СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көктемнің келбеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

 

Көктем келбеті

Мақсаты:

Көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру.

Міндеті:

Балаларды көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен  өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету. Табиғатқа деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Кірпі ойыншығы; (Суретте өзен үстіндегі мұз, мұз сүңгісі, тау басындағы ақ қар, аппақ қоян, жемсауытта жем жеп отырған құстар бейнеленген)

 

 

Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы

кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Топ бөлмесінен кірпінің баласын тауып алады.

-Балалар қараңдаршы мен не тауып алдым?

Өзі сондай кішкентай әрі сүйкімді. Анасынан адасып қалған ғой. Кірпілер қайда өмір сүреді? Ендеше оның анасы қайда кетті екен. Оны даладағы қар әбден кетіп жасыл шөп шыққанға дейін осы жерде ұстайық. Жалғызсырап қалмасын деп қасына достарын жасап берейік. (балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)

Балалар, қазір жылдың  қандай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар. Біз кірпіні жер жасыл түске оранғанда ғана шығара аламыз. Ал қазір ерте көктем. Далада жасыл шөптер шықты ма? Міне мына суретке қараңдаршы. Дәл қазіргі кез бейнеленген. Көктем жаңа ғана келді. Келе сала далада не болды? (Суретке назар аудартады) Дұрыс айтасыңдар күн сәл жылынды да қарды ерітті.Бірақ күннің жылуы әлі аз болғандықтан қар түгел еріп кеткен жоқ, шөп те шыға алмайды.Сендер таңертең келе жатқанда ауа-райы қандай болады? Ал біз серуенге шыққанда күн қандай болады? Дұрыс айтасыңдар ол кезде күн жылынып кетеді. Бірақ кешке сендер балабақшадан қайтқанда ол қайта суытып кетеді. Көктем алғаш келгенде ауа-райы осылайша құбылып тұрады. Сондықтан да біз әлі жылы киініп жүреміз. Қардың барлығы еріп болған соң бізге шуақты көктем келеді. (Екінші суреттке назар аудартады) Ол кезде далада не пайда болады? Дала қалай түрленеді?

Мына суретті сендерге солтүстіктен ақ аю беріп жіберіпті.Ол көктемді өзінше бейнелепті. Бірақ ол көктем туралы әлі көп нәрсе білмейді екен.  

 «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?» дидактикалық ойыны. Суреттің қатесін түзейік.(алмалы-салмалы сурет кескіндер қолданады)

-Көктемде балалар аққала жасап ойнайды ма?

- Ағаштарда не пайда болады?

- Өзеннің үстінде не бар? Дұрыс па?

-Көктемде жаңбыр жауады ма?

(балаларға сұрақтар қоя отырып, дұрыс жауаптар таңдауға , өз ойларын айтуға бағыт береді) Міне, енді бұл суретте көктемнің келгенін көруге болады. Солтүстікке қайтада беріп жіберейік. Ақ аю нағыз көктемнің қандай болатынын көрсін.

Көктемгі күнмен  сергіп алайық.

Көзге арналған жаттығу

Күн таңертең тұрды ерте, 

Санап бұлтты неше мәрте

Жоғары қарады,

Төмен қарады,

Оңға және солға,

Қөзін ашып қарады,

Дереу қөзін жұмып алды,

Оянғысы келмей қалды.

Көктемде күннің көзі жыли береді, ысиды, содан кейін топырақты жылытады, ағаштар мен өсімдіктер оянады.Ал,сендердің «Күн » болғыларың, күннің сәулесі болғыларың келеді ме?

«Күн сәулесі» дидактикалық ойыны.

(Балалардың мойнына күннің көзі салынған медальдар тағады) Міне сендер енді кішкентай күннің шуағысыңдар.Ал енді күннің жұмысына кірісейік.Жан-жақтарыңа қараңдаршы, мүмкін бір жерлерде ерімей қалған қар бар ма екен?Оны тауып еріту керек.Барлығымыз іздейік! (табақшаға салынған қарды тауып алады) Ой, қандай қар үйіндісі қалып қойған. Ерітеміз,ерітеміз.(сыйқырлаған сияқты алақанымен қарды жабады.Тәрбиеші алдын ала табақтың астына жылы су құйылған ыдыс қойып қояды.)

-Қар қандай күйге айналып барады?

-Күннің көзі қандай болып барады?

-Ал қар қандай? (Ұстап көрулерін сұрайды)

Күннің көзі қарды ерітті.

«Ағашты жандандыр» дидактикалық ойыны.

Біз енді табиғатқа көмектесу үшін саяхатымызды жалғастырайық. Мына ағаштың бұтағында нелер пайда болған?

