнап, өлең арнап ардақтаймыз.

Жасымыз бес – ақ жаста болғанымен

Сендерді сарбаздарша біз қорғаймыз.

5. Сән үлгісі.

1. Сабина (мерекелерге киетін көйлек);

2. Динара (ертеңгілік, банкеттерге киетін көйлек);

3. Назерке (пакеттен жасалған көйлек).

6. Топ басшыларының сайысы – әртүрлі сұрақтар.

- қыс мезгілінде қандай мерекені тойлаймыз?

- көктемде қандай мерекелер бар?

- осы залдан геометриялық пішінге ұқсайтын заттарды атаңдар?

- фортепианода ойналған әуенді табыңдар (5 әуен ойналады).

Жүргізуші: Барлық қыздарымыз өнерлерін көрсетті. Ендеше ұлдардың бағалауын білейік.

(Ұлдар мен олардың аналары өз ойларын білдіреді. Барлығына бірдей баға

беріледі). Бүгін қыздарымыздың барлығы жеңімпаз болды, ендеше Өркеннің

қыздарымызға арнаған өлеңі бар екен.

Өркен: Біз қыздарды тыңдаймыз,

Итеріп, қумаймыз.

Бұрымынан тартқылап,

Біз тентектік қылмаймыз.

Қыздар айтса ұғамыз,

Жолды беріп тұрамыз.

Бақшаға олар келгенде

Алдарынан шығамыз.

Тату – тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сүйеміз.

Әрқашанда оларға

Басымызды иеміз!

(Өркен қыздарға ашық хаттарын табыстайды).

Жүргізуші: Барлық қыздарды келе жатқан мерекелерімен, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз. Сау болыңыздар!