СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мектепке дейінгі балаларға арналған оқу іс - әрекеті
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 4.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: « Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің балабақшам»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Біздің айналамыздағы табиғат»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қоршаған ортаға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Көру, есту, есте сақтау, зейінін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Тірі және өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Жанды табиғат –живая природа- wildlife
табиғат – природа
су – вода
Жабдықтар мен материалдар: суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Міне , менің қолым.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
-Біздер балалар қызықты да, қыр сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз. Олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да , киім де қажет емес. Олар тау тас, ауа, ғаламшар, жансыз табиғат. Ал бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкінтай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.
Суретпен жұмыс:
Тапсырма №1.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Тапсырма №2. Торғайдың тіршілігі үшін не қажет? Белгіле.Торғайды неліктен жанды табиғат бөлігі дейді
№3.Сурет сал.Боя.
Жанды табиғатқа жататын табиғаттың бір бөлігінің тіршілігі туралы не білесің?
3.Қорытынды/ итоговая часть:
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Жанды табиғатқа нелер жатады?
-Олардың айырмашылығы неде?
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 6.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің балабақшам»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Түскі асқа қияр мен қызанақтан салат»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
2.Дамытушылық – развивающая: Қолдың ұсақ бұлшық етін дамыту.Ермексаздың қасиетін бекіту.
3.Оқыту – обучающая: Домалақ және сопақ формадағы затты мүсіндеу, затқа тән бейнесін беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Қияр – огурец
Қызанақ – помидор
бақша-огород
Жабдықтар мен материалдар: көкөніс муляждары, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, тақтайша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Бақша біздің жаман емес
Бұршақ және сәбіз бар,
Пияз бенен қызылша
Қызанақ пен қияр бар
Балалар , бізге келіңдер.
Дәмін татып көріңдер?
Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауаптар:
-күзде бақшада нелер піседі?
-көкөністерді не үшін өсіреді?
-Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Көкөністерді көп жеу керек. Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты болады.Сендер қандай көкөніс түрлерін білесіңдер?
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.
-ойын шартымен танысып,ойынды қызыға ойнайды
-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?
-Олардың түсі қандай?
-Екеуін қосып, не жасауға болады?
-Көкөністерді қай кезде жинайды?
Үлестірмелі материалмен жұмыс:
-Атайдың бақшасындағы көкөністері пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.
-жинаған қиярымызды бірінші қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз?
Қызанақты қалай мүсіндейміз?
-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.
-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?
Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз.
Қызыл және жасыл ермексаз бөлігін алақанға салып, айналдыра домалақтаймыз
Сергіту сәті.
Мен қиярмын, қиярмын,
Жаттығуға даярмын.
Қолдарымды көтеріп,
Қиярдай болып өсермін.
Күзім-ау,күзім ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық. Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр
Қуаныштарын білдіреді.
Көрме: балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қарайды.
Ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді.Ұқыпты жұмыс істеуді, көкөністің адам ағзасына пайдасын, домалақ және сопақ пішіндер жасайды.
.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 9.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Адал дос»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Жағымды адами қасиетке тәрбиелеу, өзінің және жолдастарының мінез – құлығын бағалай білу.
2.Дамытушылық – развивающая: Байланыста сөйлеуін, ойлауын дамыту (мысалды басқаша аяқтауды ойлап табу).
3.Оқыту – обучающая: Достық және бір – біріне көмек түсінігін беру.Зейінмен тыңдап, сұрақтарға жауап беру. Мазмұнын айту, өз пікірін білдіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Достық – дружба
Дос-друг
Адал — верный
Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа сай суреттер, хрестоматия,
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауаптар:
Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Біз неше күн балабақшаға келеміз?
Балабақшада сендер достарыңыз барма?
Айдос айтағой сенін тобымызда досың кім?
Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.
2. «Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.
Әңгімелеу
«Адал дос» әңгімесі.
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан дәу қара төбет арсылдап, тура алдынан шыға келді.
Абыз:
Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып қалды. Абыз Абыланның жанына келіп:
Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған болар еді, - деп жатыр.Мен қашатын болсам , сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.
Достар деген осылай болар,- деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
(М.Төрежанов)
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.
3. Дидактикалық ойын: «Менің досым»
Мақсаты: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Балаларды достыққа, адалдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
4. Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.
ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор
5.Сергіту сәті: Ойын "Ауа райы"
— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.
Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?
3.Қорытынды/ итоговая часть:
— Бүгін не туралы өттік?
— дос деген өандай болу керек?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да, қайда да!
Достар бір-біріне,
Сенімді боламыз!
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 10.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Үлкен - кіші» Көлемі бойынша бірдей
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ізденіс іс – әрекеттерін ынталандыру.Логикалық ойлауын дамытуға ықпал ету.
2.Дамытушылық – развивающая: Бір саны мен цифрын, оның цифрлық сызғыштағы орналасуын, дөңгелек геометриялық фигурасын қайталау.
3.Оқыту – обучающая: Заттардың көлемі бойынша айыра алу, (қосу - алу) көз мөлшерімен салыстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Үлкен – большой
Кіші- маленький
Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа сай суреттер, үлкен – кіші кубиктар
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Балалар орындарыңа отырыңдар. Балалар тыңдайықша бір дыбыс естіледі?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Балалар есікті ашып қарайды.
Сұрақ – жауап:
-Бұл кім екен балалар?
-Бұл Қуыршақ
Ендеше біз осы қуыршақпен танысайық
Менің атым Маржан ал сенің атың кім?
Менің атым Нұрислам
Менің атым Раяна
Балалар, қуыршақшақ бізге жай келмепті.Ол сендерден көмек сұрап келіпті.Сендер көмек бересіңдер ме? (үлкен - кіші)ұғымдарын ажырату жіне көлемі бойынша бірдей.Қуыршақтың қолында бірнеше тапсырмасы бар екен.Орындап көмектесіп жіберейік.
Суретпен жұмыс:
Әр баламен жеке – жеке жұмыс.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты:Балалардың ойлау,сипап сезу,саусақ маторикасын дамыту.
Ойын шарты: Үстел үстіне бірнеше заттарды қойып бетін жауып қоямыз.Балалар сипап, қолдарымен ұстау арқылы ол қандай зат және пішінін таба білу қажет.
Сергіту сәті:
Соз оң қолыңды оң жаққа,
Соз сол қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.
Ал, балалар сендерге көп рахмет.Қандай ақылды тапқыр балалар екенсіңдер.Мен енді үйіме барайын.Сау болыңдар балалар.
Сау бол қуыршақ.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Қуыршақ бізге не үшін келіпті.
Сендер қандай көмек бердіңдер?
Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
Үстел үстінде қандай заттар тұрды?Сендер қайдан білдіңдер ол доп екенін пішіні қандай?
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 11.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Досыма сыйлық» (поднос – хохлома өрнегі) декоративті
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылық пен танымдылық қызығушылығын арттыру.Көркемдік талғамға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Қарақат бұтағын саусақпен батыра отырып салу, заттың сопақ бейнесін бейнелеу.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды хохлома жазбасымен, оның қолданылуымен таныстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Достық – дружба
Дос-друг
Сыйлық - подарк
Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа сай суреттер, хрестоматия,
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауаптар:
Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Біз неше күн балабақшаға келеміз?
Балабақшада сендер достарыңыз барма?
Айдос айтағой сенін тобымызда досың кім?
Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.
2. «Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.
Әңгімелеу
«Адал дос» әңгімесі.
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан дәу қара төбет арсылдап, тура алдынан шыға келді.
Абыз:
Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып қалды. Абыз Абыланның жанына келіп:
Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған болар еді, - деп жатыр.Мен қашатын болсам , сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.
Достар деген осылай болар,- деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
(М.Төрежанов)
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.
3. Дидактикалық ойын: «Менің досым»
Мақсаты: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Балаларды достыққа, адалдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
4. Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.
ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор
5.Сергіту сәті: Ойын "Ауа райы"
— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.
Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?
3.Қорытынды/ итоговая часть:
— Бүгін не туралы өттік?
— дос деген қандай болу керек?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да, қайда да!
Достар бір-біріне,
Сенімді боламыз!
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 11.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Жартылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Бізге күз келді»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Құрбыларына мейрімді қарым – қатынас тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ауа райын бақылауға және табиғат күнтізбесінің нәтижесін белгілей білуге үйрету. Қарапайым өздік тәжірибелік іс – ірекетті ұйымдастыру арқылы балалардың түсінігін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Табиғаттағы мерзімдік өзгерістер түсінігін, жыл мзгілдері ұғымын қалыптастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Золотая осень – алтын күз
Листья – жапырақ
Осень - күз
Жабдықтар мен материалдар: Тірек сызба нұсқасы, күз бейнесі бейнеленген суреттер,корзина, түрлі – түсті жапырақтар т.б.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Балалармен сәлемдесу.
Берекелі, мерекелі.
Келді жомарт –алтын күз.
Қалада да, далада да.
Жердің бәрі жарқын жүз.
Балалар мен сендерге қай жыл мезгілі туралы тақпақ оқып бердім?
Сұрақ – жауап:
Ал, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын атаңдар
Күздің қай айы?
Күн жылы ма, суық па?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сызба бойынша жұмыс істеу(сөйлем құрастыру).
Суретте не көріп тұрсыңдар әңгімелеп берші.
