СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Киттің жұтқыншағы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа технология негізінде құрылған қысқа мерзімді жоспар.

Просмотр содержимого документа
«Киттің жұтқыншағы.»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. №24 сабақ. Тексерген: Оқу-ісінің меңгерушісі: Тлепова Шынар Жақауқызы.

Пәні:Әдебиеттік оқу

Уақыты: 17.05. 2017ж

Кабинет №7

Мұғалімі:Есенова Ляиля

Сабақтың атауы:

Киттің жұтқыншағы. Р.Киплинг.

Сілтеме:

Алматы «Атамұра»2015ж . АКТ

Жабдығы:

Суретті кестелер,стикер,постер,фломастер,перфокарталар,бағалау парақшалары.

Жалпы мақсаты:

1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО   

Нәтежесі:

1.Жаңа теориялық ақпарат беру.

2.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру; 3.Өз ойларын дәлелдей білу,сыни тұрғыдан ойлана біледі.

Әдіс-тәсілдері:

Топпен,ұжыммен жұмыс, «Шелектегі идея» «Ыстық орындық» «Өрмекшінің торы»СТО

Тапсырмалар:

Сарамандық жұмыс,постерге сурет салып,оны қорғайды.

Психологиялық ахуал:

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Үй тапс.сұрау:

а)Үй тапс, сұрау.ә) «Көпір» әдісі арқылы қорыту.

Жаңа сабақ:



 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Ағылшын жазушысы Редьярд Киплинг (1865 – 1936) балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Солардың ішіндегі ең қызықтысы – жануарлар туралы әңгімелер. Оның «Джунгли» атты кітабындағы Маугли туралы мультфильмді бәрің көрген боларсыңдар. Редьярд Киплинг «Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» әңгімесін түсініп оқып көрелік. 2. Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу. 3. Сөздік жұмыс. Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңешпен жалғастыратын тамақ өтетін жол. Бағзыда – ертеде, көне заманда. Ергенек – есік. Тақа – мүлде. 4. Бұл қашан болған оқиға? Ертеде не болыпты? Ол кит не істейді екен? Соңында бір күні не болды? Кит жұтып қоймас үшін Шабақ қайда тығылып жүрді? Ол Китке қандай ұсыныс айтады? Киттің неліктен мазасы кетті? 

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде Китті неге сүтқоректі деп атайды? Мәнін түсіндір. Тапқыр, өжет адам өз қалай жетіп алды? 2. Кит жейтін балықтардың аттарын жаз. (шортан, шорағай, табан, сазан, бекіре, жайын, уылдырық). Тапқыр адам Киттің өңешіне тор қойып жатып айтқан сиқырлы сөзді тауып, жазып ал. Бұл тор сүзгіні неліктен қойғанын айт. («Өңешіне дөйдің, тор сүзгіні қойдым!»). 

ҮІІ. Қорыту. Сол күннен бастап не болыпты? 


Кері байланыс:

Стикерлер арқылы. «Екі жұлдыз,бір тілек»

Рефлексия:

Кедергілер: 1.Жауаптардың қысқа болуы. 2.Оқушылардың өз ойын жете жеткізе алмауы.

Болашақта жақсартамын: 1.Жаңа сабаққа бағытталған тапсырмаларды деңгейлеріне қарай бағыттау; 2.Вербалды құралдар қолдану арқылы,тақырыпты ашуға бейімдеу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!