СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Коммуникативтік құзіретті жетілдірудегі шығармашылық жұмыстың рөлі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Выступление на методическом совете района. Доклад о использовании ИКТ на уроках.

Просмотр содержимого документа
«Коммуникативтік құзіретті жетілдірудегі шығармашылық жұмыстың рөлі»






Ақмола облысы, Аршалы ауданы

Новоалександров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүсіпова Маржан Болатовна



Коммуникативтік құзіретті жетілдірудегі

шығармашылық жұмыстың рөлі


Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттырудың бір жолы -шығармашылық жұмыс арқылы сөз мағынысын зерттеу. Сөзді лексикалық жүйенің бір бөлшегі ретінде қарастыратын болсақ, әр сөздің қолданудың мағынасы зор. Қоғам мүшелерінің қарым-қатынасында тілді білумен қатар оның мәдени қалыптасу ортасын білу қажет. Қолданар алдында әр сөздің қалыптасу тарихын, шығу этимологиясын біле отырып қана – мәдени байлыққа иеленуге болады.

Әр адамның әлеуметтік құрал ретінде айналаны тануы, мәдени дамуын туған тілсіз тану мүмкін еместігін дәлелдеу мен туған тілдің материалдары мен формасын білу арқылы ғана мәдени тұлға ретінде қалыптасу деп қарауда. Тілді құрал ретінде білумен қатар қалыптасқан мәдени ортаны танып білуді «мәдениет-тіл-адам» деп біртұтас сала ретінде қарастыру қажет.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуынша: «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән, күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді», яғни сөз құдіреті – тіл құдіреті. Тіл ежелден – ақ отбасы тіршілігінен бастап, қоғам, халық, жалпы мәдениеттің арнаулы құралы – ғылымның айтулы саласы екендігі даусыз.

Қазақ тіліндегі лексикалық құрал ретінде сөздің шығу этимологиясын зерттей отырып, балаға есім қоя білуге бағыт беру. Адамға ат қоюда заман әсерін көрумен қатар қазақ тілін меңгерудегі тиімді әдістерінің бірі ретінде алу. Аталмыш жұмыс маңызды және аз зерттелген семасиологиясының бір саласы адам аттары мәселесіне негізделген. Бұл тақырып бүгінгі таңда адамға есім қою маңыздылығын қарастыра отырып, қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы кейіпкерлерінің аттары арқылы мінез сипатын және қандай себеппен солай атағанын зерттеу.

Адам аттары, М.В.Горбачевский айтуымен, халық тарихының бір бөлшегі. Тіл ғалымдары адам есімдерді халықтың көркем шығармашылығын, мұқтаждығын, тұрмысын, діни сенімін, үмітін, тарихи қарым-қатынастарының көрсеткіші ретінде, сонымен қатар, адам аттары халықтың дамуымен тікелей байланысын дәлелдеген.

Шығыс халықтары нәрестеге ат қоюда ырымдап, мән – мағынасына ерекше көңіл аударып, тіпті кей кезде жағымсыз есім қоюдағы өзінің баланы пәле-жаманнан сақтау сезімін білдіргенін көруге болады. Бұл тіл-көзден сақтау үшін балаға ат қоюда киелі тұмар ретінде есімдері қысқартылып, өзгертіліп айтылған. Мұндай қолданыс халықтың рухани сезімі ақталғанын тарихи дана тұлғаларымыздың өмірбаянынан байқауға болады. Мысалы: Абай (Ибраһим), Мыржақып (Мирякуп), Шоқан (Мұхаммедханафия), Мәшһүр Жүсіп (Адам Жүсіп) т.б.

Асыл тастардың атауларын есім ретінде қоюы – бұл тастардың бойындағы өзіне тән ерекшелігін негізге алғандығы. Мысалы, ежелгі заманнан араб тілінен енген адам есімдері: Алмас, Маржан, Гауһар, Меруерт, Анар сияқты тас атаулары қазақ тілінде өз сөздеріне айналып, кең таралғанменен жазушы шығармасына қолданбаған.

Қазақ әдебиетімізде тарихи-революциялық тақырыптағы сапалы шығармалар жеткілікті, соған қарамастан өзі көркемдік сапасы, идеялық, эстетикалық ерекшелігімен айрықшаланатын шығармалар саусақпен санарлық. Бұлардың қатарына белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» атты трилогиясы өзіндік көркемдік салмағымен, өзгеше құлпырған өмірлік, өнер нақыштылығымен танылған.

Роман қазақ тарихындағы жауапты кезеңдегі әлеуметтік оқиғаларды, нақты тарихи шындықтарды, яғни қазақ даласындағы әлеуметтік қарым-қатынастың барынша тереңдей түсуі, еңбекші бұқара, төменгі тап өкілдерінің ауыр тұрмысының шегіне жетіп, асқынып тұрған шағында «ақ патшаның» қазақтан «қара жұмысқа» әскер алу туралы бұйрығының шығуы, осығын байланысты дүбірлі 1916 жылдың басталуы, ел ішіндегі қиын жағдайлар, Октябрь төңкерісі нәтижесінен Совет өкіметіне қарсыластығы, азамат соғысының басталуы және басқа да күрделі жайлар трилогияда кеңінен шебер суреттелген. Сонымен қатар тарихи «Қан мен тер» трилогиясы ең алдымен өз әлеуметтік мазмұн байлығымен ерекшеленген.

