СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кітап - сар?ылмас ?азына

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кітап – сар?ылмас   ?азына

Ма?саты: О?ушылар?а кітапты? адам ?міріндегі алатын орны туралы т?сінік беру, кітап?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, кітапты к?тіп ?стау ережелерін білу.

Ж?ру   барысы:

        М??алім: Адамзат баласыны? ?ол жеткізген ?лы игіліктеріні? бірі - білім ?азынасы. Ол ?рпа?тан-?рпа??а ауызша, жазбаша т?рде немесе ?дебиет ар?ылы да жеткен. Кітап адам баласыны? сан ?асырлы? а?ыл-ойыны? жемісі, тарихы мен та?ылымыны? алтын санды?ы. "Кітап дегеніміз - алды??ы ?рпа?ты? арт?ы ?рпа??а ?алдыр?ан рухани ?сиеті. Кітап о?удан тыйылса?, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді ?абит М?сірепов. Кітап та?дап, тал?ап о?и білу, оны т?сіну мен т?йсіну, ал?ан ?серді ?мір ?ажетіне жарата білу - ?рбір адамны? білігі мен білімін, пайымы мен парасатын ай?ындайтын ал?ы шарттарды? бірі. "Кітап ма?ан та?тан да ?ымбат", - деп к?рсеткен Шекспир. Б?л с?зден т?йер ойымыз, адам?а жан азы?ы, рухани байлы?ы бола білген - кітап. Cол себепті оны? орны та?тан да жо?ары. "Наданмен ?ас бол?анша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сені? асып-таспайтын асыл досы?. Себебі кітаппен дос бол?ан адамны? ой-?рісі ке?, с?з м?дениеті жо?ары, саналы, жан-жа?ты болып т?рбиеленері с?зсіз. Білімні? к?зін ашып, е? ал?аш ?ылым саласын та?ыт?ан, о?ытып-?йреткен - кітап. ?р ?лтты?, елді? келешегі мен болаша?ын баян еткен, тарихы мен ?ткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сонды?тан да, "кітап ?лемдегі ??пиялы ?лы ?ажайыптарды? бірі", - дейді Горький. Онда біз ?лі білмейтін, естіп о?ыма?ан ?ыр-сыры к?п. Оны тек кітаппен дос бол?ан адам ?ана ??пиясын ашып, ?ажабын танып біле алады. 

    Кітап та алма а?ашы,

    Жемісін біздер теретін.     Т?тті алма?а балашы,

    Кітабы?ны? ?р бетін,-деп М?зафар ?лімбаев атамыз жырла?андай ?деби кітаптар мен о?улы?тар сендерге білім к?зі,рухани ?азына. О?ы?аны?,то?ы?аны? к?п болса же?бейтін жау,алынбайтын ?амал жо?.Дана хал?ымыз «Білекті бірді жы?ады,білімді мы?ды жы?ады» деп бекер айтпаса керек .

М??алім: О?ушылар,кітап  ?алай  жасалады?

1-о?ушы: Кітап-адамны? досы.Оны жасау ?шін адам баласы к?п е?бек сі?іреді.Алдымен адам орманнан а?аш кеседі.Оны фабрика?а апарады.Фабрикада ол а?ашты ?а?аз ?ылып шы?арады.Содан со? о?ан авторлар жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып,кітап етіп шы?арады. 2-о?ушы: Кітап-арабты? жазу деген с?зі.Кітап-рухани ?азына, ?мір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі, о?у-т?рбие ??ралы.Ал?аш?ы кітап жазу ??пиясын тек дінбасылар мен монахтар ?ана білген.Сонды?тан д?ние ж?зіндегі т???ыш кітаптар-еврей тіліндегі «Таурат», ?ытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан /грек/ тіліндегі «»Інжіл /Евангелис/,араб тіліндегі «??ран».

3-о?ушы: ал?аш?ы кітап баспасы а?аштан жасалды.Ксилография ?алыбы ХІ ?асырда пайда болды.Ал, 1045 жылы Шын еліні? ?нерпазы Би Шен ??ймалы ?ріптерді жасап шы?арды.Еуропада т???ыш рет Х? ?асырда неміс ?нертап?ышы И.Гутенберг баспа станогын жасады.Русьте т???ыш басылымды 1564 жылы М?скеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шы?арды. 4-о?ушы: ?аза? кітап баспасы Ресейге ?осыл?ан со? ?алыптасты.Біра? араб тілінде ІХ ?асырда жазыл?ан «О?ызнама», ХІ ?асырда?ы Ж.Баласа??нны? «??тты білігі», Махмуд ?аш?ариды? «Диуани Л??ат ат-т?рік», т.б. кітаптары болды.1800 жылы т???ыш ?аза?ша кітаптар шы?арыла бастады.Т??керістен кейін ?зімізде шы?а бастады.

