СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көмектес септік сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көмектес септік сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Көмектес септік сабақ жоспары»

Күн: 25.01.16

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 4

Тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, «Сен – маған, мен – саған» әдісі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Армысын алтын күн

Армысын жер ана

Армысын жан досым

Сені көрсем қуанам

Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Ілік септік қандай сұрақтарға жауап береді? (Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің? )

  2. Ілік септіктің қандай жалғаулары бар? (-ның,-,нің,-дың,-дің,-тың,-тің.)

  3. Барыс септік қандай сұрақтарға жауап береді? (Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда?)

  4. Барыс септіктің қандай жалғаулары бар? (-ға, -ге, -қа,-ке.)

  5. Табыс септік қандай сұрақтарға жауап береді? (Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді?)

  6. Табыс септіктің қандай жалғаулары бар? (-ны, -ні, -ды,-ді,-ты,-ті.)

  7. Жатыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?( Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде? Қайда?)

  8. Жатыс септіктің қандай жалғаулары бар?( -да,-де,-та,-те.)

  9. Шығыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?( Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? )

  10. Шығыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?( Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? )

Негізгі бөлім.

Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз Көмектес септік.

Көмектес септіктің сұрақтары: Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?

Көмектес септіктің жалғаулары: -мен,-бен,-пен.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

1.Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда «сіз» деп сөйлес.2.Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқады. 3.Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.

2-жаттығу.Жұмбақтарды оқы.Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.

Желмен ұшып жетеді,

Желмен ұшып кетеді.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Көмектес септіктегі сөздерді тауып,қосымшаларын белгіле.

1.Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген.2.Әжесі Гауһармен музейге барды.3.Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр.4.Ғани Әсетпен шахмат ойнады.5.Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді.

4-жаттығу.Тиісті қосымшаларды орнына қойып,сөйлемдерді оқы.

1.Егістікте қыста қарды трактор (-пен,-мен)тоқтатады.2.Дәулет балықты қармақ(-бен,-пен) аулады.3.Шынар Астанадан ұшақ(-мен, -пен)ұшып келді.4.Әселдің әжесі ине (-пен,мен) түйме қадады.5.Дариға көйлегін үтік (-бен,-пен)үтіктеді.



6-жаттығу.Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Жастықты аяқ(-бен,пен)баспайды.2.Сыпырғыш(пен, -мен) адамды ұрмайды.3.Итке ожау(-мен, -бен) ас құймайды, үйдің берекесі кетеді.

Тыйым сөздерді жаттап ал.



Қорытынды:

-Көмектес септік қандай сұрақтарға жауап береді?( Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен? )

- Көмектес септіктің қандай жалғаулары бар?( -мен,-бен,-пен.)

Бағалау.

Үй жұмысы: 5-жаттығу 16 бет. Ереже жаттау.