СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Компьютердің миы - жүйелік блок"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақшада информатика пәнінен технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«"Компьютердің миы - жүйелік блок"»

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Информатика

Тақырыбы: Компьютердің миы - жүйелік блок

Мақсаты: Жүйелік блок туралы мағлұмат беру. Атқаратын қызметтерін, қалай қолдану жолдарын түсіндіру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Компьютер құрылғыларының суреттері, қауіпсіздік ережелерінің суреттері.

Іс-әрекет кезендері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Балалармен амандасу. Қауіпсіздік ережесін қайталау. Компьютер құрылғыларының суреттерін балаларға көрсету.

Амандасады. Компьютер құрылғыларының суреттерін көреді


Іздену –

ұйымдастырушы


Жүйелік блок –компьютердің ең негізгі құрылғысы. Барлық мәліметтер осы жүйелік блокта сақталады. Жүйелік блокті компьютердің миы деп атайды. Артқы жағында әр түрлі құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар орналасқан.

Алдыңғы жағында POWER батырмасы арқылы іске қосады.

Ойын: «Компьютердің құрылғыларын ата»


Сергіту сәті:Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ.

Бір,екі,үш, бір,екі,үш.



М. Монтессори әдісінің элементтерімен жұмыс: «Бәтеңкенің бауын байлау»



Жүйелік блок , монитор туралы айтылған мағлұматты тыңдайды.




Ойынды ойнайды

Сергіту жаттығуын орындайды.

Еркін ұста денеңді, Тарсылданпай еденді Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ.

Бір,екі,үш, бір,екі,үш.

М. Монтессори әдісінің элементтерімен жұмыс: «Бәтеңкенің бауын байлау»


Рефлексивті

коррекциялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

  1. Компьютер құрылғыларын ата

  2. Жүйелік блокты қалай іске қосамыз?

Көз жаттығулары орындау:

1.Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз.

2.1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз.

Балаларды мадақтау, бағалау.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.




1.Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз.

2.1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз.

Бір –бірін мадақтап қол соғады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жүйелік блок атқаратын қызметі туралы білуі.

Болуы керек:Оқу қызметіне деген қызығушылығы.

Қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы.Компьютерді өз беттерінше қосып, өшіре алуы




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!