   М??алім:О?ушылар,кітапты  таза, д?рыс  к?тіп  ?стау  ережелері  бар екен.

1.Кітапты? бетін шимайлама.

2.Кітапты б?лдірмей,жыртпай таза ?стау керек.

3.Кітапты? беттерін б?ктеме!

4.Кітапты? м??абасын тыстап ?ой!

5.Кітапханадан ал?ан кітапты уа?ытымен ?айтар!

6.Кітап бетіне сурет салма!

Просмотр содержимого документа
«Кітап - сар?ылмас ?азына»

Кітап – сарқылмас қазына

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстау ережелерін білу.

Жүру барысы:

Мұғалім: Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. 

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына. Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек .

Мұғалім: Оқушылар,кітап қалай жасалады?

1-оқушы: Кітап-адамның досы.Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады.Содан соң оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып,кітап етіп шығарады.
2-оқушы: Кітап-арабтың жазу деген сөзі.Кітап-рухани қазына, өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар-еврей тіліндегі «Таурат», Қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан /грек/ тіліндегі «»Інжіл /Евангелис/,араб тіліндегі «Құран».

3-оқушы: алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.Ал, 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.Еуропада тұңғыш рет ХҮ ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады.Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.
4-оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Ж.Баласағұнның «Құтты білігі», Махмуд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік», т.б. кітаптары болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Төңкерістен кейін өзімізде шыға бастады.

Мұғалім:Оқушылар,кітапты таза, дұрыс күтіп ұстау ережелері бар екен.

1.Кітаптың бетін шимайлама.

2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.

3.Кітаптың беттерін бүктеме!

4.Кітаптың мұқабасын тыстап қой!

5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар!

6.Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушылары-

мыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

Гүлімай:Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир.

Аружан:Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай.

Айсауле:Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен  бірдей.

Толстой

Мират:Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Айкүн: Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем.

Нұрдаулет:Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

Горький.

Жанель:Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз.

Гюго

 Мұғалім:Рахмет,оқушылар.Енді мен  сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не?
Кітап

Бірінші әрпі-көзде бар,мұрында жоқ,

Екінші әрпі- тісте бар,бұрымда жоқ.

Үшінші әрпі-бетте бар,білекте жоқ,

Төртінші әрпі-құлақта бар,жүректе жоқ.

Бесіншісі- «П»әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

Кітап

Бір қойым бар,қаны жоқ.

Қанатының саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар,жаны жоқ.

Тілі бар да үні жоқ.

Өзін адам түсінген,

Жүрегі бар қаны жоқ.

Сөйлей туған ішінен.

Кітап

Мұғалім:Ұлы адамдарымыз  кітапты жоғары бағалаған.Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім?Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Мұғалім:Балалар бүгінгі сынып сағатымыздан көп нәрсені үйрендік.Кітап балаларға білім беруде,жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады.Сондықтан «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.Оқушылар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.













Доссыз өмір – тұзсыз ас

Мақсаты: Достық қарым – қатынасқа, бір – бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлік пен татулыққа баулу.

Жүру барысы:

Мұғалім: Достықадамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

- Оқушылар, біз бүгінгі сынып сағатымызда достық ұғымы туралы әңгімелесетін боламыз. Өз ойымызды ортаға салып, ашық айтамыз.

- Достық деген не?

- Дос деген кім?

- «Доссыз өмір – тұзсыз ас» дегенді қалай түсінеміз?

- «Дос тапқанша арала, тапқан соң аяла» дегенді ше?

- «Жақсы дос жаныңнан артық» деген сөздердің мағынасын қалай түсінеміз?

- Достық туралы қандай мақал-мәтелдерді білеміз?

а) Достық пен жолдастық адамға қанат беретін күш.

ә) Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

б) Дос дегенің көрер көзің емес пе?

Қысылғанда сөйлер сөзің емес пе?

Қиыншылық іс түскенде басыңа

Дос дегенің сүйенерің емес пе?

в) Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

г) Жаман дос – көлеңке,

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

д) Ат жаманы жолда қалдырар,

Жолдас жаманы қолда қалдырар.

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:

Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді. Жігіт қолбасына:

Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді. Қолбасы:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған. –

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.

Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.

Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.

Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.

Қорытынды:Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.

Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады.