Тақырыбы: «Көктем аруы»
Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, қыздар арасында сайыс, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Бөлімі:
І. Қыздар сайысы ІІ. Аналарға құрмет
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
3. Өнер көресету
4. Мақал-мәтел
5. Сән үлгісі.
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Бүгін сіздер мектебіміздегі оқушы қыздарымыздың асыға күткен «Көктем Аруы» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!
2 жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
Бейнежазба: «Аналарды құттықтау»
Тақпақ: Бастауыш сынып оқушылары.
Ән: «Құттықтаймын, мама!»
1 жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)
2 жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
3. Өнер көресету
4. Мақал-мәтел
5. Сән үлгісі.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------
1 жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
2 жүргізуші:
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз.
1 – сайыс: «Өзін - өзі таныстыру»
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен бес ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстыру: Қыздар.
1 жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Қазақша вальс», қабыл алыңыздар!
Би: Ермуханова Аделя.
1 жүргізуші:
Сайыс: «Салт-дәстүрді білесің бе? »
Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
-деп келесі сайысымыз «Салт-дәстүрді білесің бе? » деп аталады. Қыздары үйге берілген тапсырмасы бойынша дайындап келген салт -дәстүр туралы айтады.
2 жүргізуші: Келесі кезекте бастауыш сынып оқушылар дайындағын шағын көрінісімді тамашалайық.
Көрініс: «Үш ана»
1 жүргізуші:
Сайыс: «Өз өнері»
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік. Арулардың өнерін тамашалайық.
жүргізуші:
Сайыс: «Мақал-мәтелді жалғастыр.»
Мақал-мәтел ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ, сыншы, адал ақылшы. Келесі кезекті сөз мәйегі мақалды жалғастыру сайысына береміз.
Ата-ананың қадірін...........................(балалы болғанда білерсің.)
Анаңа ауыр сөз айтпа!............................ ... ( Атыңа ауыр жүк артпа! )
Ананың сүті—бал, ............................................. (Баланың тілі — бал.)
Гүл өссе жердің көркі .........................................(Қыз өссе елдің көркі)
Қайтып келген қыз жаман,............................. (Қайта шапқан жау жаман. )
Әкеге қарап ұл өсер....................................(Шешеге қарап қыз өсер)
Қызым саған айтам......................................(келінім сен тыңда.)
1 жүргізуші: Ұлдарымыздың орындауында көрініс, тамашалайық.
Көрініс: «8 наурыз»
жүргізуші:
Сіздер- Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер-өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер-ана, сіздер-жар, сіздер-қыздар,
Сіздер, жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Бейнежазба: «Аналар»
1 жүргізуші:
Сайыс: «Сән үлгісі»
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй- дей келе оқушылардың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар
Ән: «Аналар алтын»
1 жүргізуші:
Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.
Құттықтау, марапаттау.
2 жүргізуші:
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз! «Көктем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!!!




5
4
3
2
1