СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Колледждің әдістемелік қызметі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледждің әдістемелік қызметі қазіргі заманның талаптарына сай  өзінің кәсіптік әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға  педагогикалық қызметкерлерді даярлау үшін ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық  негіз болып табылады

Просмотр содержимого документа
«Колледждің әдістемелік қызметі»

Колледждің  әдістемелік қызметі



Колледждің әдістемелік қызметі қазіргі заманның талаптарына сай  өзінің кәсіптік әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға  педагогикалық қызметкерлерді даярлау үшін ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық  негіз болып табылады.

Белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға орай колледж «Оқытушының кәсіби құзіреттілігі – сапалы білім берудің негізі» атты әдістемелік тақырыбымен жұмыстанып келеді және әдістемелік жұмыстар келесі бағыттарда жүзеге асырылды:

  • Оқытушылардың кәсіби даярлығын арттыру;

  • Жас мамандармен жұмыс;

  • ПЦК-мен жұмыс;

  • Оқу үдерісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе жетістіктерін енгізу;

  • Педагогикалық жаңалықтармен алмасу, медагогикалық тәжірибелерді тарату, жинақтау, көрсету;

Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда колледжде біліктілік көтеру курстары бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.Барлық оқытушылар өз біліктіліктерін жыл сайын біліктілік көтеру талаптарына сай көтеріп отырады.

Педагог кадрларды қайта дайындау «Өрлеу» обл.ПКБКжҚДИ- да , «Мемлекеттік кәсіптік білім беру институты» Беларус Мемлекеті, «Холдинг «Кәсіпқор», «РНМЦ» АҚ Орал қаласы, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық ғылыми- зерттеу институты»ЖШС. «Өскемен» білім тарату орталығы, Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты, «Информационные технологии 5 плюс» Астана қаласы, «Business IQ» Бизнес Орталығы, Ұлыбритания, Лондон қаласы.

2016-2017 оқу жылы жоспарға бойынша, біліктілігін жоғарылату курстарын 18 оқытушы өту керек болатын, жалпы оқу жылы барысында 53 оқытушы курстан өтті. Бұл педагогикалық ұжымның 37% пайызын құрайды.

Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін көтерудің бірден-бір түрі іс- тәжірибеден өту болып табылады.

Біз арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін жаңа жүйе бойынша іс – тәжірибеден өтулеріне көңіл бөлеміз. Бұл мәселені шешуде әдістемелік қызмет әлеуметтік серіктестерге өтініш білдіріп, көмек сұраған болатын. Қазіргі уақытта өндіріс орындарынан іс- тәжірибеден жаңа үлгі бойынша өтуде

Осы оқу жылында Холдинг «Кәсіпкор» ТжКББ ұйымдары оқытушылары және шетел әріптестерінің қатысуымен біліктілік көтеру бағдарламасымен жұмыстанып, қазіргі уақытта екі оқытушы қазан айында Финляндия қолданбалы ғылым университетінің қатысуымен курсқа қатысқан болатын.

Сонымен қатар, жылдық жоспарға сай арнайы пәндер бойынша 14 оқытушы облыс және қала бойынша әр түрлі мекемелерден іс- тәжірибелерден өтті.

Қызметінің ұйымдық-нормативтік негізі: колледж Жарғысы, педагогикалық және оқу-әдістемелік кеңестер, әдістемелік жұмыс, пәндік-циклдік комиссия, әдістемелік кабинет, педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік материалдарының сайысы, инновациялық әрекетті жүзеге асыратын шығармашылық топтар туралы колледж Ережелері, әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары мен кестесі болып табылады.

Әдістемелік қызметтің әрекеті компьютерлендірілген, көбейткіш, аудио және видеотехникамен жабдықталған, Интернетке шыға алуымен локальдік желіге қосылған.

Колледждің әдістемелік қызметінің міндеті: педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау, әр оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыру, оқу үрдісіне қатысушылардың жеке тұлғалық әлеуеттерін ашу.

Әдістемелік қызметтің құрылымы: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, сараптау тобы, шығармашылық топтар, пәндік-циклдік комиссиялар, оқытушылар («Кәсіптік шеберлік мектебі»). Осы құрылым бойынша терең ойланған  және дұрыс ұйымдастырылған жұмыс кәсіптік білім беру сапасын көтеру саласында оң нәтижелер береді.

Оқытушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы колледж әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Колледждің әдістемелік қызметі педагогтердің кәсіптік шеберлігін арттыруға барлық жағдайларды жасайды.

Әдістемелік қызметтің тиімді жұмысы нәтижесінде колледждегі білім беру үрдісінің нық әдістемелік қамтамасыз етілуі бар: мамандықтар бойынша Мемлекеттік стандарттардың орындалуын қамтамасыз ететін оқу пәндері бойынша қазіргі бағдарламалар, білім беру ұйымының даму бағдарламасы, өткізілетін сайыстар мен байқаулар туралы ережелер, колледж оқытушылармен құрастырылған оқу-әдістемелік  жасалымдар, құралдар және басқа да әдістемелік материалдар кешені.

Әдістемелік қызметтің үйлестірушілік орталығы және материалдық негізі әдістемелік кабинет болып табылады.

Әдістемелік кабинеттің қызмет етуі әдістемелік қызмет жұмысының белгілі мақсаттылығын және нәтижелілігін қамтамасыз етеді, құрастырылған әдістемелік материалдарды жинауға, насихаттауға және көрсетуге, педагогтердің инновациялық әрекеті туралы ұжымның ұдайы хабардар болуына жағдайлар жасайды.

Әдістемелік кабинеттің көмегімен ұжымның педагогогикалық мәдениеті байиды, педагогикалық проблемалар қалыптасады, жаңа ойлар пайда болады. Осылай әдістемелік кабинет педагогикалық ұжымның нағыз әрекетін ұйымдастыру үшін баға жетпес үлесін қосады.

Әдістемелік кабинетте жазылып алатын басылымдар бар «Қазақстан кәсіпкері», «Техникалық және кәсіптік білім»,  «Ұстаз», «Жайық ұстазы» т.б.

Осы бетте әдістемелік материалдарға, нормативтік құжаттарға, колледж оқытушыларының авторлық туындыларына сілтемелер орналасқан.

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі.

Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.