Просмотр содержимого документа
«"Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар"»
№8
Тақырыбы:Көбейту мен бөлу-өзара кері амалдар.
Мақсаты: 1.Оқушыларға көбейту мен бөлу амалдары өзара кері амалдар
екенін түсіндіру
2.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
3.Логикалық ой-өрісін дамыту
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле
Көрнекілігі:үлестірмелер,кесте
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындық
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
13 бет №4,5 мәндерін тексеру
III Білімді тексеру кезеңі:
1. Ауызша есептеулер(қосуды көбейтумен алмастыру)
2.Үй тапсырмасын қорытындылау
IV Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Көбейту мен бөлу -өзара кері амалдары
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.№1 Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болады?
(Қосылғыштары бірдей қосындыларды)
№2 Нәтижелерін есептеп шығару.(қосумен алмастырып)
№3 Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс
4*3=12 3*4=12
12: 4=3 12: 3=4,демек көбейту мен бөлу өзара кері амалдар
№4 суретті пайдаланып, есепті шығару
Кері сеп құру
№5 Суретті пайдаланып,тиісті сандарды табу.
2. Сергіту сәті
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. №6 Мұғалімнің басшылығымен қысқаша шартын құру
Асқар-18к. \
?кітап 18+(18+5)=41кітап
Қали-?5к. артық /
2. Шығармашылық тапсырма : 11 үшбұрыш
VII Бекіту кезеңі:
Қорытындылау
VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:
1. 15 бет №7
2.Бағалау