Күні: . Пәні: Информатика |
Сабақтың тақырыбы | Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары. |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды ДК-мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру. Жан-жақты болуға, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту. |
Сабақтың типі | Жаңа сабақ |
Күтілетін нәтиже | “Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі. Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі. |
Сілтеме, негізгі дерек көздері | Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, бағалау парағы, МАН, Интернеттен алынған ақпараттар |
Сабақтың барысы | Оқыту түрі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт |
Ұйымдастыру кезеңі | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу | Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Әсем - әдемі» тренингін өткізу. «Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түседі ме екен?» Валюта (теңге, доллар, евро) арқылы топқа бөледі | Мұғаліммен амандасады, Шеңберде дөңгелене тұрған әрбір оқушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет. Оқушылар таңдаған валюта арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа ат қойып, ұран құрастырады. | 5 мин |
Мақсат қою кезеңі | Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жұмбақ. Қазір сіздерге суреттер көрсетемін сол арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтыңыздар. (Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды) Сабағымыздың мақсаты ДК-мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен танысу және жұмыс істеу. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру. | 1 мин |
Білімді тексеру кезеңі |
Білу | Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. | Блумның білу кезеңі бойынша үйге берілген тапсырма бойынша дайындалған сұрақтарды слайд арқылы ұсынады. | Әр топ берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді. | 8 мин |
| Бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. | |
Түсіну | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | Келесі кезең түсіну кезеңі. Тақырып бойынша мәлімет беру. Презентация. | Білетін ақпараттарына сүйене отырып, жаңа деректерді оқып, дербес компьютер туралы ақпараттарын кеңейтеді, қызметі, қолданылу аймағы туралы біледі, есте сақтайды. | 5 мин |
Қолдану | Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар тапсырмаларды орындайды Диалогтік оқыту | Келесі кезең қолдану кезеңі. «Кубизм» стратегиясын негізге ала отырып ДК туралы бар білімдерін, ақпараттарын жан-жақты ояту. Кубизм стратегиясымен жұмыс. а/ Әр топқа кубтың бір қабырғасындағы жұмыс тапсырылады.б/ Тапсырманы әр топ талқылайды, жазады. Кубтың 6 қабырғасы бойынша тапсырма береді: 1 айналым 1-топ Зерттеу. 2-топ Суреттеу. 3-топ Салыстыру. 2 айналым 1-топ Қарсы шық. 2-топ Оймен байланыстыру. 3-топ Қолдану. | 1-топ Зерттеу. Қазіргі заманғы Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары туралы мәлімет береді. Негізгі құрылғылары, олардың қызметі, өзара бйланысы ұғымын түсіндіру. 2-топ Суреттеу. Дербес компьютер мен оның құрылғыларын суреттеп шығады. 3-топ Салыстыру. Үстел үсті компьютері мен ноутбукты салыстырады. 1-топ Қарсы шық. Компьютердің әлсіз жақтарына (кемшіліктеріне) дәлелді пікір айтады. 2-топ Оймен байланыстыру. Компьютермен қандай жұмыстар жасауға болады? Пайдасы бар ма? Сол жөнінде ой бөліседі. 3-топ Қолдану Компьютерді қолдану аймаға қаншалықты? Ол тек мектепте, оқу орындарында ғана қолданыла ма? Сол жөнінде сөз етеді. | 8 мин |
| Формативты бағалау. Жұлдызша арқылы бағалау |
Сергіту кезеңі Қарлығаш Көкек Қараторғай Суықторғай Қаз Бұлбұл Пернетақта /2 мин/ |
Талдау | Сын тұрғысынан ойлау, Дарынды және талантты балаларды оқыту | Топтық жұмыс. І топ “Компьютердің құрылғылары”, ІІ топ “Компьютердің түрлері”, ІІІ топ “ “Компьютерді пайдалану” моделін жасату, қорғату.. | Топқа берілген тапсырма бойынша модель жасайды, қорғайды, дәлелдейді. | 8 мин |
| Формативты бағалау | Әр топ өзара бағалайды. | |
Жинақтау | АКТ қолдану | Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру. Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны» мәтінін теру арқылы Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін түсіндіру | Компьютермен жеке жұмыс жасайды. | 7 мин |
Бағалау | Критериалды бағалау. | Табыс критерийлері: жылдамдық, қатесіз, көлемі | |
Жинақтау 1 мин | Рефлекция | Тақтаға плакатта көңіл – күйі бойынша күлегештерге стикерді іледі  | 1 мин |
Бағалау | Формативты бағалау | Оқушылар тапсырмаларынан жинаған ұпайларын қосып, мұғалімге хабарлайды. Оқушылардың өздері қойған бағаларын күнделік бетіне түсіреді. | 1 мин |
Үйге | «Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазу | 1 мин |