СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көлік инфрақұрылымы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде Көлік инфрақұрылымының элеметтерін сипаттап , маңыздылығына баға береді.

Просмотр содержимого документа
«Көлік инфрақұрылымы»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 Әлеуметтік– экономикалық ресурстар

Мектеп: КММ «№15 гимназия»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қозметова Айдана Ертайқызы

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§55. Көлік инфрақұрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Көлік жүйесі, көліктің түрлерін және инфрақұрылым ұғымдарын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі.

Географиялық картаны пайдаланып, көлік желісінің тығыздығын анықтайды және көлік түрлерінің сипаты бойынша елдерді жіктейді.

Кейбір оқушылар.

Қазақстанның көлік инфрақұрылымын анықтап, ел экономикасын дамытудағы көлік жүйесінің рөлін бағалайды.

Бағалау критерийі

-Көлік жүйесі және көліктің негізгі түрлерін біледі.

-Картадан елдердің көлік желісінің тығыздығын көрсетеді.

-Мемлекттерді көлік жолына қарай жіктеп, елге экономикалық сипаттама береді.

-Қазақстанның көлік инфрақұрылымының таралуын және болашағын біледі.

Тілдік мақсаттар.

Пәндік лексика мен терминология


Терминдерді пайдалана отырып, сұрақ- жауап арқылы әлеуметтік, экономикалық тұрғыда сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Тақырыпқа қатысты термин сөздерді мағынасын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады.

«Инфрақұрылым», «көлік және оның түрлері», «көлік жүйесі», «көлік саласы дүниежүзілік инфрақұрылымның бір бөлігі», «көлік кешенінің дүниежүзілік және Қазақстан экономикасындағы ролі», «дүниежүзінің аймақтары және Қазақстан бойынша көліктің даму ерекшелігі және тенденциясы»

Құндылықтарға баулу




«Мәңгілік ел» идеясы бойынша индустрия және инновацияға негізделген экономикалық өсу құндалықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих- тарихи кезеңдер бойынша көлік түрлері мен көлік жолдарының таралуын анықтайды.

Экономика – елдің даму үрдісінде инфрақұрылым саласының маңызын білуі.

Күтілетін нәтиже

-Көліктің негізгі түрлерін және оның маңызын біледі.

-Мемлекеттерді көлік жолына қарай жіктей алады.

- Қазақстанның көлік инфрақұрылымының таралуын және дамуын біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Белсенді оқытудың әдістері

«Сиқырлы таяқша», «Матрица» , «Миға шабуыл», «Гауһарлар иерархиясы», «Бес сұрақ», «Түртіп алу», «Постер құру», «Географиялық диктанат», «Табыс сатысы»

Саралау тәсілдері

Оқушыларға деңгейлік жеке, жұптық, топтық тапсырмалар беру

Критериалды бағалау

Сабақтың барлық кезеңдері бойынша қалыптастырушы бағалауды қолдану

Дескрипторлар

-Көліктің негізгі түрлерін және оның маңызын білетін болады.

-Мемлекеттерді көлік жолына қарай жіктей алатын болады.

- Қазақстанның көлік инфрақұрылымының таралуын және дамуын білетін болады.

-Ел дамуы үшін жолдардың рөлінің маңызын білетін болады.

-Күнделікті өмірде көлік түрлерін мүмкіндігінше қолдану аясын білетін болады.

Кері байланыс

«Географиялық диктант»

Алдыңғы білім


7.5.1.4 табиғи ресурстарды игеруге қатысты мәселелер тақырыбы бойынша «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы алдыңғы сабаққа шолу

АКТ

Интерактивті тақта, флипчат

Ресурстар

Дүниежүзі инфрақұрылым картасы, Қазақстанның көлік дәліздерінің сызбасы, Қазақстанның инфрақұрылым картасы


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын сұрау

1.Ұйымдастыру кезеңі- сабаққа кірісер алдындағы жылы атмосфераға қол жеткізіледі. Сабақтың тақырыбын оқу, сабақ мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

2. «Сиқырлы таяқша» әдісімен үй тапсырмасын еске түсіру. Берілген қайталау сұрақтарына шапшаң жауап береді. 


«Сиқырлы таяқша», «Матрица»

1

2

3

4


5


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып

20 минут

Топқа бөлу:Топқа бөлу кезінде 3 түрлі машина үлгісі бар шағын белгі қолданылады.

Оқушылардың әрқайсысы ұйымдасқан түрде жаңа құрылған топ құрамына тез жайғасады

Оқушыларға жаңа тақырып туралы мағұлмат беру.

1) Бейнеролик : Топтың зейінін интерактивті тақтадағы бейнелерге аударады.

