«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қаралды: __________
МДТЖО Сембаева Н.А.
«Тәуелсіздік - тұғырым»
6 сынып
тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі: Сүлейменова А.Е.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым».
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу.
Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер, Отан туралы оқушылар салған суреттер.
Сабақ барысы
Әнұран орындалады.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті оқушылар. «Тәуелсіздік-тұғырым» деп аталатын тәрбие сағатын неге өткізіп жатырмыз? Қандай мақсатпен осы тақырыпты қозғап отырмыз? (сабақтың мақсатын бірге айқындау).
Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәне, еске түсірейікші. (үстел үстінде кішкентай свитоктарда сұрақтар болады, оқушылар бір бірлеп алып, жауап береді)
-Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
-Ұлтымыз кім?
-Тіліміз қандай?
-Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
-Тәуелсіздік деген не?
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз?
ІІ Негізгі кезең.
1) Қазақстан Республикасы туралы ақпарат оқиды:
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.
2) «Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз?» деген сұраққа жауап береміз.
Оқушылардың жауабына қосымша ақпарат беру: Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.
3) Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады. Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?
Әнұранның авторы кім?
Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.
Тудың авторы кім?
Ш.Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы кім?
Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.
ІІІ Қорытынды. Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
| -Біз қай мемлекеттің азаматымыз? |
| -Ұлтымыз кім? |
| -Тәуелсіздік деген не? |
| -Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ? |
| -Тәуелсіздікті қай жылы алдық? |
| -Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді? |
| -Тіліміз қандай? |
| Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы. |