Тілдік жаттығулар:
Быр – быр – быр – жауды жаңбыр
Тар – тар – тар – ұшып кетті құстар
Рақ – рақ- рақ – сары жапырақ
Жел – жел – жел – соқты қатты жел
Балалар тілдеріне жаттығу жасайды.
Дидактикалық ойын: «Жапырақ жинау»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп жерде шашылып жатқан жапырақтарды жинап карзинаға салады.Жапырақтың түсін және пішінін айтып береді.
Сөздік жұмысы:
«Жапырақ жинау» ойыны(сөздерді бекіту).
Сергіту сәті:
Жауды жаңбыр
Тық, тық.
Сен көшеге шық, шық.
Жел соғады гу,гу,гу,
Жапырақ ұшты ду,ду.
Күн салқын.
Жаңбыр жауады.
Жел соғады.
Құстар ұшып кетеді.
Көкөністер, жемістер піседі.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Біз бүгін сендермен не істедік.
Қай жылы мезгілі?Қандай өзгерістер болады? Қанша ай бар? Тірек сызба арқылы нені білдіңдер? Қандай ойын ойнадық?Ойын сендерге ұнады ма?
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 12.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Қақпаны өз достарыммен бірге жасаймыз»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Достық, татулық қарым -қатынасқа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Қарапайым жабындылар жасау.Кеңістіктің белгілерімен оларды кең, тар, жоғары – төмен сөздерін айта алуға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды құрастыру дағдыларына жаттықтыру, бөлшектерді бір – біріне белгілі қашықтықта вертикалды орналастыруға үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Друг – дос
қақпа – ворота, қақпадан кіру - въехать в ворота
Жабдықтар мен материалдар: Әр балаға жеткілікті мөлшерде құрылыс материалдары, кубиктер таратылады
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен
1) Қақпа туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.
- Қазір сендер қандай қақпа тұрғызасыңдар, оны кубиктерден құрастыру.
- Алдымен кубикті кубикке қою қажет. Жоғары жағына кірпіш қоямыз. Міне, әдемі биік қақпа құрастырдық.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
- Енді сендер де осындай биік қақпа құрастырып көріңдер. Тек түзу қою керек, әйтпесе әдемі қақпа болмайды, тіпті ол сынып қалуы мүмкін.
(Машина өтетін қақпа құрастыру )
2) Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке - жеке балаларға көрсетіп, жауап алады. Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады.
3) Жұмыс барысы түсіндіріледі:
Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны ары - бері бірнеше рет өткізеді. Тәрбиеші үлгісінен соң, балардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады. Балаларға көмек беруге асықпау қажет.
4) «Қақпа құрастыру» ойыны Балаларға, жеке жұмысқа, дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады.
Бірнеше рет өздері қойып, үлгіні қарап, соңында қақпаны жасап шығады. Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі.
Егер балалар машинамен кішкене құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе тәрбиеші оны толықтырады. Негізінен балалар ойынды толық меңгергенше жүргізген дұрыс
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау
Жақсы қатысқан балалар мадақталады
Балалардың серуенде жүргенде қақпа көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен. Қақпадан балалар, үлкендер, тіпті машиналар аулаға кіре алатынын айтады.
Балалар құрастырып болған соң, ойнатуға және өздеріне ұнайтын құрылыспен толықтыруға болады.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 13.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шыгармашылық»
Бөлімі: Жапсырма
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің достарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Достарыма арналған алма»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Еркін зейінін, қолдың ұсақ маторикасын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Жапсыруға арналған заттарды дұрыс қолдана алуға , дйын формаларды жапсыра алуға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Бейнелеу өнерінің түрлі техникасының көмегімен затқа тән сипатын бере білуге үйрету.(Сурет және жапсыру)
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
алма – яблока, дөңгелек - круг
Жабдықтар мен материалдар: түсті қағаз, желім, алма суреті
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, жапсыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Балалар, бүгін біздің қуыршағымызда туған күні екен. Туған күнде оның көңіл – күйін түсірмеу үшін не істейміз?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
- Тамаша, сыйлық сыйлаймыз.
- Дұрыс, ал оған не сыйлаймыз?
- Балалар, қуыршақтың жақын досы қояннан сұрап көрейік пе?
- Жақсы рахмет қоян, ол алмаларды жақсы көреді екен. Не сыйлаймыз сонда?
- Дұрыс, ал неден жасаймыз?
- Тамаша, ал алманың пішіні қандай?
- Дұрыс, алмалардың түстері қандай болады екен?
- Иә, тамаша. Дайын кесілген қызыл, жасыл алмаларды бір – бірден алып желімдеп, қағаздың үстіндегі тәрелкеге жабыстырамыз.
Сергіту сәті:
1 – 2 – 3
Біздерде бар күш,
Терезені ашамыз.
Таза ауа жұтамыз,
1 – 2 – 3
Отырамыз тып – тыныш.
- Тамаша, енді жұмысқа кірісейік. Алдарында жатқан дайын дөңгелектерді жабыстырамыз. Бірінші қызыл алманы, сосын жасылын, соңғысы қызыл алманы жабыстырамыз.
Тәрбиешімен бірге жұмысқа кіріседі.
Жұмысты аяқтағаннан соң қуыршаққа барып, алмаларын сыйлайды.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз кімнің көңіл – күйін көтердік?
- Қалай? Неге?
- Иә, балалар. Ал, сыйлықты неден жасадық?
- Дұрыс, ендеше туған күнге барлығына сыйлық сыйлау керектігін білу керек.
Балаларды мадақтау. Өздері жабыстырған алмалардан көрнеме ұйымдастырамыз.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 16.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің ойыншықтарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Ойыншықтар» (аю туралы әңгіме құрастыру)
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Сөйлеуде көптік жалғауды қолдануға жаттықтыру.
2.Дамытушылық – развивающая: Байқампаздығын кішкене бөлектерді, байқай білуге, кейіпкердің сипатын көңіл – күйін көзбен мимика арқылы анықтай білуге үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Тәрбиеші берген үлгіге ойыншыққа қарап қысқаша сипаттама әңгіме құрастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Ойыншықтар – игрушки
Аю – медведь
Жабдықтар мен материалдар: Сөредегі ойыншықтар, суреттер, тақта, тірек сызба, үнтаспа, әр түрлі қиылған қағаз бөліктері, үлгі көрнекіліктер.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қояйын.
Сұрақ жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
–Күз айларын ата?
-Күзде ауа-райы қандай болады?
Тірек сызба:
Жаңбыр жауады Құстар жылы жаққа ұшады
Күз суреті
Жапырақтар сарғайып
Жел тұрады жерге түседі
Дұрыс айтып, суреттерді орнына қойдыңдар.
Балалар, күзгі жапырақтар қалай шулайды?
Саусақ жаттығуы арқылы, дыбыстарын салайықшы
«Алақанды үйкелеп» ш-ш-ш-ш деп айтамыз.
Енді алақандағы жапырақты үрлеп ұшырамыз.
Күз туралы тақпақтар:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Жарайсыңдар балалар, тақпақты жақсы айтыңдар.
Қызықтыру сәті:
( көңілді әуенге дүкенші келеді, әндетіп)
Дүкенші: Сәлеметсіңдерме балалар!
Ашылды дүкен, мұнда бәрің қараңдар.
Бар қызықты тамашалап, назар салыңдар!
Көжек, мысық, күшікте,
Тышқан отыр бұрышта.
Сендер жақсы көретін,
Ойыншықтардың бәрі осында.
Дүкенші: Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма?
Бұл жәй дүкен емес, ойыншықтары да
ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.
Қаланы аралап,
Автобус келеді.
Бәріміз қыдырсақ,
Бізге сол керегі.
Дүкенші: Тақпақтарың әдемі екен, жақсы айттыңдар.
Жұмбақ жасыру:
Пеш түбінде құмған,
Екі көзін жұмған. (мысық)
Мысық қандай жануар?
Енді мысық туралы кім маған айтып береді?
Тікірейген екі құлағы бар. Жүні жұп-жұмсақ мамықтай. Ет жейді, сүт ішеді, тышқан аулайды. Мұрты ұзын, тырнағы өткір. Ерте ұрады, беті-қолын жуады, керіліп бойын жазады.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үлкен болып жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
-Біздің аю әдемі, ол үлкен, жабайы аң. Аюдың жүні жұп-жұмсақ, көзі қап-қара. Оның төрт аяғы, екі құлағы бар. Мен аюмен ойнағанды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, аю туралы тақпақ айтып және онда кездесетін дыбыстарды анық айтуға ырысайық: Ю-ю-ю-ю қорбаңдайды аю.
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «Б» дейді, «Р»-ға тілі келмейді,
Ұйықтап қапты партада,
Бұл не деген масқара.
Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып, біздің сүйікті ойыншықтарымызға арнап ән айтып, бойымызды бір серігітіп алайық.
Сергіту сәті: «Ойыншықтар» әні
Тәрбиеші: Балалар, қане дұрыс отырып тақтадағы суретке назар аударайық.
Суреттен не көріп тұрсыңдар?Балалар қандай ойыншықпен ойнап жүр? Қандай ойын ойнап жатыр?
Әңгімелеу:
Балалар доп ойнап жүр.
Қақпашы кірпі допты ұстауға үлгермеді. Асан допты қақпаға тепті. Доп ақпаға кірді гол соғылды. Балалар қуанды.
Доптың пішіні қандай?
Доп не істейді? (түсін, көлемін сұрау)
Доп туралы тақпақ кім біледі?