Оның біраз бүрлері оянған екен.Бүршіктерін жарыпты. Қалғанын ашуға көмектесейік. (алдын-ала дайындалған кішкене жапырақтарды көрсетеді)

Бұтақтарға жапырақтарды жапсырайық.(жапсырма лента пайдаланады, немесе панно қолдануға болады) Міне, күннің шұғылалары енді ағаштарды да оятты.

«Не, қандай болады?»дидактикалық ойыны. Көктемде күннің шұғыласынсыз еш нәрсе өзгермейді. Алдарыңда жатқан әдемі суреттерді қараңдаршы(суреттерге назар аудартады)

-Оның не екенін және көктемде қандай болатынын айтып беріңдерші.(Суретте өзен үстіндегі мұз, мұз сүңгісі, тау басындағы ақ қар, аппақ қоян, жемсауытта жем жеп отырған құстар бейнеленген)

Балалар сендер бүгін кірпінің баласына нағыз көктемнің қандай болатынын көрсеттіңдер.Енді ол ерте оянбайтын болады.Күннің көзі әбден жылынғанда ғана шығатын болады.

 

Қызықтайды.

Орманда, далада екенін айтады.

 

Үлгіге қарап тастанды заттардан кірпілер жасайды.

 

 

 

Суретті әңгімелеп, ондағы құбыластарды атайды.(қар еріп жатыр, жерде шалшық сулар пайда болды, ағаштарда жапырақтар да бүршік те жоқ, балалар мен адамдар әлі жылы киіммен жүр, т.б.)

 

 

Таңертең суық болғанын айтады.Серуен кезінде күннің қандай болғанын айтады.

Суретте көріп тұрған құбылыстар мен өзгешеліктерді атайды.Екі суретті салыстырады. (Ағаштар мен өсімдіктерге аррдың киімдеріне қарайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктемде болатын құбылыстарды атайды, болмайтын құбылыстарды ажыратады.

 

 

 

 

Көздерін жаттықтырады.

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің ұсынысына келіседі.

 

 

 

 

Қарды іздейді.Алақандарымен қарды көлегейлейді.

 

 

 

 Қар еріп, суға айналып барады

Күннің көзінің қыздырып жатқанын айтады.

Қардың суық екенін айтады.

 

 

Ағаш бұтағындағы бүршіктерді байқайды, атайды.

 

Жапырақтарды ағаш бұтақтарына жапсырады.

 

 

 

 

 

Суреттегі заттардың көктемде қандай болатынын, не істейтінін айтады( мұз сүңгісі ериді, тамшылап тұрады, жерге түсіп сынады, сырты жылтыр тайғанақ болады.Т.б)

Рефлексивті-түзетуші

«Қыста, көктемде» ойынын ойнайықшы.

Мен допты қыста болатын құбылысты айтып лақтырамын ,ал сендер көктемде қандай болатынын айтып қайтарасыңдар.

Қыс кетті, ал көктем....

Қыста аю ұйықтайды, ал көктемед...

Қыс суық, ал көктем ...

Қыста күн аяз, ал көктемде..

Қыста қар жауады, ал көктемде ...

Қыста қар үйіндісі биік, ал көктемде...

Қыста тон киеді, ал көктемде ...

Қыста қоянның тоны ақ, ал көктемде...(бала санына қарай жалғастырады)

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқан сөйлемін ойын шартына қарай жалғастырады, көктемде болатын өзгерістерді атайды.

Күтілетін нәтиже: 

Нені білу керек:

Көктем ерекшеліктерін білу керек.

Нені игереді:

Жаңа сөздер мен ұғымдарды игереді.

Нені біледі:

Көктем мезгілінің айырмашылықтарын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Көктемнің келбеті»

Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Ағаштар бүршік жарды

Мақсаты:

Ағаштар мен көшеттердің айырмашылықтарын білуге үйрету.

Міндеті:

Балаларды тірі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттағы өзгерістерді байқауға, бақылауға үйрету. Анықтау мен зерттеушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарын ояту.Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым жолдары мен күнделікті өмірде табиғатты жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыт

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

(Ағаштардың: үйеңкі, емен, қайың суреттері ілінген ширманы немесе панно қояды); таспа

Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең










Ұйымдастырушы

кезең




































Сергіту сәті

(Тәрбиеші орман ханшайымының кейпінде келеді)

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманнан сендерге сәлем ала келдім. Менің орманымды көргілерің келеді ме? Орманда неше түрлі өсімдіктер мен жануарлар бар.Қарны ашып аю да ұйқысынан оянып жатыр.Аюға арнап жидектер жасап берсеңдер жақсы болатын еді. Сендерден сәлемде ала барамын орманға.(балалардың жартысын мүсіндеуге отырғызады)

Қазір нағыз сиқыр болады.Орманды көру үшін көздеріңді жұмыңдар.(балалардан көздерін жұмып отыруды сұрайды. Орман құстары сайраған таспаны қосады, арнайы жасалған ширманы қояды)

Айтыңдаршы тұрғыны не

Орманның қалың ең басты.

