| Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру. Міндеттері: Білімділігі: - адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру; Дамытушылығы: - адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету; Тәрбиелілігі: - оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик) Тыныштық сәті : Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. | Ресурстар: (құралдар,мәліметтер) 6 мин. |
| 3.Дәйексөз: «Өзіне сен, өзіңнің күшіне сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен. Алысың да сыйлайды, жақынын да сыйлайды, Өзіңді өзің төменге түсірмесең» Ә. Тәжібаев | 7 мин. |
| 5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: Бұл әдіс әр дара тұлғаның өзіндік қабілетін, ой тереңдігін дамытуға ықпал етеді. Орайластырып берілген шығармашылық тапсырма оларды ізденімпаздыққа жетелейді. Төменде берілген Б.Күлеевтің «Өзім» атты өлеңін оқып, балалар өмірдегі барлық жақсылық та, жамандық та, жеңіліс те, жеңіс те әркімнің өзіне байланысты екендігіне мән береді. | 4 мин. |