Добым, добым, домалап
Алға сырғып жүгірдің,
Қақпаға сен кірдің.
Дидактикалық ойын: « Орнында не жоқ?»
Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілетін жаттықтыру. Атын атап, тақпақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
-Мынау сиыр, үй жануары. Жем, шөп, су ішеді.
Бізге ет, сүт береді.
Мө-мө-мө дейді,
Бұзауын іздейді.
Бізбенен бөлісер,
Сүтін де іздейді.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Бізге қонаққа кім келді балалар?
Дүкеншінің ойыншықтары сендерге ұнады ма?
Қандай ойындар ойнадық?
Біздің ойыншықтарымыз қатты қуанып қалды, Аңдардың жақсы көретін тағамдарын қағаздан құрастырып бере алдыңдар.Рахмет сендерге балалар. Дүкенші балаларға сыйлықтарын таратып береді.
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 16.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Жел әндетіп күзді қонаққа шақырады»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Жыл мезгілдері күзге деген қызығушылығын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: күз мезгілінің өзгерістерін бақылау дағдарысын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың мерзімдік табиғат өзгерістері туралы білімдерін кеңейту.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
қызғылт сары-оранжевый, ұзын-длинный.
Жабдықтар мен материалдар:
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Шаттық шеңбері.
-Қайырлы таң, балалар!
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң, қайырлы таң
Бүгін сендерге қонаққа бір орман тұрғыны келді.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Қане, бәріміз таныс болайықшы.
Жұмбақ:
Өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.
Ол не? (Түлкі)
(Түлкінің суретін көрсетеді)
Суреттерді қызыға тамашалайды.
Әңгімелесу:
Түлкінің суретін көрсетіп әңгімелеп береді.
-түлкінің түсі қандай?(қызғылт сары)
-Құйрығы қандай?(ұзын, үлпілдек)
Түлкілер орман мен далалы жерде тіршілік етеді. Ол өте сақ жануар. Түлкінің баласы мыршай деп аталады.Түлкінің іні (нора) болады.Түлкі ұсақ кеміргіштер, яғни тышған сияқты ұсақ жануарлармен қоректенеді. Түлкіні ертегілерде қу деп сипаттайды.
Сергіту жаттығуы.
Күзгі орманда жел соғады:гу-гу-гу.
Ағаштар тербеледі:ш-ш-ш.
Жапырақтар түседі:п-п-п.
«Күзгі жапырақтар» ойыны. Шарты:
Еденде шашылып жатқан қызыл, сары жапырақтарды себеттерге жинау керек.
Жеке жұмыс жүргізеді.екі баланы алдыға шығарып, «Сөйлемді аяқта» ойны арқылы түлкі туралы алған білімдерін пысықтайды.
-Түлкінің түсі...
-Түлкі орманда...
Суреттерді қызыға тамашалайды.
Тіл жаттығулары:
-Гу-гу-гу.
-Ш-ш-ш.
-П-п-п.
Балаларға әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.
Түлкі жайында не білдік?
Түлкінің баласы қалай аталады?
Түлкі немен қоректенеді?
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 17.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің ойыншықтарым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Геометриялық фигуралар шеңбер » (түс , форма, көлем)
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Шыдамдылық пен зейінге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Заттарды көлемі бойынша салыстыру. 1 саны мен цифрын қайталау.
3.Оқыту – обучающая: Геометриялық фигура дөңгелекті қайталау.Жан – жақтағы заттардың ішінен дөңгелек формадағы заттарды табу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Дөңгелек – круг
Бір – один
Жабдықтар мен материалдар:
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Ал , балалар тұрайық,
Қолды жанға қояйық
Бір отырып, бір тұрып,
Бір серігіп алайық.
Балалар қимылмен көрсетіп орындайды.
Хат келді
Балалар қараңдаршы біздің сандықшамызға хат келіпті, мен оқып берейін тыңдаршы.
«Сәлеметсіңдерме кішкентай бүлдіршіндер? Мен математика әлемінен хабарласып тұрмын, сендер мені көре алмайсыңдар, бірақ мен сендерді көріп тұрмын. Сендерді математика әлеміне саяхатқа шақырамын, сендерге ұшқыш кілемдіде жібердім, сендердің білімдеріңді тексеріп көргім келеді.
Кілемге «Алақай, малақай, дум» деп айтыңдар.
Сәлеммен математика әлемі»
Қызықтыру сәті: Балалар бізді математика әлемі шақырып жатыр, не істейміз барамызба?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Біз қазір «Математиканың сиқырлы ғажайып әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін балалар біз ертегідегі ұшқыш кілеммен баруымыз керек сияқты, ендеше келіңдер кілемге жайғасып,барлығымыз бірге сиқырлы сөз айтамыз, ал сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, малақай, дум» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Міне ғажайып елге келдік, қараңдаршы мыналар нелер?
Түсінікті бұл ғажайып бізді сынамақшы, пішіндерді білетінімізді көрсетемізбе балалар?
Сұрақ – жауап:
Міне ғажайып елге келдік, қараңдаршы мыналар нелер?
Бұл елде ағаштары осылай болады екен.
Біздің ағаштардан не айырмашылығы бар екен?
Дұрыс екен біздің ағаштарда жапырақтар бар, ал мыналарда пішіндер бар екен. Түсінікті бұл ғажайып бізді сынамақшы, пішіндерді білетінімізді көрсетемізбе балалар?
Жұмбақтар
1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым- (дөңгелек)
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).
Дұрыс айтасыңдар балалар
«Кім тапқыр?»
Балаларға логикалық тапсырмалар беріледі.
1. Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма? (3)
2. Үш алмұрттың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2)
3. Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан? (4)
4 Ағашта екі торғай бар еді, оның біреуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (1)
5. Құста неше тұмсық бар?(1)
6. Адамда неше көз бар?(2)
7. Үшбұрышта неше бұрыш бар?(3)
8. Қоянның неше құлағы бар?(2)
Тура және кері санау.
- Балалар біз санай білеміз бе?
- Қане олай болсақ санайықшы.
-1,2,3.
- Ал, енді осы сандарды кері санайық
- 3,2,1
- Ал енді балалар біздер санамақ білеміз бе? Қане кім айтады.
Санамақ айтуды ұсынады:
Бас бармағым -атам-үйдің данасы,
Балалы үйрек-әжем-ошақ анасы,
Ортан терек-әкем-отау панасы,
Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары,
Титтей бөбек-мен-бәрінің базары
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
Дидиактикалық ойыны «Қай пішінге ұқсайды»
Тақтаға алманың ,үтіктің , теледидардың суреттерін іліп олардың қай пішінге ұқсайтынын сызықпен қосу арқылы көрсету.
- Балалар, бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?
- Иә, бүгін біз төртбұрышпен, үшбұрышпен, дөңгелекпен таныстық.
- Төртбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, түсі қандай?
- Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
- Дөңгелектің пішіні, түсі қандай?
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар біз тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Бұл елдегі күн шуағы сендерге ризашылығын білдіріп, ғажайып әлемінен есекерткіш ретінде мына суреттерді беріп жатыр. (суреттер таратылады)
Балалар сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнадыма
Ендеше сиқырлы кілемге жайғасып тобымызға ораламыз. Сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, малақай, дум» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Тобымызға оралдық , бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет қайда бардыңдар?
Қандай пішін көрдіңдер?
Қандай ойын ойнадыңдар.Сабаққа қатысқан барлық балаларға үлкен рахмет.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 19.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Менің сүйікті ойыншығым»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Доп» Д.Дүйсенбиев (оқу)
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Зейін, шыдамдылық, белсенділікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ойлау, есте сақтау,есту қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Тыңдай білуге, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, мазмұнын айта білуге үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Доп - мяч
Жабдықтар мен материалдар: доп, суреттер, қалташалар
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Жұмбақ:
Өзі сондай домалық
Ойнаймыз біз домалап,
Секіртеміз қағамыз
Көңілді біз баламыз. Доп
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Доптың қандай түрлері бар?
Олар бізге не үшін керек?
Тақпақты оқып беру
- Доп не істейді?
Не үшін ол ұстатпайды?
Доп орнына өздеріңді қойып көріңдерші.Солай істеуге бола ма?
Үлкендерді тыңдау керек, допты тепсең домалап кете береді. Ал сендер ақылменен ойланып жұмысқа кірісіңдер. Үлкендердің айтқанын орындауға үйреніңдер.
Доптар әр түрлі болады (түстерін атайды)
Доппен біз ойнап, көңіл көтереміз
Тақпақты мұқият тыңдайды
Сергіту сәті:
Оңға, оңға, түзу тұр,
Солға, солға, түзу тұр,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық
қимылдар жасап орындайды.
Домалайды, ұстатпайды.
Жоқ, олай беталды жүгіруге болмайды. Үлкендерді тыңдап, айтқанын істеу керек. Ақылды болу керек.
Доппен ойнауға шақыру.
Түрлі-түсті түстегі доптардың қиындысын құрастырады.
Ойын: «Ғажайып қапшық»
Мақсаты: Тәрбиеші сипаттамасы, бойынша қапшық ішіндегі затты табу. Мысалы : өзі дөңгелек, резеңкеден жасалған, домалайды, секіреді.
Тәрбиешінің сипаттамасын тыңдап қаптағы ойыншықтың доп екенін табады.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Тақпақтың желісінен үлкендердің айтқанын орындауға, оларды тыңдап, ойланып , іс – әрекет жасауға үйренеді.
