| Мағынаны тану Оқушылардың төмендегі сұрақтар бойынша ойлары тыңдалады: мақсатқа жеткенімізді қалай көрсете аламыз, яғни салыстырғанда, талдағанда, баға бергенде қандай әрекетті орындай алуымыз керек. Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлініп, топтарда мұғалім ұсынған тарихи деректермен танысады. Осыдан кейін берілген тапсырмалар бойынша пікірлеседі. Тапсырмалар Тарихи дерек 1941 жылдың 22 маусымы күні Гитлер басқыншылары Советтер Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, еліміздің бастыс шекарасындағы Украина, Беларуссия, Молдавия жерлерін тез басып алды. Осы жерлерде жергілікті тұрғындар, елінің патриоттары жау тылында партизан отрядтарын құрып, орманда жасырынып жүріп жауға қарсы соғысқан. Берілген тарихи деректер Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінде көрініс тапты. 1.Повестен берілген пікірді дәлелдейтін мысалдарды келтір: Повесте баяндалған оқиға аталған елдердің қайсысында болды. Осы елге жататын ел, жер аттарын мәтіннен тауып ата 2.Повестің кейіпкерлерін атап, тарихи деректерге қатысын түсіндір Топтардағы талқылаулар аяқталуға 2 минут қалғанда әр топтан өкілшығып, басқа топтарды аралап, талқылауларын тыңдайды. Қайтып келіп өз топтарының талқылауларымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. Осы тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылар дәптерлеріне белгі қоямын. Бағалауға арналған дескриптор Мәтіндегі барлық елді мекен мен жер аттарын атап тауып бере алды Повестің барлық кейіпкерлерінің тарихи деректермен байланысын түсіндіріп бере алды Кері байланыс Мадақтау сэндвичі 1-не ұнады 2-сындарлы сын 3-не білгіңіз келеді Саралау тапсырмасы:Белгі қойылған оқушыларға 1тапсырма шығарма желісі бойынша сурет салады,оны жазушы тілімен суреттейді, 2.Соғыс кезіндегі және бүгінгі бала өмірін салыстырады. 2 - тапсырма Топтарда оқушылар берілген сұрақтарды талқылай отырып, кестені толтырады. Оқушыларға көмек ретінде «Әдеби-теориялық түсініктеме » беріледі. Өмір құбылыстарын шынайы беру үшін, кейіпкерлер бейнесін ашу үшін автор әртүрлі көркемдік тәсілдерді қолданады. Ондай тәсілдерге: суреттеу (табиғатты, портретті, кейіпкердің сезім-күйін), сипаттау (кейіпкердің мінезін сипаттау, оқиғаны сипаттау), монолог, диалог жатады | Кейіпкерлер | Кейіпкерлердің әрекеті | Кейіпкердің әрекетінен қандай әсер алдың | Автор қандай көркемдік тәсілқолданды | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | толтырған кестені жұппен талқылайды, түсіндіреді. ҚБ Мұғалім оқушылар талқылауларына қосымша нұсқаулықтар беріп көмектеседі.Бірін-бірі бағалайды Бағалау дескрипторлары Кейіпкерлер әрекетін баяндап бере алады Өзінің алған әсерін жеткізе біледі Қолданылған көркемдік әдістің қызметін түсіндіреді |