Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 09.01.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жануарлар қыста қалай өмір сүреді
Тақырыбы / Тема: "Көжек"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Сопақша және дөңгелек пішіндері арқылы көжек бейнесін салуға үйрету
2.Дамытушылық – развивающая Ұқыпты таза сурет салуға дағдыландыру.
3. Оқыту – обучающая : Жабайы аңдармен таныстыру
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,
Билингвалдық компонент : Көжек-кролик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
«Жол үстінде қу қазық.
Мергеншеге жол азық». (Қоян)
Балалар: жұмбақтың жауабын шешеді.
Тәрбиеші: Балалар біреу есікті қағып тұрған секілді. Балалар қараңдарышы
бізге қонаққа қоян келіпті.
Қоян: Сәлеметсізбе балалар?
Балалар: Сәлеметсізбе қоян.
Тәрбиеші: Қоян сен неге мұңайып тұрсың?
Қоян: Мен серуендеп жүріп көжектерімді жоғалтып алдым. Сендерден
көмек сұрағалы келдім.
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесемізбе?
Балалар: Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Қоян, біздін балалар сурет салып болғанша сен мына сәбізді
жеп көңілденіп отыр. Балалар бүгін біз қоянның көжектерін
табуға көмектесеміз. Балалар қоян нені жақысы көреді?
Балалар: Сәбізді жақсы көреді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар қоянның баласын не деп атаймыз?
Балалар: Көжек деп атаймыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар енді көжектің дене мүшелерін
атаймыз. Көжектің денесі, басы, құлағы, аяғы, құйрығы болады.
Балалар көжектің денесі қандай пішінге ұқсайды.
Балалар: Сопақшаға ұқсайды.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Көжектің басы қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар көжектің құлағы қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Сопақшаға ұқсайды.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар көжектің аяғы қандай пішінге
ұқсайды.
Балалар: Сопақшаға ұқсайды.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар көжектің құйрығы болады, ол
дөңгелекке ұқсайды. Балалар енді мен көжектің суретін салып көрсетемін. Алдымен көжектің денесін саламыз. Ол сопақшаға ұқсайды. Басын саламыз ол дөңгелекке ұқсайды. Балалар құлағы, аяғы, құйрығы қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Сопақша және дөңгелек.
2. Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше сурет салып үйренеміз. Ақ беттің
ортасына сопақша денесімен дөңгелек басын салайық.
Сергіту сәті:
Қоян отыр кішкентай
Құлағы оның өзінен зор
Отыра берсе қоян тағы тоңады
Сондықтан секіріп-секіріп алады. (2-3 рет)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ендеше жұмысымызды жалғастырамыз. Балалар
суретті салып болғандарың көрсетіңдерші? Жарайсыңдар. Қоян,
міне біздің балалар сізге көжектің суретін салып берді. Сізге
ұнадыма?
3.Қортынды
Қоян: Ой, балалар рахмет сендерге. Енді көжектермен бірге боламын.
Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ненің суретін салдық? Қандай дене мүшелерін
салдық? Қандай пішінге ұқсайды? Балалар барлығыңда бүгін
сабаққа жақсы қатыстыңдар