СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қмж жаратылыстану «Уақытты анықтау не үшін қажет?» 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Қмж жаратылыстану «Уақытты анықтау не үшін қажет?» 1 сынып»

Пән:Жаратылыстану

Сынып: 1 «Ғ»

Күні:27.02.19

Мұғалімнің аты-жөні : Тайлакпаева А.М.

Сабақтың тақырыбы: «Уақытты анықтау не  үшін қажет?»

 

Ұзақ мерзімдегі оқумақсаты

1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Уақыттың маңыздылығы туралы мысалдар келтіреді, уақытты өлшеу құралдарын және  уақыт өлшем бірліктерін ажыратады. Көрсетілген экспериментті бақылайды.

Көптеген оқушылар:  

Уақытты өлшеу құралдарының өзіндік белгілері бойынша айырмашылықтарын көрсетеді, уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. Көрсетілген эксперимент барысын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

Электрондық сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауда көрсетілген эксперимент бойынша қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

*Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.

*Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.

*Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.

* Уақытты өлшеу құралдарына қатысты  өлшем бірліктерін ажыратады.

Сөздік қор

 

Уақыттың не үшін қажет екендігін және сағат түрлерін таныстыруда уақыт- время- time, сағат- часы- clock сөздерін қолданамын.

Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылардың бойында  құрмет пен ынтымақтастық арқылы топтық жұмыс жасауда ережелерді сақтайды. Сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауда  өмір бойы білім алу құндылығы жинақталады. Уақытты тиімді пайдалануда еңбек пен шығармашылық қабілеті дамиды.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің 

сақталуы

«Досыңа бөлінген уақыт» ширату жаттығуын жасағанда топтық ережелерді және «Зерттейік» айдары бойынша бақылау жұмысында гүлдің өсуін, сағаттың көмегімен уақытты анықтау жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

«Шамалар. Уақытты бағдарлау» бөлімі бойынша уақытты, сағатты анықтайды.

Көркем еңбек

«Зерттейік» айдарында топтық шығармашылық жұмыс жасау арқылы түрлі түсті қағаз, тұрмысқа қажетті заттармен жұмыстанады.

Орыс тілі мен ағылшын тілі

Уақыттың не үшін қажет екендігін және сағат түрлерін таныстыруда уақыт- время- time, сағат- часы- clock сөздерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Проектор,  «Досыңа бөлінген уақыт» слайды, бейне жазбасын көрсету, сағаттың түрлері туралы АКТ көмегімен түсіндіру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар дұрыс әңгімелеу, түсініктерін еркін жеткізу, бақылау жүргізіп, тәжірибе жасау дағдыларына сүйенеді.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

(Ұ) «Досыңа бөлінген уақыт»

Сыныпта оқушыларды дөңгеленіп тұрғызу. Проектордан сағаттың суретін көрсету.

Оқушылар ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Сағат екенін қайдан білдіңдер?

Сағат неше бөлікке бөлінген?

Енді оқушылар достарымызға көңіл бөліп, сағат тілімен жаттығулар жасайық.

Оқушыларды сағат тілімен топтастыру.

Оқушылар сағатты қай жерде қолданамыз?

Не үшін қажет?

Уақыт- время- time, сағат- часы- clock

Оқушылардың жауабын тыңдағасын жаңа тақырыппен таныстыру.

Оқушылар бүгінгі танысатын сабағымыздың тақырыбы: Уақытты анықтау не  үшін қажет?

Бүгін Негеш пен Эврика достарымыз қонаққа келген екен сендерге көптеген зерттеу жұмыстарын, қызықты тапсырмаларымен.

Олай болса оқулықтағы 60 -беттегі  суретке назар аударайық.

Слайд. Сағаттың суреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сабақ ортасы

30 мин

 

 

 

 

  

 

 

 10 мин

Мағынаны тану

(Ұ.С) Оқулықпен жұмыс.

Кітаптағы суретке назар аударту.

Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналуда.

Оқушылардан сұрау:

А: Негеш пен Эврика қалай демалмақшы?

В: Олар сапарға қандай көлік түрімен барады? Ол қанша уақыт алмақшы?

С: Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің Негеш пен Эврика  қай жерден қайда барады?

ҚБ: Мұғалім бағалауы. «Жарайсың», «Бұл – жақсы жауап», «Сен жетістіктерге жетудесің!»

Қорытынды: талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек екен, баратын жер неғұрлым алыс болса жету үшін соғұрлым көп уақыт кетеді.

(ТС) «Мозайка» әдісі«Біз бақылаушымыз»

Оқушылар Негеш пен Эврика табиғат аясына саяхатқа шыққанда зерттеу жүргізген, ол қандай зерттеу екенін табу үшін мына алдарыңдағы конвертті ашып қараңыздар?

Оқушылар алып қарайды.

Қиынды суреттерден гүл  құрастырып, зерттеу жүргізеді.

Негеш пен Эврика нелерге зерттеу жүргізген?

Гүлдердің өсуіне қанша уақыт қажет екенін анықтаймыз.

Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз.


 

 

 

 

 

 

 Проектордың слайдынан сағаттың түрлерін көрсету. 

Сабақтың соңы

5мин

Ой толғаныс.

Кері байланыс. «Креативті матрица» әдісі.

Оқушылар жеке  жұмыстанып, өткен тақырып бойынша ойларын қорытады.

Өлшеу құралын тиімсіз қолдану –

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Уақытты кері қайтаруға ….

Уақытымызды …. өткізбейік.

Уақыттың анықтығын көбіне ……. пен …….. түрлерін пайдалануымыз керек.

Қорытындылау: Бізге бүгін көмектескен Негеш пен Эврика достарымызға рахмет айтып, бір-бірімізге шапалақ ұрайық.

  

 

 «Креативті матрица» әдісі сызылған сызбасы беріледі.






























































Тақырыбы:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдебиеті.

Күні :27.02.19 СЫНЫП: 1-сынып


Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдебиетімен танысу.

Сабақтың міндеттері

Мұғалім үшін: өз халқының салт-дәстүрімен танысуға қызығушылықтарын арттыру.Оқушылар үшін: «Салт-дәстүр» тақырыбында сурет салу.

Нені білулері керек

Өткен сабақта алған білімдерін қорытындылай алуы.

Нені үйренулері керек

Қоршаған әлемге көңіл бөлуді, беймәлім нәрсеге қызығушылық танытып, жаңа нәрсе туралы ақпрат іздеуді үйренулері керек.

Жұмысқа қажетті материалдар

Жұмыс дәптері, фломастер.

Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар

Оқулық, 88-89 беттер, альбомдар.

Тілдік құзіреттілік

МЕРЕКЕ ПРАЗДНИК HOLIDAY

Материалды түсіндіру

Cалт-дәстүр әр ұлттың әдет-ғұрпы , ұлттық киімі, мейрамы, ән-күйі,биі, ертегісі т.б

Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. ОлИранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Сабақтың қорытындысы

Қазақтың қандай халық ертегілері мен аңыздарын білесің? Оларды ата.

Кері байланыс



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!