|
Мотивациялық -қозғаушылық
|
Ойын: «Кім көп біледі?»
Шарты: Шеңберге тұрған балалар, бір біріне допты беру арқылы қыс мезгіліне байланысты сөздер айту.
Миға шабуыл:
- Қыс мезгілі қандай болады?
-Қыста қалай киінеміз?
-Қонаққа Дулат есімді бал келеді. Ол өзінің қолғабын жоғалтып алғанын айтады. Тәрбиеші оны жұбатады.Балалармен бірге отырып, жылынып, тақпақ тыңдауға шақырады.
|
Шеңберде тұрып,бір-біріне допты беру арқылы мынадай сөздерді айтады:қар, суық, боран ,аяз, жел,мұз т.б.
-Қыс мезгілі суық,аязды, боранды болады.
Қыста қалың, жылы киінеміз.
Дулаттың қолғабы жоғалғанын біліп,жанашырлық танытады.
Дулатты тақпақ тыңдауға шақырады.
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Өлеңмен жұмыс:
«Қолғап» тақпағын оқып беру.
Сұрақ-жауап:
-Өлең не туралы?
-Қолғап қайдан келеді?
-Ол не үшін керек?
-Тақпақтың мазмұны бойынша сызылған тірек сызба арқылы әңгімелесу.
Дидактикалық ойын:
«Сыңарын тап»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін арттыру
Шарты: Көп қолғап ішінен ерекшелігіне сәйкес өз қолғабын таптыру
|
Тақпақты мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы:
-Өлең қолғап туралы.
-Қолғапты аналар , әжелер тоқиды, тігеді.
Қолғап біздің қолымызды тоңдырмау үшін керек.
Тірек сызба бойынша, 1-2 бала тақтаға шығып ,не түсінгенін айтып береді.
Қолғаптардың ішінен ерекшеліге сәйкес өз қолғабын тауып алу
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Д/о:Қай кезде киеміз? Арқылы қорытындылау
Мақсаты: әртүрлі мезгілде киетін киімдердің суреттерін көрсету арқылы, киімді атап, оны қай мезгілде киетінін айтқызу.
|
Киімдердің суретіне қарап,пальтоны қыста киеміз.Ал,туфлиді күзде және көктемде киеміз –деп жауап береді.
|