СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Командалық ойындағы кошбасшылық

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Командалық ойындағы кошбасшылық»

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекеті
Мектеп: №2 мектеп-гимназия

Күні:01.02-04.02.2019ж

Сынып: 8б Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсете алады және қолданады;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік, адал ойын

  • Ереже, жарыс, серіктестік

  • Рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы

  • Қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер

  • Серіктестік, проблемаларды шешу

  • Бақылау, бағалау, кері байланыс, талқылау

  • Тактика, техника, стратегия

  • Ережелерді бұзу

  • Жүгіру, доппен секіру

  • Допты беру, оны себетке лақтыру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Сенімділікті арттыру үшін жұппен жұмыс жасау кезінде әрекетті қалай өзгерту керек?

  • Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбасшылық қабілетті қалай дамыту керек?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html

Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA

Допты алып жүру дриблинг жасау

https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7







7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

«Күн мен түн » ойыны.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық


Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html



Сабақтың ортасы

10-20



20-30

(С, Т, ҚБ) «Бестіктер шабуыл жасайды». Баскетбол алаңында үш топ ойнайды. Екінші мен үшінші бестіктер аймақтық қорғанысты ұйымдастырады, әпқайсысы өз қалқаны артында. Доп бірінші бестіктің тобында болады. Ол топ еркінше екінші топ алдында орналасады.ойын мазмұны. Мұғалім дабылымен 1-ші бестік ойыншылары допты кәрзеңкеге доп салуға тырысып, 2-ші бестік қалқанына шабуыл жасайды. 2-ші топ ойыншылары допқа ие болған кезде, олар тоқтамай, 3-шібестік қалқанына шабуыл жасайды. Допты жоғалтқан 1-ші бестік 2-ші бестіктің орнына аймақтық қорғанысты ұйымдастыраы. Допқа ие болған 3-ші бестік 1-ші бестікке шабуылға шығады. Гол салған команда бір үпайға ие болып, аймақтық қорғанысты ұйымдастыруға бет алады, ал жеңілген топ шабуылға шығады. Ойын 10-15 мин жалғасады. Ең көп ұпай жинағаг топ жеңімпаз атанады. Оқушылар бірлескен жұмыстағы өздерінің жеке дағдыларын талқылап, бағалайды.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойында пас бере алады

-допты дұрыс алып жүре алады.

-шабуыл әрекетін орындайды.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз: қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтадыңдар? Команда қандай тактикаларды қолдана алады? ғанын сұраңыз? Команданың ойынын жақсарту үшін нені істеуге болады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.



Үлкен бос кеңістік




Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8



Допты алып жүру дриблинг жасау https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc


Допты алып жүру https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y



Сабақтың соңы





35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!