СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"ҚМҰҚ" Алуан-алуан кәсіп бар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші : Нуридилла Б.А.

Пәні қмұқ

алуан-алуан кәсіп бар

Просмотр содержимого документа
«"ҚМҰҚ" Алуан-алуан кәсіп бар»

Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 05.02.2019ж

Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде, талап қыл!»

Тақырыбы:«Сонша, теңбе-тең»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Байқампаз болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Куб пен шарды сипап сезу қимылымен және көру арқылы салыстыруға жаттықтыру.

Оқыту: Екі топтың заттарын салыстырып, теңдігін анықтап «теңбе-тең» деп айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы.

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:


Біз әдепті баламыз, Қайталайды

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме! –деп

Сәлемдесіп аламыз.

Балалар бір – біріне жылы жүздерімен сәлемдеседі.

Негізгі бөлім: Балалар, сандар менің құлағыма келіп сыбырлайды мен бірінші тұрамын деп бір-бірімен дауласып жатыр екен.-Қане, балалар, қай сан бірінші тұрады.

-Балалар мына тақтадағы геометриалық пішіндерге назар аударыңдар.

-Пішіндерді кім маған айтып береді?

-Осы пішіндер ішінде қандай пішіндер жоқ?

-Ал, енді балалар мына пішіндерге назар аударайық.Мұқият қарап алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар, аш дегенде бірақ ашамыз . Мен пішіндердің орнын ауыстырып қоямын қай пішін орны ауысты соны табамыз.Үлестірмелі қағазбен жұмыс

-Балалар мен сендерге қазір әр түрлі тапсырма беремін.

-Бірің жоқ сандарды тауып нүкте арқылы белгілейсіңдер.

Ал бірің трафарет(Монтиссори әдісі) арқылы геометриалық пішіндерді бастырамыз, ал бірің мына суретте неше көлік тұр соған сәйкес таңбасын қоясыңдар.

Поезд керек. Балалар топпен санайды. Бір вагон үлкен ал екіншісі кішкентай. Бір вагон керек. Бір бала тақтаға шығып таңбаны қояды. Үшеінде геометриалық пішіндер Балалар сандарды рет-ретімен қояды.

Топтаға парталарды,заттарды,т.б. санау. Заттардың теңбе-тең екендігін анықтау.

Сергіту сәті:

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.


Ойындар: «Көп-аз,бір», «Қай қолымда көп?» деген ойындар ұсынылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар ойындардарга белсене қатысады.


Дидактикалық ойын: «Салыстыр»

Шарты:салыстыруға арналған тапсырма.

Қортынды

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Балалардың жауаптарын бағалау.









































Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 07.02.2019ж

Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде, талап қыл!»

Тақырыбы: «Шаштаразшының құралдары» (қайшы, тарақ)

Мақсаты:

Тәрбиелік: Таза ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың қызығушылығын арттыру.

Оқыту: Шаштаразшының құралдарын еске түсіріп қайшы мен тарақты салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы.

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме! –деп

Сәлемдесіп аламыз.

Балалар бір – біріне жылы жүздерімен сәлемдеседі.

ІІ. Негізгі бөлім:

-Балалар бүгін біз сендермен шашатаразшы мамандық иесімен танысамыз.

-Шаштаразшы қандай қызмет атқарады?

-Шаша үлгілерін жасайды. Шаш қияды.

-Шаштаразшы қандай құралдар пайдаланады?

-Дұрыс айтасыңдар. Қайшы, тарақ, шаш қатырғыш, шаш түзейтін құралдар және т.б.

Балалар біз бүгін сендермен, шаштаразшының құралдарының суретін саламыз.

Ол үшін бізге краска, қыл қалам және де ақ қағаз қажет.

Сергіту сәті:

Жел соқты, жел соқты,

ағаштар желмен шайқалды.

жел соқты, жел соқты,

жапырақ түскен байқалды.

Жарайсыңдар балалар.Енді тарақ пен қайшының суретін саламыз. Сурет салмас бұрын сурет салудың ережесін түсіндіріп өту.

Ойын:    «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

Балалар Мамандықтарды Тек қана қалада немесе тек қана ауылда істелінетін қызмет түрлері болады. Сонымен бірге ауылда да қалада да істелінетін түрлері бар. Мысалы Малшы,диқаншы,фермерлік жұмыстар,мал дәрігері, малшы,шопан,жылқышы ,тракторшы, аңшы, ұста тек ауылда.Ал Инженер, тоқымашы,мәнерлеп сырғанаушы,т.б қалада.Мамандықтың көбі қала мен ауылда да бар. Кітапханашы, дүкенші,есепші, биші, әнші,жүргізуші,жөндеуші.

Ойын « Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс істейді?

Балаларға мамандықтардың суреттері беріледі. Олар Ауылда істелінетін мамандық болса ауылдың суреті тұсына,қалада болса қаланың суреті тұсына,ауыл мен қалада істелінетін болса сол сурет маңына барып тұрады.


Қорытынды: Суретті жақсы салған балаларды айту.

Балаларды мақтау, мадақтау.