| Мерзімі | |
| Сынып | 5 |
| Тақырыбы | Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару |
| Мақсаты | Білімділік: Оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету. Дамытушылық: ОЖ жайында іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, компьютерлік шеберлікке тәрбиелеу. |
| Міндеттері | Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін. Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды. |
| Күтілетін нәтиже | Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқаруды біледі |
| Жеті модульдің қамтылуы | -Оқытуда АКТ-ны пайдалану; -Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер; -Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; -Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқыту; -Дарынды және талантты балаларды оқыту; -Көшбасшылық; -Оқыту мен оқуды бағалау; |
| Сабақтың типі | Жаңа білімді меңгерту сабағы |
| Сабақтың түрі | Аралас |
| Сабақтың әдісі | "Сөзжұмбақ","Тест сұрақтары", "Постер" |
| Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, компьютер, стикерлер, слайд, плакат |
| Пәнаралық байланыс | Тарих |
| Сабақтың жоспары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі (3мин) | Сыныппен сәлемдесу, топқа бөлу Психологиялық треннинг «Жақсы тілек» Смайликтер арқылы топқа бөлу | Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді Топ мүшелерін сайлайды Смайликтер арқылы 3 топқа бөлінеді |
| Білу (7мин) | Өтілген тақырыпты түсіну деңгейін анықтау үшін «Бәйге» әдісі бойынша сұраймын. Сұрақтар: Бәйге 1, Бәйге 2, Бәйге 3, слайдтағы сұрақтарға жауап беру керек | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
| Түсіну (10мин) | Постер қорғау. 1.Жұмыс үстелі Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін компьютер пайдаланушының өзі жеке таңдайды. Әдетте жұмыс үстелінде «Компьютер», «Қоржын», «Есептер тақтасы», Бастау» батырмасы орналасады. Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға мүмкіндіктер беретін «Бас меню»ашылады. «Бас меню» екі: сол және оң жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі: «Барлық программалар» /компьютерде орналасқан, барлық программаларды көрсетеді/, «Іздеу терезесі» /файлдарды, бумаларды, іздеуге мүмкіндік жасайды/. Оң жақ бөлігінде келесі бұйрықтар бар: «Қолданушы», «Құжаттар», «Бейне», «Музыка», «Компьютер», «Басқару тақтасы», «Құрылғылар мен принтерлер», «Унсіз келісім программалары», «Анықтама және қолдау». «Бас меню» оң жақ бөлігінің астында компьютермен жұмысты аяқтауға арналған батырма бар. Жұмыс үстелінің немесе терезенің кез келген жерінде «маус» манипулятордың оң жақ батырмасын басқанда меню пайда болады, ол контекстік меню деп аталады. Компьютер мониторының экрандағы бейне өзгеріп тұрады. Мысалы, ұзақ уақыт іске қосылған компьютермен жұмыс істемесеңдер, онда жұмыс үстелі бейнесінің экранда әр түрлі қозғалатын суреттер пайда болады. Оны бетпе-бет /заставка/ деп аталады. 2.Есептер тақтасы Кез келген қосымшаны іске қосқанда есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгісі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі. Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программа мен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Тілдерді басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. 3.Күн және уақыт индикаторы. Күн және уақыт индикаторы есептер тақтасының оң жағында орналасқан. Күн және уақытты өзгертуге болады. | Әр топ оқушылары берілген тақырыпшаларды оқып шығады. Топпен бірлесе, ақылдаса отырып постер құрады. |
| Қолдану | Компьютермен практикалық жұмыс: «А» деңгейі 1.Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік меню шақырыңыздар. 2.Экранда параметр терезесі шығып, «Экран» сөзінен 1 рет басамыз. 3.Сол жақта орналасқан «Изменение фонового рисунка рабочего стола» батырмасын басып келесі терезе шығады. 4. Кез келген суретті таңдап, «Сохранить» батырмасын басыңыздар. «В» деңгейі 1. Тілдер индикаторына маустың оң жақ батырмасын шертіп, «Параметры» командасын таңдаймыз; 2.Ашылған терезеде «Добавить» батырмасын басамыз. 3.Ашылған тілдер тізімінен «Казахский – Клавиатура – Казахская» командасын орындап «ОК» батырмасын басамыз. 4.Тілдер индикаторына сол жақ батырмасын басып, тілдер қатарында қазақ тілі шығу керек. «С» деңгейі 1.Жұмыс үстелінің Күн және уақыт панелінің бір рет сол жақ батырмасын басып, «Күн және уақыт баптауы» командасын таңдаймыз; | Оқушылар компьютерде тәжірибенлік жұмыс орындайды. |
| Сергіту сәті (3мин) | Қол саусақтарына арналған жаттығулар Алақанды уқалау. Қолды қысу Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар | Оқушылар көз жаттығуын орындайды |
| Талдау (8мин) | «Фишбоун» әдісі. ОЖ қалай баптаймыз?  | Оқушылар интербелсенді тақтадағы слайдқа назар аударады. Сұрақты талдайды. |
| Жинақтау | «Ғажайып алаңы» әдісі. Сұрақтарға жауап береді | Оқушылар ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді. |
| Бағалау | Бірін-бірі және топ басшыларының бағалау парақтары арқылы бағалауы | Топ басшысы топ мүшелерін критерий арқылы бағалайды. |
| Кері байланыс (2мин) | "Екі жұлдыз бір тілек" | Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін, тілектерін стикерге жазып, тақтаға іледі. |
| Үйге тапсырма | Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару тақырыбын оқу, Бақылау сұрақтары, тест | Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
| Рефлекция 1(мин) | Оқушы күтілген нәтижеге сәйкес өзіне-өзі рефлекция жасайды. Сабақ бойынша түсініп, білгендері бойынша белгі береді. | |
Сынып : 5 Пәні: информатика Күні:
Сабақтың тақырыбы : § 9 Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Дамытушылық: ОЖ жайында іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, компьютерлік шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, постер, оқулық
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?
ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?
ОЖ-ға мысал келтір.
Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?
V Жаңа тақырыпты оқып-үйрену
Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.
Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :
Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.
Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:
· Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
· Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :
· Тұтынушы – дербес буманы ашу;
· Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;
· Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;
· Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;
· Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;
· Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;
· Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.
Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.
Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.
Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.
«Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.
VІ Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.
В,С деңгейлік тапсырмалары Paint графикалық редакторында жұмыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
VІІ Қорытындылау
Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалайды.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 9, тест тапсырмалары мен сұрақтарға жауап беру.