Үлкендерден тапсырмалары орындауға және көпшілік ортасында ережелерді сақтап жүруге үйренеді
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 23.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Жиһаздар»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Жиһаз СДМ дыбыстары»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Шыдамдылыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің сөзін тыңдауға, достарының сұрақтарына жауап беруге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ой өрісін кеңейтіп жандандыру, байланыстыра сөйлеуге қалыптстыру.Сұрақтарға жауап беру.
3.Оқыту – обучающая: С дыбысының дұрыс айтылуына жаттығу.Дыбыс артикуляциясын түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Жиһаз – мебель
Диван – диван
Шкаф – сөре
Стулья – орындық
Кровать - төсек
Жабдықтар мен материалдар: Ойыншық ,сөмке,жиһаздар суреті.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық тілейміз.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Тәрбиеші балаларға қуыршақ Сәуленің сиқырлы суреттері бар дейді:
-Сонымен танысайық.
Тәрбиеші:Мынау не
Балалар:Диван
Тәрбиеші:-Мынау не
Балалар: Шкаф.
Тәрбиеші суреттерді көрсетеді.балалар айтады.
Ойын : «Дауысынан таны».
Балалар шеңберге тұрады.Ортадағы жүргізушінің көзі байлаулы болады.Балалар шеңбер бойымен жүреді,тоқтайды.Тәрбиеші белгісі бойынша бір бала ортадағы баланың атын айтады.
Тәрбиеші:Сені кім шақырғанын тап.
Егер бала дұрыс тапса ,орындарын алмастырады,таба алмаса айыбына тақпақ айтып береді.
Тапсырма бойынша ойын.
Тәрбиеші тапсырманы балаға түсіндіреді,дұрыс тыңдап,орындауларын сұрайды.
-Шкафты көрсет,шкафқа жақында,қонжықты шкафтан ал.
-Үлкен үстелді көрсет,үстелге жақында,үстелден кітапты ал.
-Орындықты көрсет,орындықтан сөмкені ал.
Тәрбиеші балалардан жиһазды көрсетіп,айтуын сұрайды,топта ұқсас жиһаздар бар ма.
-Шкаф,үстел,орындық,керует бұлар –жиһаздар.
Жаттығу ойыны: «Қуыршақ Сәуле не айтады».
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Ойын: «Бөлшектен бүтін құрау».
Тәрбиеші «жиһаз» тақырыбына арналған сурет бөлшектерін балаларға береді де,оларды құрастыруларын және қандай жиһаз екенін атап беруді сұрайды.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 25.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Жиһаздар»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Нан бізге қалай келді?»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: ересектер еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың қызығушылығын зерттеу іс – әрекетіне ұмтылуларын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балаларда дәнді дақылдарды өсіру, нан туралы және оның қалай дайындалатындығы жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Нан – хлеб
Мука – ұн
бидай- зерно
тоқаш- булочка
ұн тағамдары- мучные изделия.
Сөздік жұмыс: диірмен, ұн тағамдары, ору, комбайн
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Енді шеңбер құрып тұрайықшы, менің сендерге арнаған жұмбағым бар:
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.
Ол не екен? (Таба нан)
Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол нан.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Тосын сәт: Қонаққа сатушы келеді. Балалармен амандасады. Балалардан көмек сұрайды:
Балалар менің дүкенімде тәтті тоқаштар бітіп қалды. Енді адамдар сатып алу үшін тәтті тоқаштар қажет. Маған тәтті тоқаштар жасап бересіңдер ме?
Балалар таңғалып қарайды.
Балалар біз ол тәтті тоқаштарды неден жасаймыз?
Ал ұнды қайдан аламыз?
Қане онда бидайды қайдан алатынымызды еске түсірейік. (Суретпен талдау жасайды.)
Жақсы балалар, бидайдың қалай өсетінін білдік, енді бидайдан ұнды қалай жасайтынын білуіміз керек.
Ол үшін алдымен бидайды зерттеп алайық.
Бидайды зерттейді:
Бидайды қолмен ұстап көреді;
Лупамен қарайды.
Жақсы, балалар енді осы бидайды алып диірменге барайық.
Міне, балалар, біз диірменге келдік. Алдынан диірменші шығады.
Балалар диірменшіден көмек сұрайды.
Диірменші балалармен амандасады.
Егер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге көмектесемін.
Тапсырма: мнемотехника
Нан туалы мақал, тақпақ.
Диірмен арқылы бидайдан ұнды қалай алатынын айтады.
Бидайдан ұн жасайды.
Жақсы балалар, біз манағы бидайдан ұн жасадық. Енді осы ұнды зерттеп көрейік.Ұнды зерттейді:
Қолмен ұстайды;
қарайды.
Зерттеп болсақ балалар, диірменші ағайға рахметімізді айтайық та, сапарымызды жалғастырайық.
Сергіту сәті. (музыка)
Бидайлар
Біз кішкентай тұқымбыз, жерге көп боп себілген (балалар отырады),
Күн жылытты, жаңбыр жауды өскін шықты көрінген (балалар қолдарын көтереді)
Өсе, өсе күнге дейін созылды (балалар орындарынан тұрады)
Бидай болды манағы тұқым себілген (балалар қолдарын бұлғайды).
Балалар бидайдан ұнды жасадық, енді не істейміз?
Дұрыс, наубайханаға баруымыз керек.
Ал наубайханада не істейді?
Қане, есімізге түсірейікші. (фотолар)
Жақсы балалар олай болса, наубайханаға жол жүрейік.
Наубайханаға келеді. Наубайханашыны көріп амандасады. Одан ұннан қамыр илеп, тәтті тоқаш пісіріп беруге көмек сұрайды.
Наубайханашы:
Егер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге көмектесемін.
Тапсырма: «Ұннан жасалатын тағамдар»
Карточки.
Міне балалар, мен сендерге ұннан қамыр дайындап қойдым, енді тоқаштарды жасай беруге болады.
Қамырдан тоқаштарды жасап, ыстық пешке салып пісірейік.
Тоқаштарды ұннан жасаймыз.
Ұнды бидайдан аламыз.
Балалар суреттер бойынша бидайдың қалай өсетінін айтып береді.
Бидайды зерттейді:
Қолдарымен ұстап көреді. Оның кішкентай әрі қатты екенін айтады.
Лупамен қарайды,сары және ортасында сызығы бар екенін айтады.
Диірменшімен амандасады.
Бізге бидайдан ұн жасап беруге көмектесесіз бе?
Мнемотехника бойынша сөйлемдер құрастырады. Білетін тақпақтарын, мақалдарын айтып береді.
Бидайдан ұн жасайды.
Ұнды зерттейді:
Қолмен ұстап жұмсақ екенін айтады.
Лупамен қарап, өте ұсақ екенін және түсін айтады.
Диірменші ағай сізге көп рахмет!
Әуенмен сергіту сәтін орындайды.
Жерге отырады.
Қолдарын жоғары көтереді.
Орындарынан тұрады.
Қолдарын бұлғайды.
Енді ұннан тәтті тоқаштар жасау керек, ол үшін наубайханаға баруымыз керек.
Балалар наубайханада не істетіндігін, көргендерін суреттер арқылы айтып береді.
Наубайханаға барайық.
Наубайханашымен амандасады.
Бізге тәтті тоқаштар пісіруге көмектесесіз бе?
Балалар тапсырманы орындауға келіседі.
Карточкадағы ұннан жасалған тағамдарды қоршайды.
Дайын қамырдан тоқаштар жасап, пешке апарып салады.
Тоқаштарымыз дайын болғанша бір ойын ойнап жіберейік.
Жарайсыңдар балалар, тоқаштарымыз дайын болған сияқты. Енді оны сатушыға апарып берейік.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Ойын арқылы оқу қызметін қорытындылайды
Нанды қастерлеп ұстау керек. Нан- бұл адам өміріндегі ең басты тағамның бірі екендігі және оны өсірудің өте қиын екендігі, нанның дастарқанға қалай келетінін айтып береді.
Ұн тағамдары атап беріңдерші.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 25.09.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Жиһаздар»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Әжеме арналған көрпеше»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Шаршы түріндегі зат туралы түсініктерін жүйелеу.Сурет арқылы қызығушылықтрын дамыту.
2.Дамытушылық – развивающая: Ойындағыларын аяғына дейін жеткізу.Шығармашылық, шыдамдылық, қиялдарын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Өз суретіне арналаған өрнек таңдау, қылқалам мен бояуларды пайдалана алу дағдысын ббекіту.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 15.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Үйдегі көшедегі қауіпсіздік»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «3 саны мен цифры»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Логикалық ойлауын дамыту, берілген белгілер бойынша заттарды топтастыру.Ойын: «Қай сан жоғалды ?»
2.Дамытушылық – развивающая: Дөңгелек туралы ұғымды бекіту.
3.Оқыту – обучающая: 3 саны мен цифрымен таныстыру.Есеп нәтижесін санмен белгілеу.Екі топтағы заттарды қосу, алу жолымен теңестіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Дөңгелек – круг
Үш – три
Жабдықтар мен материалдар:
Бағдаршам суреті, таяқшалар, суреттер, геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Психологиялық дайындық.
Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейік
Ал , балалар тұрайық,
Қолды жанға қояйық
Бір отырып, бір тұрып,
Бір серігіп алайық.
