СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екі компьютерді бір-бірімен біріктірген кезде компьютерлік желі құралады. Жалпы жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамтамасыздандыру (желілік жабдықтар) және арнайы программалық қамтамасыздандыру (желілік программалық жабдықтар) қажет. 

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Cабақтың мақсаты

Білімділік: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы жайлы түсінік беріп өту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-сабаққа дайындықтарын тексеру

-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Ауызша, сұрақ – жауап, Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы дайындалу.

III. Жаңа сабақ: Екі компьютерді бір-бірімен біріктірген кезде компьютерлік желі құралады. Жалпы жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамтамасыздандыру (желілік жабдықтар) және арнайы программалық қамтамасыздандыру (желілік программалық жабдықтар) қажет. Берілгендерді алмастыру үшін екі компьютерді жай ғана түрде біріктіру тікелей біріктіру деп аталады. Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын компьютерлерді тікелей біріктіру үшін не арнайы аппараттық, не программалық қамтамасыздандыру қажет етілмейді. Бұл жағдайда аппараттық жабдықтар ретінде енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе паралельді), ал программалық қамтамасыздандыру ретінде операциялық жүйенің құрамында бар стандартты жабдық (Пуск-Программы-Стандартные-Связь-Прямое кабельное соединение) қолданылады. 

Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған. Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:

қол жеткізерлік (оңтайлық),

тұтастық,

жасырындылық.

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру

саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта

осы Заңда қамтылғандардан басқа өзге де қағидалар белгiленсе, онда

халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Сұрақ – жауап

V.Сабақты қорытындылау :

Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

VI.Үй тапсырмасы

Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы дайындалу

VII. Бағалау

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!