Романдағы жазушының шеберлігі мүсінделген образ, кейіпкерлерінің мінездері жаңаша бітімінен, шыншыл іс-әрекеттерінен көрінеді. Кәлен, Еламан, Тәңірберген образдары сипатты, тың тұлғалар. Романда олардан басқа көптеген үлкен-кішілі мінездері бар. Рай, Дос, Мөңке, Айғанша, Кенжекей, Ақбала, Сүйеу, Әлиза, Сұдыр-Ахмет, Қарақатын, Құдайменде, Алдаберген, Ебейсін, Қалау, Төлеу, Қаракемпір және тағы басқаларын да ешкімге ұқсамайтын өзіндік мінездерімен елестетуге болады.

Қалау без бүйректігінің, тас жүректігінің шегі сияқты.

Ебейсін базар сағалап, сауда-саттық жолына түсуі де жаңа қалыптаса бастаған капиталистік қарым-қатынастың алғашқы жырынды өкілдерінің бірі екенін көрсетеді.

Жасағанберген (Жасанжан) қарапайым халық қамын ойлап, мұңын жақтап, ағайларының іс-әрекетіне қарсы шығып жатады.

Айғанша сезімтал, сезім мінезді кейіпкер.

Сумаңдап шығатын Қарақатын, жүрген жерден өсек, дау-дамай, біреуге-біреуді шағыстырып, айдап салу көлденеңдеп шыға береді. Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай етіп жеткізетін өсекқұмар, өзгенің бойындағы қылаудай болса да жақсылықты көре алмайтын күншіл, тек өзінің қара басының қамын ойлаған, пасық ниетте бейнеленген. Аты қалай құлаққа жағымсыз естілсе, бар болмысы да солай. Бойына әлдеқалай қара күйе жұқтырып алғандай жағымсыз әсер құшағында боласың.

Ақбала нәзік жанды әйел жүрегіндегі сезім толқындарын барынша аша түскеннен ұтылмаған болар. Мүмкін автор Ақбаланы парасатты, күрескер әйел дәрежесіне көтергенін көруге болады.

Кәлен өткір әрі қайсар мінезді. Ең мұрайлы тұлға. Кәленнің шарболаттай ширыққан шымыр мінезі, өрттей өршіп, іс-әрекеттері, досқа деген мейірімді, дұшпанына қаталдығы ойды тербеп, көкейден берік орын алады.

Сабырмен сараптап нені болса да ақылмен іздеуді мақұл көретін Еламан. Еламан образы әлеуметтік оқиғалардың іс-әрекеттерінен гөрі, ішкі монологпен ой-толғаныстары арқылы тереңірек ашылады. Еламан іс-әрекеттерінде әлеуметтік сипат жағы маңызды.

Тәңірберген жалынға ұқсас жан дүниесі, адамға секемшіл де сергек көзқарасы, өмірдегі өзіне пайдалы нәрселердің салмағын таразылауға тырысатын өрнектелген, көңіл-күй әуенінің толқулары да тап басып, берілген деуге болмайды. Тәңірбергеннің серігі, сұлулыққа іңкәрлігі, намысқойлығы, оның мінез сырын тереңдете түседі. Тәңірберген образын жасауға байланысты шеберлігі ерекше атап өтуді қажет етеді.


Әбдіжәміл Нұрпейісов еңбегінде өз кейіпкерлеріне қазіргі кезде кең таралып, жиі қолданылатын адам аттарын қоймаған себебін, яғни зерттеуіміз бойынша кейіпкерлеріне ат беруде қалам шеберлігін көрсеткен ерекше мән мағыналы жауап жүктелген.

Елде тарихи болып жатқан заманауи құбылыстары жарқын бейнелеу үшін сол кездегі Кеңес Одағының саясатын көздейтін халықтың атеизмге бас бұруы, «Халық жаулары» қатарындағы байлардың аттары:

Құдайменде

Тәңірберген

Жасағанберген

Алдаберген

Тәңірбергеннен Ақбаланың баласына берген атын естіп, Сүйеудің айтқан сөзі дәлелдейді: «...солар ғана Алладан жаратылған...»

Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдеріне аттарын қоюда оқырманды сол кезге апарып, елестетіп, баяндау үшін алынған деуге болады.

Айғанша бейнесін, іс-әрекетін, өмірге деген құштарлығын көргенде, еріксіз ат ұқсастығын тарихи тұлға, аса беделді, көрікті әйел тұлғаларымыздың бірі Айғаным (Шоқан Уәлиханов әжесі) бейнесін елестетуге болады.

Автор сыпайы, қысқартылып, кейде өзгертіліп те айтылатын аттарды жиі пайдаланбағанмен ұлт салт-дәстүрінің негізінде сүйсіне суреттейді.

Жасанжан Ағаларының көзқарастарын қолдамайтын, ашық көзді, жарқын жүзді бейне, сол себеппен шығар халық оны сүйсініп Жасағанбергеннен Жасанжан деп атағаны болса керек.

Салыстырмалы қайшы мінезді: Қарақатын мен Ақбала.

Қаракемпір – отбасына мирас болған, әулетінің ұйытқысы ақыл, кеңесшісі, көпті көрген мұқтаж жанды бейнесін көтеріліп, қасиетті қазақтың «Қарашаңырақ» маңызын білдіретінінен ой туғызады.

Еламан – Елдің амандығын тілеген кейіпкер. Бір қалыпты мінезді емес, ол өзі де ел сияқты тарихи оқиғаларының мүшесі болып, сол заман нәтижесінде елмен бірге жасап, дамып келеді.

Дос сөз мағынасы ашық, кейіпкердің өзі «сенімді» достығына күмән тудырады.

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлері қойылған аттарын лексикалық жүйенің бір бөлшегі ретінде зерттей келе, тілдегі адамға есім қоюдың атқаратын рөлін анықтауға жақсы мүмкіндік береді.


2