Балалар қимылмен көрсетіп орындайды.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
- Ой қозғау
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Үш айдан
- Қазір қай ай?
- Казан айы
1. Жұмбақтар
Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасым
Үш түсті нұр шашады
Бұл не?
- Бағдаршам.
- Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма?
- Ол қайда орналасқан?
- Қалада жолдың бойында орналасқан.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар. Міне, мынау бағдаршам ендеше санайық 1, 2, 3.
1 - ші көзінің түсі қызыл
2 - ші көзінің түсі сары
3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар.
Олар қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба.
Бағдаршам жол бойында жүргіншілерге, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3.
Балалар, біз бүгін 3 санымен таныстық, міне мынау 3 санының цифрі. Сандық қатар 1 - ден басталады 0, 1, 2, 3. Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас.
- Дөңгелекке.
- Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба?
1. 1 - ші қызыл көздің тапсырмасы.
Сандардың оң және сол жақ көршісін тап. 0, 1, 2.
2. 2 - ші сары көздің тапсырмасы.
Сымда 1 торғай отыр оған 1 торғай келіп қосылды, барлығы қанша болды?
3. 3 жасыл көздің тапсырмасы.
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Атап айтып шық?
Сергіту сәті:
1, 2, 3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламын,
ауада сурет саламын.
4. Ойын: «Қай сан жоғалды ?»
Балалар көздерін жұмады алдында тұрған сандарды біреу алып тастап, қай сан жоғалғанын сұрау.Есте сақтау, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту.
Бағдаршамның тағыда тапсырмасын орындайық.
1 - қатар. Бағдаршамның үш көзін ретімен орналастыру.
2 - қатар. Деньш блоктарының ішінен дөңгелек пішіндерді тап.Оларды салыстыр?
3 - қатар. Тура және кері санау.
- Балалар біз санай білеміз бе?
- Қане олай болсақ санайықшы.
-1,2,3.
- Ал, енді осы сандарды кері санайық
- 3,2,1
Санамақ айтуды ұсынады:
Бас бармағым -атам-үйдің данасы,
Балалы үйрек-әжем-ошақ анасы,
Ортан терек-әкем-отау панасы,
Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары,
Титтей бөбек-мен-бәрінің базары
3.Қорытынды/ итоговая часть:
бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетінде не істедіңдер?
Қандай пішін көрдіңдер?
Қандай ойын ойнадыңдар.Сабаққа қатысқан барлық балаларға үлкен рахмет.
Балалар бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатыстындар.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 21.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Үйдегі көшедегі қауіпсіздік»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Тауық пен тары »
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Мазмұндап айтуды қалыптастыру.Шыдамдылық пен зейінге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Дыбыстың буында, сөзде дұрыс айтылуына жаттықтыру.Фонематикалық есту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: (қ) дыбысын дұрыс айтуға ықпал ету.Дыбыстың артикуляциясын түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Әдемі сөйлеу – красивая речь
Курица – тауық
Ципленок – балапан
Петух - әтеш
Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа байланысты суреттер,ойыншық тауық,қимылды ойынға арналған атрибуттар,бейне сюжеттер.
Әдіс-тәсілі: Мәнерлеп оқу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
-Балалар назарларын суретке аудара отырып,қазір жылдың қай мезгілі екенін,оның ерекшеліктерін әңгімелету.
Сұрақ – жауап:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінің ерекшелігін айтып беріңдерші?
-Балалар менің қолымда сиқырлы қорапша бар,оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Жұмбақтар
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
Жауабы: Тауық
Қорапша ішінен ойыншық тауықты шығарады.
-Балалар мынау не?
Әңгімелесу
-Дұрыс айтасыңдар,бұл үй құстарының бірі тауық.Балалар тауықтың түсі сары-қызыл,оның денесі,басы,аяқтары,көздері,тұмсығы бар.Тауық біздерге жұмыртқа береді,оның кішкентей балапандары болады.Тауық қыт,қыт,қыт деп дыбыстайды.Тауық тары,бидай жейді,су ішеді.
Аудио дыбыс: Тауықтың ұыт – қыт дыбысы
-Балалар бүгін мен сендерге «Тауықпен тары » деген өлең оқып берейін.
Өлең шумақтарының авторы:Ә. Табылдиев
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтегесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр, тоқылдап.
Сергіту сәті: (видео жазба бойынша)
Әңгіменің мазмұнын сұрақ – жауап арқылы сұрау.
-Балалар,тауық не істеген екен?(Тары жинапты. )
-Жинаған тарысын не істеген?(Оны ешкімге қимапты. )
-Қыс мезгілінде тауықтың қарыны ашқан кезде не іздеген ?(Тары іздепті. )
-Тауықтың істегені дұрыс па?(Дұрыс емес. )
Қимылды ойын:
Тақырыбы : «Тауықтар мен балапандар»
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікке, адалдыққа, мейірімге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалардың жартысы тауықтар , ал қалғандары балапандар болады. Балапандары аулада серуендеп, ойнап жүреді де, аналарынан тығылып қалады. Аналары балапандарын іздейді.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
— Балалар өлеңде не туралы айтылған?(Тауық пен тары туралы. )
-Тауықтың дене мүшелерін атап беріңдерші.(Басы, қанаты, тұмсығы,көзі. )
-Тауық не жейді екен?(Тары жейді. )
-Тауық тары жинадыма жоқпа? (Жинаған жоқ. )
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 21.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Үйдегі көшедегі қауіпсіздік»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Күзгі бақ пен бақшадағы адамдар еңбегі »
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Көкөністер мен жемістердің формасын, көлемін,түсі мен тамақта қолдануына қарай салыстыра жіне сипаттай білу.
2.Дамытушылық – развивающая:Өнімді жинауға қандай көліктер қажет, оны қайда апарады?
3.Оқыту – обучающая:Күзгі адамдардың еңбегі туралы білімдерін кеңейту.Қандай жемістер мен көкөністер жиналады , ауыл жұмыскерлеріне кім көмектеседі.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Фрукты – жемістер
Овощи – көкөністер
Осень – күз
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Слайд, күз мезгілінің суреті, жеміс-жидектердің суреттері,муляждар, сиқырлы кілемше. Құстардың суреттері,құстың ұясы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
(Таспадан құстардың шиқылдаған дауысын жіберу).
Сұрақ – жауап:
Тәрбиеші: -Балалар, бұл ненің дауысы?
Балалар: -Құстардың дауысы.
-Қыстап қалатын құстарды атайықшы?
Балалар: -Қарға, торғай, сауысқан,шымшық т.б.
-Осы құстарды келіп, мына күзгі ағашқа жапсырайық.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: -Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.
Ендеше күз туралы тақпақтарымызды айтайық. Ерасыл: Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз-байлық,береке,
Алтын күз-мереке!
Ердаулет: О,балалар,балалар,
Қоңырай күз болыпты.
Гүл жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Раяна: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Шалхар: Көк майсалы,көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Аян: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Абылай: Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан,алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Айзат: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
- Балалар бүгін біз «Ғажайып күз бағына » саяхатқа шығамыз.
Автобусқа мініп "Ғажайып күз бағына" барайық. Көзімізді жұмайық.(музыка ойналады)
-Балалар, міне "Ғажайып күз бағына" келдік. Мына алма ағашына қараңдаршы, өте көңілсіз тұр. Неге көңілсіз тұрғанын өзінен сұрайықшы.
-Алма ағашы сен неге көңілсізсің?
Алма ағашы: -Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің ғажайып бағыма қош келдіңдер! Менің көңілсіз тұрған себебім, менің алмаларымның барлығы да пісті. Бірақ, оны теріп алатын ешкім жоқ.
Тәрбиеші: -Алма ағашы сен көңіліңді түсірме, қазір біздің балалар сізге көмектеседі. Солай ма балалар?
Балалар: -Әрине, көмектесеміз.
Тәрбиеші: -Ендеше балалар, алма ағашының алмаларын жинап мына себеттерге салайық.
Алма ағашы: -Рахмет сендерге балалар!Мен жеңілдеп, көңіл-күйім көтеріліп қалды.Мен сендерге тапсырмалар беремін. Егер тапсырмамды жақсы орындасаңдар сендерге өзімнің сыйымды беремін.
1-тапсырма: "Жұмбақты тап"
1.Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Күз)
2.Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
3.Тырс- тырс тамады
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Күн көргенде пісем дейді,
Піскен бойдан түсем дейді. ( Алма )
4. Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. ( Қарбыз )
2-тапсырма: Дидактикалық ойын: "Бақта ма, әлде бақша да ма?"
Шарты: Тақтаға қалташалары бар себет пен ағаштың суреті ілінеді. Балалар жемістерді ағашқа, көкөністерді себетке орналастыруы қажет.
Сергіту сәті.
Орманда біз жүреміз,
Саңырауқұлақ тереміз.
Оң жақта,сол жақта,
Саңырауқұлақ жан-жақта.
-Ендеше балалар, қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға да ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса , балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
4-тапсырма. Дидактикалық ойын: "Кім жылдам, дұрыс құрастырады?" ( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру). Тәрбиеші: -Балалар, біздер құстарға арнап ұя жасадық. Ендеше мына орталыққа келіп, барлығымыз қыстап қалатын құстарға жем,су берейік.
Алма ағашы: -Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер менің алмамды теріп жинап, тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен сендерге өзімнің сыйымды беремін.(Себетке салынған алмаларды береді).