Тіршілік жоқ оларсыз

Білсеңдер тауып айтыңдаршы.

Дұрыс айтасыңдар ,ал менің патшалығым қалай аталады?(Орман дыбысын үнтаспадан қосады).

-Балалар, ағаш деген не?

-Оның құрамдық бөліктерін айтып берңдерші.

-Сендер қалай ойлайсыңдар ағаш тірі ме?

-Неге?

-Орманда ағаштардан басқа тағы нелер өмір сүреді?

-Олардан ағаш несімен ерекшеленеді?

-Бәрін дұрыс айттыңдар.Ендеше қазір ойын ойнайық.

«Қай ағаштың жапырағы?» дидактикалық ойын. (Ағаштардың: үйеңкі, емен, қайың суреттері ілінген ширманы немесе панно қояды) Біздің ағаштар жалаңаш тұр екен. Сендер оларды жапырақтарын іліп ,киіндіре қойыңдар.

-Бәрекелді, балалар. Барлық ағашты сәнді киіндіріп қойдыңдар. Ал енді маған айта қойыңдаршы, ағаштар бізге не үшін қажет? Иә, ағаштар –біздің қорғанымыз, біздің ауамызды тазартады, жерімізді көріктендіреді, бізге сая береді.Біз оларды қорғап, күтуіміз қажет.


Ал енді барлығымыз дәнге айналайық.

Кіп-кішкентай тұқымбыз,( бүктеліп отырады)

Жылыны жақсы көреміз, (бастарын сипайды)

Көктем шыға тұрамыз. (орындарыан ұрады)

Жер бетіне шығамыз. (жан-жағына қозғалады)

Жайып жасыл жапырақ,(қолдарын екі жаққа жаяды)

Бүршікті біз ашамыз.(Кең құшақ жаяды)

Жұмыс дәптерінен тапсырма.(Балаларға тапсырманы түсіндіреді.Екінші топтың жұмысын көреді)

«Ағашта не тұрады?» дидактикалық ойыны.

-Балалар, біз сендермен серуенге шыққанда ағшты үнемі бақылап жүреміз.Міне, көктем де келді. Қалай ойлайсыңдар ағашты мекен ететін жануарлар мен жәндіктер тағы пайда болды ма екен. Олар нелер еді, есімізге түсірейікші. Қайсы қайда тұрады?

Көрдіңдер ме балалар егер ағаш болмаса қаншама тіршілік иелері үйсіз қалаиын еді.


«Көңілді, көңілсіз» дидактикалық ойыны.

-Балалар, қараңдаршы ағаштар көңілді және көңілсіз болады екен.(Екі ағаштың суретін көрсетеді.Бет әлпеті салынған. Бірі-көңілді, екіншісі көңілсіз)

-Біз олардың қай кезде көңілді қай кезде көңілсіз болатынын табайық. (қима кескін суреттер бар столға назар аудартады, тиісті ағашқа орналастыруларын сұрайды)

Сәлемдеседі.







Жидектер мүсіндеуге отырады.Үлгіні қолданады.



Әуенді тыңдап көздерін жұмып отырады.









Орман екенін айтады.Ағаштың құрлысын ажыратып атап шығады(тамыры, діңгегі, бұтағы т.б) Ағаштардың өсетінін, жапырақ шығаратынын, жеміс беретінін айтады.

Ағаштың бір орында тұратынын, дыбыс шығармайтынын айтады.




Ағаштардаың әрқайсысының жапырағын тауып жапсырады.





Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып жауаптар береді(жиһаздар жасаймыз, отын қылып жағамыз, т.б)





Қимыл-қозғалысты тақпақ сөзіне сәйке жасап тұрады.







Дербес отырып тапсырманы орындайды.







Ағашта өмір сүретін жәндіктер мен жануарларды, құстарды атап көрсетеді, орнына орналастырады.Олардың зияны мен пайдасы туралы айтады.







Заттар мен жәндіктер және жануарларды, құстарды тиісті ағаш суретінің жан-ждағына орналастырады, себебін түсіндіреді.

Рефлексивті-түзетуші

-Бүгін біз не туралы айттық?

-Оның қандай бөліктері бар?

-Ағашта нелер өмір сүреді?

-Ағашқа қандай күтім қажет, біз оны қалай қорғауымыз керек?

-Не үшін оларды қорғаймыз?



Сұрақтарға ойларын қортындылап жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Ағашта тіршілік ететін жәндіктер мен өзге де тіршілік иелерін, ағаштың бөліктерін білу керек.

Нені игереді:

Ағаш пен онда тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлар, құстардың өзара байланысын игереді.

Нені біледі:

Ағашты күтуді үйреніп біледі.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!