Мақсаты: материалдық өндіріске және тұрғындарға қызмет көрсететін көптеген салалардың үлкен тобын білу. Олардың құрамын анықтау.

Бейнеролик жайлы не айта аласыздар?

Көрген мәліметтің маңыздылығы мен құндалағын анықтаңыз.

Бейнеролик не жайлы?

Бірлесе талқылап, өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар. (рефлексия)

Бұл талқылаудан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айнықталады.

2) Тақырыпты оқу:

1. Көлік жүйесі дегеніміз не? Көліктің негізгі түрлерін атап шығыңдар?

2. Көлік жолдары жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіші қандай?

3. Көлік желісінің жолаушылар және жүк айналымын қалай анықтайды?

4. Дүниежүзілік жүк айналымында, теңіз көлігі не себепті жетекші орында?

5. Қазақстандағы жетекші көлік түрі? Не себепті жетекші орында?

6. Инфрақұрылым дегеніміз не?

3) Топтар бойынша деңгейлік тапсырмалар

1- топ. Географиялық картаны пайдаланып, Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азияның көлік желісінің тығыздығын анықтаңдар? «Көлік түрлерінің сипаты» деген кесте құрастырыңдар

2- топ. Мемлекетті көлік жолына қарай отырып сипаттайды дегенді қалай түсінесіңдер?

3- топ. Ел экономикасын дамытудағы көлік жүйесінің ролін бағалаңдар. Қазақстанның көлік инфрақұрылымының болашағын анықтаңдар.

Қалыптастырушы бағалау топтар бір- бірін бағалайды.

Интретактивті тақта, Индустриалды –инновациялық жобалар бейнеролигі












«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды анықтайды.











«Постер құру» және оны әр топ қорғайды.

Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс
























Функциональді сауаттылықты дамыту

Рефлексия


Жұммыс мақсаты: сабақ барысында алған білімнің деңгейін анықтау.

Білу: Инфрақұрылым дегеніміз не? Және оның түрлері мен маңызын білу.

Қолдану: Географиялық картаны пайдаланып көлік желісінің тығыздығын анықтай алу.

Түсіну: Ел экономикасын дамытудағы көлік жүйесінің ролін бағалай және Қазақстанның көлік инфрақұрылымының болашағын анықтай алу.

1...........– материалдық өндіріске және тұрғындарға қызмет көрсететін көптеген салалардың үлкен тобы (қызмет көрсету саласы).

2........... – бір-бірімен көлік жолдары және торабтары арқылы байланысқан, барлық көлік түрлерінің жиынтығы.

3. Көлік желісінің жиілігі –....................

4. Барлық көлік түрлері үшке бөлінеді: .............................

5. Ла-Манш арқылы өтетін теңіз асты тоннелі ............................ жалғастырады.

6. Көлік инфрақұрылымы ................ дамытады.

7. Дүниежүзілік көліктің даму тенденциясы- бұл ...........................

8. Қазақстан арқылы өтетін ірі құбыр жолдары ........................................

ҚБ бойынша жұптар бір- бірін бағалайды.

Функциональді сауаттылықты дамытуға арналған сұрақтар:

1.Бүгінгі сабақта сендерге не жаңа болды?

2.Инфрақұрылым кешені адам өмірінде қаншалықты маңызды?

3.Оқулықтағы тақырыппен жұмыс жасау пайдалы болдыма?

4.Өзіңе қаншалықты пайдалы ақпарат алдың?

5.Сен мұны қай уақытта және қалай қолданасың?


«Географиялық диктанат»


























«Бес сұрақ»

Үй тапсырмасын беру

1 минут

§55. Көлік инфрақұрылымы оқу. Өзің тұратын ауданның инфрақұрылым жүйесінің сызбанұсқасын құр.


Бағалау

2 минут



Бағалау критериі

Дескриптор

+

-

Көлік жүйесі және көліктің негізгі түрлерін атап, мемлекттерді көлік жолына қарай жіктеп, елге экономикалық сипаттама береді.


Көліктің негізгі түрлерін және оның маңызын білетін болады.



Мемлекеттерді көлік жолына қарай жіктей алатын болады.



Қазақстанның көлік инфрақұрылымының таралуын және дамуын білетін болады.



Ел дамуы үшін жолдардың рөлінің маңызын білетін болады.



Күнделікті өмірде көлік түрлерін мүмкіндігінше қолдану аясын білетін болады.




Өзін-өзі бағалау

2 минут


1.Мен ештеңені түсінген жоқпын

2.Тақырыпты қайталауды қажет етемін

3.Мен барлығын түсіндім және қолдана аламын.














«Табыс сатысы»