Алма ағашы: - Сау болыңдар балалар!
Балалар: -Сау болыңыздар!
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Тәрбиеші: -Рахмет, алма ағашы! Балалар осымен саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің автобусымызға отырып тобымызға оралайық.
-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Біздер кімге көмек көрсеттік?
-Күз мезгілінде нелер піседі?
- Қыстап қалатын құстарға біз қандай көмек көрсетуіміз керек?
-Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 2.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Менің отбасым , ата – аналар еңбегі»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Отбасымызбен саңырауқұлақ теруге барамыз»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Саңырауқұлақ жинауға қызығушылықтарын арттыру.
2.Дамытушылық – развивающая:Жеуге жарайтын және улы саңырауқұлақтар туралы үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Саңырауқұлақ туралы алғашқы түсінік беру (сыртқы түрі құрлымы)
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Саңырауқұлақтар-грибы.
Қызыл шыбынжұт-мухомор
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап,әңгімелесу,
Жабдықтар мен материалдар: саңырауқұлақтар, карзина, слайд,кірпі,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Ағаш,бұта,жасыл шөп!
Жайқалып өскен гүлдер көп!
Рахмет саған,қайырымды жер!
Бізге берген таза ауа көленкені
Жапырақ жидек пен жемістер!
Рахмет саған ғажайып өсімдіктер!
Жапырақты жұлмаймыз!
Бұтақты біз сындырмаймыз,
Су құямыз, қараймыз!
Аялаймыз қорғаймыз!
Сұрақ – жауап:
-Балалар қазыр жылдын қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Дұрыс күз мезгілінде бау-бақшада жеміс жидектер піседі, күн суық болады, жиі жаңбыр жауады.Жаңбырдын сонынаң саңырауқұлақтар өсіп шығады.
Балалар есік қағып тұрған кім екен?Аяжан барып қарашы?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сәлеметсің бе кірпі!
Орманға саңырауқұлақпен жидектер теруге орманға баратындарынды естіп келдім. Менде сендермен бірге баруға болады ма?
Слайд - суреттер
Саңырауқұлақпен жидектерді слайд көріп, олармен таныстырамын.
- Саңырауқұлақтар түрлері өте көп.
- Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жарамсыз -улы болып бөлінеді.
-Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге болмайды.
Өткені ол улы. одан шыбындар да қорқады, шыбынжұт саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады.
Ал Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді.Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ.
Жидектерді көрсетіп түсіндіріп өтемін.
Қазір орманға барғанда тек жеуге жарамды саңырауқұлақты және жидекетерді жинаймыз. Жарайды ма балалар!
«Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық ойыны.
Екі себетке екеуіне балалар жарамды саңырауқұлақ жинайды.
Сергіту сәті.
Саңырауқұлақ болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса көтеріліп,
Өсіп-өсіп алайық.
Кірпімен амандасады.
-Ия, әрине.
Ойын: «Кім шапшаң»
Ойынның мақсаты: Балалар жерде шашылып жатқан саңырауқұлақтарды шапшаң, тез арада жинап оны себетке салып жинайды.
Балалар көңілді кірпімен ойнайды.
Балалар ақ саңырауқұлақтарды ғана себетке жинайды.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Күзгі орманға барып саңырауқұлақтар мен жидектерді кірпімен бірге жинайды.
Саңырауқұлақтар мен жидектерді себетке салып, кірпіге сыйлайды.
Кірпі қуанып, рақмет айтып қоштасады.
- 3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар бізге қонаққа кім келді.Біз қандай саңырауқұлақпен таныстық?
Ол қандай? Кірпіге біз не жинап бердіңдер?
Шыбынжұтты теруге,жеуге болама?
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білу, саңырауқұлақтар мен жидектер туралы білді толықтырдық.Балаларды мадақтау.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 04.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»
Подтема: «Жиһаздар»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Жиһаз СДМ дыбыстары»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Шыдамдылыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің сөзін тыңдауға, достарының сұрақтарына жауап беруге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ой өрісін кеңейтіп жандандыру, байланыстыра сөйлеуге қалыптстыру.Сұрақтарға жауап беру.
3.Оқыту – обучающая: С дыбысының дұрыс айтылуына жаттығу.Дыбыс артикуляциясын түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Жиһаз – мебель
Диван – диван
Шкаф – сөре
Стулья – орындық
Кровать - төсек
Жабдықтар мен материалдар: Ойыншық ,сөмке,жиһаздар суреті.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық тілейміз.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Тәрбиеші балаларға қуыршақ Сәуленің сиқырлы суреттері бар дейді:
-Сонымен танысайық.
Тәрбиеші:Мынау не
Балалар:Диван
Тәрбиеші:-Мынау не
Балалар: Шкаф.
Тәрбиеші суреттерді көрсетеді.балалар айтады.
Ойын : «Дауысынан таны».
Балалар шеңберге тұрады.Ортадағы жүргізушінің көзі байлаулы болады.Балалар шеңбер бойымен жүреді,тоқтайды.Тәрбиеші белгісі бойынша бір бала ортадағы баланың атын айтады.
Тәрбиеші:Сені кім шақырғанын тап.
Егер бала дұрыс тапса ,орындарын алмастырады,таба алмаса айыбына тақпақ айтып береді.
Тапсырма бойынша ойын.
Тәрбиеші тапсырманы балаға түсіндіреді,дұрыс тыңдап,орындауларын сұрайды.
-Шкафты көрсет,шкафқа жақында,қонжықты шкафтан ал.
-Үлкен үстелді көрсет,үстелге жақында,үстелден кітапты ал.
-Орындықты көрсет,орындықтан сөмкені ал.
Тәрбиеші балалардан жиһазды көрсетіп,айтуын сұрайды,топта ұқсас жиһаздар бар ма.
-Шкаф,үстел,орындық,керует бұлар –жиһаздар.
Жаттығу ойыны: «Қуыршақ Сәуле не айтады».
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Ойын: «Бөлшектен бүтін құрау».
Тәрбиеші «жиһаз» тақырыбына арналған сурет бөлшектерін балаларға береді де,оларды құрастыруларын және қандай жиһаз екенін атап беруді сұрайды.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 23.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Алтын күз»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Бөлме өсімдіктері патшалығына саяхат»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Байқампаздықтарын дамыту.Қсімдіктерді күту ынтасына тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Жапырақтар, гүлдер бояуы мен формасы мен көлемін салыстыруға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Фиалка мен хлорофитум өсімдіктер түрі мен атауымен таныстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
гүл-цветок
Жабдықтар мен материалдар: Гүлдердің суреттері, және тірі гүлдер.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Сәлеметсіңдерме балалар!
Орнымыздан тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық,
Арыстан болып жүрейік.
Түлкі болып жүрейік,
Қасқыр қалай жүреді.
Ортада шеңберде тұрып балалар қайталап орындайды. Бүгін бізге қоннақа Айгүл қуыршақ келіп отыр.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Кәне амандасайық. Ол бізден көмек сұрап келіпті. Бөлме өсімдіктері деген не? Сендер білесіндерме? Білмесеңдер, онда қазір екі топқа бөленеміз. Бірінше топ гүлдін суретін салады, ал екінші топпен саяхатқа барамыз.
Слайд көрсету:
Балаларға жалпы гүлдің құрлымымен таныстыра отырып әңгімелеп беру.
Ең алдымын тамыры содан соң сабағы, одан кейін кішіене қосымша сабақтары дапырағы және гүлі болады.Енді балалар біз екі топқа бөлінеміз.
1 топ табиғат бұрышына барады, гүлдерді көреді танысады, зерттейді.
Табиғат бұрышында.
Балалар мынау бөлмеде өсетін гүлдер табиғат бұрышы. Қараңдаршы қандай керемет, әдемі гүлдеген. Жасыл желек. Осы гүлдердің
шаңдарын сүртіп,су құйып, топырағын қопсытамыз. Осы гүлдерді біз сендермен өсіреміз.
2 Тапсырма.
Шығармашылық бұрыш
Екінші топ-гүлдін суретін салуға кіріседі.
Сергіту сәті:
Гүлдей болып өсеміз,
Жайқаламыз гүлдейміз.
Гүл дегенің әдемі
Сары, жасыл, қызыл, көк.
Мнемокесте арқылы сұрақ береді.
мнемокесте арқылы сұрақтарға жауап береді
бөлме өсімдіктер туралы
гүл өсу үшін
жапырақтардың шаңды сүрту, қоптысу
Ойын : «Гүлдерді тез жина»
Мақсаты: Балалар жерде ашылып жатқан гүлдерді жылдам жинап карзинаға салады.Жиған гүлдердің түсін, көлемін және қанша жинағанын айтып береді.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Бізгі қонаққа кім келді?
Ол не үшін келіпті.Сендер немен таныстыңдар?
Әр бала үйде гүлді қалай өсіру керектігін айта отырып өз ойларын білдіреді.
Бөлме өсімдік гүлдерін айыра білу, гүлді қалай өсіру керектігін айтады.
Екі топқа бөліп, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 23.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Алтын күз»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Алтын күз»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың қызығушылығын арттыру. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.
2.Дамытушылық – развивающая:Ағаш оның діңі және оның бұтақтарын сала алуға дағдыландыру. Техникалық дағдыларын бекіту.Дербестікке , шығармашылыққа тәрбиелеу.
