СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көмекшілер" тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Коммуникация білім беру саласы. Сөйлеуді дамыту. "Көмекшілер" тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Көмекшілер" тех карта»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 09.11.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көмекшілер»

Мақсаты: заттарды топтастыруға,оларды атай білуге (ыдыс-аяқтар-қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б.) үйрету. Сұрақ- жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдылану. Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:№10 демонстрациялық материал, №10 үлестірмелі материал (ыдыс-аяқ суреттері).

Қостілділік компонент: ыдыс-аяқ- посуда, қасық-ложка,шанышқы-вилка.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Қайырлы таң, балалар!

Бүгін күн қандай керемет!

Кәне, барлығымыз бір-бірімізге жылы, көтеріңкі көңіл сыйлайық!

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

(Х.Талғаров)

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

«Көмекшілер» әңгімесін оқу.

Тәрбиеші балаларға «көмекшілер» әңгімесін оқып береді.Оқылған әңгіме мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып, мазмұнын балаларға айтқызу.

Десонстрацициялық көрнекілікті қолдану.

-Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

-Сендер қайтіп көмектесесіңдер?

-Балалар, мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті?

-Сендер топта кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдар ма?

-Қалай көмектесесіңдер?

Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады.

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі.

Ұсақтап та турар мол.

(Пышақ)

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр.

(Қасық)

-Қасық, шанышқы, тостаған ыдыс-аяқтарға жатады.

Қостілділік компонент: ыдыс-аяқ-посуда, қасық- ложка, шанышқы-вилка.

Сергіті сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз соға бір.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

№10 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Заттың атын ата» дидактикалық ойыны. Шарты:суреттегі ыдыс-аяқтардың атын атату. Жекек жұмысты қажет балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгімелесу.

Әңгімені мұқият тыңдайды.


Әңгіменің мазмұнын айтады.


-Анамыз, әпкеміз.


-Нанның ыдысын алып береміз, кеселерді әкеліп, үстел үстіне қоямыз.

-Нан таратамыз,қасық, тәрелкелерді қоямыз.


Педагогтің көмегімен жұмбақты шешеді.




-Пышақ.





-Қасық



Ыдыс-аяқ-посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилка сөздерін қайталайды.




Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.




Блалар суретте бейнеленген ыдыстардың аттарын атайды.



Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалардың ыдыс-аяқ туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қортындылайды.






Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді







Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыдыс-аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлем құрастыру сияқты тапсырмаларды;

Игерді: ыдыстардың не үшін керектігін;

Меңгерді: таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!