3.Оқыту – обучающая: Күз суретін бейнелеуге үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Осень – күз
Дерева - ағаш
Жабдықтар мен материалдар: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, қол сүртетін сүлгі. Күз туралы суреттер, мнемокесте, үлгі.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Шаттық шеңбері:
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.
Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
Күз мезгілінде
Дұрыс айтасыңдар, рахмет. Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Енді кім маған мына мнемокесте бойынша күз мезгілінде болатын ерекшгеліктерді айтып береді.
Күзде ағаштар сары түске боялады.
Күннің көзі аз шығады. Күн суытады.
Жаңбыр жауады.
Жапырақтар түседі.
Адамдар жылы киімдерін киеді.
Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Таңғажайып сәт
Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Бізге қонақ келіп қалыпты. Сәлеметсің ба күз ханшайымы!
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
3. Сергіту сәті
Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Сергіту сәтін қимылдармен орыдайды.
Рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық.
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.
Дайын үлгі ағашқа жапырақтарды салады.
Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Дидактикалық ойын:
«Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Шарты: Жеміс қайда өседі? Көкөністер қайда өседі? Ажыратып айта білу.
3.Қорытынды/ итоговая часть:Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзіндіні оқып бере отырып сұрақ – жауаппен қорытындылау.
«Алтын күзде» шығармасынан үзінді оқимын.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
Балалар айтыңдаршы сендерге не істедіңдер?Бізгі қонаққа кім келді?Оның көңіл күйі неге болмады?Сендер оған қандай сурет салып бердіңдер?Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар. Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдер.Жұмысты ұқыпты әрі таза жасаудыңдар. Оқу қызметіне жақсы қатысқан алаларды мақтап көңілдеріңді көтеріп қояйын.Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырамыз.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 25.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсырма
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Менің отбасым»
Подтема: «Алтын күз»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Саңырауқұлақ ыдысы»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыпты желімдеуге, түстерді дұрыс қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық – развивающая:Жіңішке жолақ кесуге үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйретуді жалғастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
саңырауқұлақтар-грибы
Жабдықтар мен материалдар: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Ғажайып сәт:
Топқа қолында себеті бар қуыршақ
Қарақат кіріп келеді.
Әдеп сақтап әманда
Әрбір адал адамға
Жасайық бір жақсылық,
Ынтымаққа қосыл да.
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Балалар Қарақат қуыршақты құшақтап, амандасады.
2.Негізгі бөлім/ основня часть: -Балалар, мені таңыдыңдар ма?
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Ия, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.
Менің себетімде саңырауқұлақтар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр, енді мен орманға себетімді саңырауқұлақпен толтыру үшін кетіп бара жатырмын.
-Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?
Балалар Қарақат қуыршақпен бірге алдын ала безендірілген топта әуен ырғағымен жүреді.
-Балалар, біз орманға келдік.
Саңырауқұлақтарды іздемес бұрын суретке қарап, онымен танысып алайық.
-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен
Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.
Шынашағым, орманға бар!
Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап!
Ортан терек, тазалап ал!
Балаң үйрек, қуыра сал!
Бас бармағым, барлығын жеп,
Өсіп қапсың толып.
Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз.
Кезекші бала тазалық шараларын айтып өтеді. Балалар жұмыс жасайды.
Сергіту сәті:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
(Ғ. Қайырбеков.)
Саңырауқұлақтар үлкен, кіші, сары,ақ, қоңыр болады.
Кейбіреуі улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақ атауларын қайталап айтады.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: Балалар жерде шашылған саңырауқұлақтарды тез, жылдам,шапшаң жинап карзинаға салу керек.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
-Балалар, бүгін қайда бардық?
-Орманнан не жинадық?
-Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады?
Қарақат қуыршақпен орманға бардық.
-Саңырауқұлақ жинадық.Жасаған саңырауқұлақтардан көрме жасау.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 4.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Өзім туралы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : СДМ«Мен кіммін»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Дыбыстың буында, сөзде және оқшау айтылуына жаттықтыру.Мәнерлі сөйлеуге жаттықтыру.(түрлі интонациямен)
2.Дамытушылық – развивающая:Әңгімеге қызығушылықтарын тудырып, өзі туралы ашық және қызықты етіп айтуға үйрету. (ч)дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды тәрбиешімен бірге тақырыпқа сай ауызекі сөйлеуге үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Мен – я.
Жабдықтар мен материалдар: жұмсақ қоян, түрлі – түсті қарандаштар, қоянның суреті
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қортындылау, ойын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң ,достарым!
Шеңберге тұрайық .
Жылулық сыйлайық.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін қандай?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Балалар, мені таңыдыңдар ма?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
-Ғажайып сәт:
Топқа қоян келеді.
Сәлеметсіңдер ме?
Cәлеметсіздерме, мен кіммін?
Қоян сендер кімсіңдер деп сұрайды.
-Қоян Сәлемесің бе ?
Қоянның қолында суреті бар екен.
Қояның қолындағы суретте кім бейнеленген?
-Қоян қош келдің біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбымыз «Мен кіммін» деп аталады .Бүгін саған дене мүшелеріңді де үйрететін боламыз. Кім екеніңді де үйрететін боламыз.
-Қоян:-Жарайды ендеше мен ойын білемін
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: қоян қолындағы суреттерден ауыз, қол, аяқ, мұрын т. б дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді балалар тез сол суреттердегіні дұрыс атап өз дене мүшелеріннен көрсетеді.
Сұрақ – жауап:
Танауларыменмен не істейді?
Ауыздары, аяғымызбен, құлағымызбен ?
Нені жақсы көреді?
Қоян жыл мезгіліне қарай қандай түстерге өзінің түсін өзгерте алады.
-Менің құлағымның сендердің құлақтарыңнан қандай айырмашылығы бар?
Қоян міне біздің топ балалары сенің кім екеніңді үйретті.Енді сенімен бір сергіп алайық .
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан тондапаңдап,
Көжегі екен өзінің
Қоян қоштасып тағы да келетінін айтып топтан шығып кетеді.
-Суретпен жұмыс:
-Қоянның суретін аяқтау суретке қарап отырып.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
-Балалар бізге қонаққа кім келді?- Қоян қайда өмір сүреді?
Қояның құлағы қандай екен?-Қоянға кім екенін үйреттік ,дене мүшелерімен таныстырдық.
Жарайсыздар, балалар сіздерді оқу іс әрекетіне жақсы қатысқандарыңыз үшін мадақтағым келеді.(жұлдызшалармен мадақтау)
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 4.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Әлеумет»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Өзім туралы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Бақта ма, бақшада ма?»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балабақшаға жақын жердегі табиғатқа ұқыпты көзқарасқа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Көкөністер мен жемістердің өздеріне тән белгілерін айыра білуге: түсі, формасы, дәмі, қайда өсетіндігі туралы.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Көкөністер-овощи (картоп-картофель, пияз-лук, сәбіз-морковь). Жемістер-фрукты (алма-яблоко, алмұрт-груша).
Жабдықтар мен материалдар: Суреттер ,жемістер, көкөністер.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,әңгімелеу, ойнату, сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Күндей жайнап ,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілімен,
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
-Балалар қазір қай мезгілі.
-Ия ,қазір күз мезгілі
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады ?
-Балалар жеміс жидектер бақта өседі ма, әлде бақшада өседі ма?
-Дұрыс айтасыңдар,балалар жеміс жидектер бақта өседі.Бақта ағаштардан жылда жеміс жидектер жеп тұрамыз.
Суретпен жұмыс:
Мына суретке зер салып қараңдаршы .Балалар ағаштан алма теріп жүр.Ал көкөністер бақшада өседі. Көкөністерді адамдар көктемде егеді де , күзде жинап алады.
Дидактикалық ойын: «Бау-бақшада »
Мақсаты: Енді балалар мен сендерге «бау-бақшада» ойнауды ұсынамын суреттеріне бағдарлай көкөніс және жеміс-жидектерді бөлек қою.
Шаршаған болсаңдар, бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Жемістері көп екен .
Теріп ,теріп алайық,
Қалтамызға салайқ .
Ал енді балар мына менің қолымдағы көкөністің дәмін көріп атайсыңдар.
Игравизормен жұмыс:
Әр балаға жеке жемістер мен көкөністердің суреттері беріледі.Ол суреттерді топтастырып сипаттап беру қажет.Түр түсі, пішіні,дәмі, қайда өседі т.б.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар сендер бақ пен бақшаны ажырата білдіңдер. Кәне айтындаршы , бақта не өседі?Бақшада не өседі?Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.Осымен сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 12.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Дұрыс тамақтану,дәрумендер»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Дөңгелек пен шаршы» (көлемі, формасы,түсі)
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: «Кім айтады,кім біледі,бұл өай кезде болады»
2.Дамытушылық – развивающая:жыл мезгілдерін қайталау – ойын.
3.Оқыту – обучающая:Шаршығы сөздік, сипаттама беру, айналадан шаршы формасындағы заттарды табу,оны дөңгелекпен салыстыра отырып, 8 шегінде тура және кері санау.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Дөңгелек – круг, шаршы - квадрат ,шаршы - квадрат, геометриялық пішін – геометрическая фигура, үлкен - большой, кіші – маленький, кішірек – меньше.
Жабдықтар мен материалдар: көлемдері бірдей, бірақ түстері әртүрлі дөңгелек және шаршы. Тақтаға магнит арқылы орналастырылған көлемдері мен түстері әртүрлі алты пішіндер.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,әңгімелеу, ойнату, сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Шаттық шеңбер:
«Табиғат-Ана»
Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!
Ауа, таза аспаның үшін рақмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рақмет! Балаларға Буратино қонаққа келеді. Ол түрлі геометриялық пішіндерді алып келгенін айтады. Оларды атамақ болады. Бір пішінді Буратино атай алмайды. Балаларды көмекке шақырады.
Ол геометриялық пішін – шаршы.
Үстелді айнала отырады.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
Шаршы неге ұқсайды?
Оның түсі қандай?
Бір-біріне беттестіре салу арқылы шаршыны дөңгелекпен салыстырады.
Пішіндер бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
Шашының бұрыштары бар екеніне, ол домалай алмайтынына назарларын аударады да көрсетеді.
Несімен ерекшеленеді?
Шаршыны алыңдар да, оны мен сияқты, саусақпен айналдыра сызындар. Машина келе жатыр деп көзге елестетіңдер. Ол жүріп келеді, жүріп келеді – бүрышқа жетіп, бұрылады да, әрі қарай жүріп кетті.
Ол барлық бұрыштарды айналып шығып, бастапқы орнына қайтып келгенше, «машинаның» қозғалысын дауыспен көрсетейік.
Машинаның қалай ұзақ жүргеніне балалардың назарын аударады.
Балаларға шаршыны домалатып көруді ұсынады.
Шаршының бұрыштарын санауға ұсынады. Әрбір бұрышына саусақты тигізе отырып: «Бір бұрыш, екі, үш, төрт. Барлығы төрт бүрыш» - деп өзінің соңынан қайталап айтуды сұрайды.
Шаршы неге ұқсайды?
Дөңгелек неге ұқсайды?
Оның түсі қандай?
Бір-біріне беттестіре салу арқылы шаршыны дөңгелекпен салыстырады.
Пішіндер бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
Шашының бұрыштары бар екеніне, ол домалай алмайтынына назарларын аударады да көрсетеді.
Несімен ерекшеленеді?
Сергіту сәті:
Бір саусағым тіптіде,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
«Үлкен –кішірек шаршы» дидакти -калық ойыны.
Мақсаты: қоршаған ортадан шаршы пішіндегі заттарды табу машығын дамыту, ол заттар үлкен не кішірек екенін аңықтауға жаттатыру.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Буратино, саған көп рахмет, сен арқылы біздің балалар шаршы пішінімен танысты!
Сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?
Олай болса, шапалақ соғып, іс-әрекетімізді аяқтайық!Сендер немен таныстыңдар? Пішіні, фломасы, түсі қандай?Ол неге ұқсады?Балаларды мадақтау, мақтау.
.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 06.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Өзім туралы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Күздегі құстар тіршілігі»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатқа ұқыпты көзқарасқа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Мезгілідік белгілерді қайталау.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды ұшып кететін құстармен таныстыру, олардың неліктен жылы жаққа ұшып кететіндігі туралы айтып түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Птицы - құстар
Жабдықтар мен материалдар: Суреттер «Құстар әлемінде»- слайд.
Әдіс-тәсілі: ой шабуылы, жұппен жұмыс,тестпен жұмыс, «Жұлдызыңды жақ, «Ұшты- Ұшты», «Артығын тап» ойыны.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Ой шабуылы.
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күз айларын атайықшы.
- Қыркүйек,қазан,қараша.
Әр айдың ерекшелігіне тоқталу. Қыркүйекте күн жылы,ағаштар жасыл болады.
Қазанда дала сарғайып,жапырақтар түсе бастайды. Күн салқындайды. Қарашада күн суытып,жаңбыр көп жауады.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
Күзде құстардың жемісі азаяды.Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ұшар алдында олар топталып,азық іздеп қоректеніп,күш жинайды.Оларды үркітіп,егістіктен қуалама.Олар ұзақ жолға шыдау үшін күш жинап жүр.
Жыл құстары – күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кететін құстар.
Олардың жылы жаққа кетунің себебі – жемінің азайуы. Күн салқындап,құрт-құмырсқа тығылып қалады.Сол кезде құстар топтала ұшып,лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Ал көктемде қайта келу себебі,ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп,ұрпақ өрбіте алмайды.
«Жұлдызыңды жақ» ойынын ойнайық.Тапсырмасы жұмбақтар шешу.Кім жұмбақты шешсе, сол бала өзінің жұлдызын жағады.
1-жұлдыз. Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. Жауабы: қарлығаш.
2-жұлдыз. Өзге ұяға із тастап,
Өз атын өзі айтады.
Сөйтіп күнді батырады. Жауабы: көкек.
3-жұлдыз. Сұлулықтың не екенін,
Оларға қарап анықтар.
Өзге құс оған жетпейді
Құс патшасы саналар. Жауабы: аққу
Сергіту сәті.
Құстарға біз ұқсайық,
Қане,қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
«Ұшты-ұшты» ойынын ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс жүргізу үшін «Артығын тап» ойынын ұйымдастыру.
Әртүрлі суреттер арқылы берілген тапсырма.
Игравизормен жұмыс:
Әр балаға жеке құстардың суреттері беріледі.Ол суреттерді топтастырып сипаттап беру қажет.Түр түсі, пішінін қайда өмір сүретіндігін айтып берут.б.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Қандай жыл құстарын білеміз?
Құстар немен қоректенеді?
Құстың суретін салу
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

Өткізу күні/ Дата проведения: 08.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Өзім туралы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Сәнді кейімдер»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Мүсіндеудің бұрынғы үйренген тәсілдерін илеу,жазу,жапсыру,тарту.Эстетикалық талғамға тірбиелеу.жетілдіру.
2.Дамытушылық – развивающая:Жолақты жіңішке жағына кесу.Зат формасын бере білуге, геометриялық өрнектер: нүктелер, сызықтар салуға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды көйлек (жейді) безендіруге үйрету, жолаққа өрнек салу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Птицы – құстар, мойынорағыш шарф, баскиім головной убор.
Жабдықтар мен материалдар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық, қуыршақтың суреті.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ - жауап
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Балаларға жұмбақ жасыру.
Жұмбақ
Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
(қуыршақ)
Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыру.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Жұмбақ
Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
(қуыршақ)
Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыру.
Тәрбиеші:
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Балалар, біздің тобымызға әйгерім деген қуыршақ қонаққа келіпті. Кәне, қонағымызбен амандасып, оның бізге қандай өтініші бар екенін тыңдайық.
Үлестірмелі материалдағы суретке қарап,өздерінің білгеніншеәңгімелеп береді.
Балалар қуыршақпен сәлемдесіп, оның өтінішін тыңдайды.
Сұрақ – жауап:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа райы қандай?
Қыста далада аяз болады.
Сөздік жұмыс: аяз.
Адамдар қыста қалай кйінеді?
Ал айгерім қалай киініп алыпты?
Қыстыгүні далаға жалаңбас шығуға бола ма?
Әйгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма?
Дұрыс айтасыңдар, себебі оның баскиімі мен мойынорағышы жоқ екен.
Сергіту сәті.
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел, санайық екеуміз
Бас бармағым атам
Балаң үйрек әжем
Ортан терек әкем
Шылдыр шүмек анам
Кішкене бөбек мен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
Ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз;
Алақаңға салып айналдыра отырыпдомалақтаймыз;
Домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан басып, қуыс жасаймыз;
Екіншісін «шұжықша» пішінге келтіріп, жалпақтаймыз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
(шашақ тағу, тағы басқа әрлеу жұмыстарын жасауға тәрбиеші көмектеседі)
«Қуыршақты киіндіру» ойынын ұйымдастыру.
Балаларға қуыршақтың киімдері ұсынылады.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар бәріміз жылы киімдерімізді киіп, әйгерімді өзімізбен бірге далаға серуенге алып шығайық. Ол енді тоңбайтын болды.
Балалар жасаған жұмыстарын әйгерімге береді. Олар бәрі жылы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл күймен далаға серуенге шығады.
Балалар мақтау мен мадақтауға ие болды.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/ Дата проведения: 14.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дені саудың жаны сау»
Подтема: «Өзім туралы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Кәмпит»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қағаздан құрастыру ынтасын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:кәмпит құрастыруға үйрету.Тәрбиеші қарап отырып өз беттерімен шешім қабылдай білуге үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Қағаз қасиеттерін қайталау.Жыртылады, кесіледі,умаждайды, желімденеді, онда сурет салуға болады.Суланады, бүктеледі, бүктелген жерден сызық пайда болады.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
кәмпит - конфет
Жабдықтар мен материалдар: Түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, көрнекі сурет т.б.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ - жауап
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан.
Армысың достарым,
Сендерді көрсем қуанам
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Балалар бізге қонақ келді.Қане танысайықшы
Менің атым Айсулу.Мен далада ойнап жүріп әжем қалтама салып берген кампиттерді жерге шашып алдым.Маған комектесесіңдер ма?
Балалар Айсулуға көмек бере аласыңдар ма?
Ендеше қане орындарына отырыңдар.Ең алдымен саусағымызға жаттығу жасап алайық.
Бас бармағам – атам
Балан үйрек – әжем
Ортаң үйрек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкентай бөбек – мен
Біз бақытты отбасымыз.
Балалар ал енді алдарымызда тұрған қағаздарды алып
Сұрақ – жауап:
Сергіту сәті.
3.Қорытынды/ итоговая часть: