СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютер қүрылымдары, "Пернетақта"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пернетақтамен  жұмысын одан әрі жетілдіру. Пернетақтадағы сандарды алдын ала әзірленген   Microsoft Word  бағдарламасының  бетшесіне  тура және кері басып  шығару.  Пернелерді сұқ саусақпен  жайлап басып  үйрету. Перненің атқаратын  міндетін  білуге үйрету. Баланың компьютерге қызығушылығын ояту.

Просмотр содержимого документа
«Компьютер қүрылымдары, "Пернетақта"»

Сабақ конспектісі

Күні:_______________

Бөлімі : Информатика

Тақырыбы : «Перенетақтамен жұмыс».

Мақсаты: Пернетақтамен жұмысын одан әрі жетілдіру. Пернетақтадағы сандарды алдын ала әзірленген Microsoft Word бағдарламасының бетшесіне тура және кері басып шығару. Пернелерді сұқ саусақпен жайлап басып үйрету. Перненің атқаратын міндетін білуге үйрету. Баланың компьютерге қызығушылығын ояту.

Көрнекілік: Компьютер қүрылымдары, пернетақта


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Арайлап атсын таңымыз,

Жайдарлы болсын күніміз!

Жайнасын бүгін жарқырап,

Армысың, алтын жомарт күз!

Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, таңмен, күнмен, достарымен амандасады.

Бір-біріне жылылық сыйлайды.

Ұйымдастырылған ізденіс


Өткен тақырыпты еске түсірейік.

Пернетақта –дегеніміз не?

Пернетақта нелерден тұрады?



Пернетақта –әріптерден, сандардан, функциональды, қызметші, қосымша пернелерден тұрады.


Жаңа тақырып: «Реттік санау».

Пернетақтадағы сандарды /цифр/ Microsoft Word бетшесіне басып шығару туралы түсінік береді.



Сарамандылық жұмыс:

«Санды бетшеге басып шығар, көлемін, түсін ауыстыр».

Тәрбиеші нұсқаулық береді.


Балалардың түрлі жауаптары.


Пернетақта туралы білімдерін еске түсіреді.






Жаңа тақырыпқа қызығушылықпен қарайды.


Тәрбиешіге зер салып,

нұсқаулықтарын орындайды.



Сарамандылық жұмыс жасайды. Сандарды Microsoft Word бетесіне тура және кері басып шығарады. Олардың көлемін, түсін ауыстырады.



0123456789

9876543210



Саусақ жаттығуы:

Қайық суда жүзеді,

Ескектерін түзеді.


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандар»

Шарты: мұғалім атаған сандарды Microsoft Word бетшесіне басып шығару.

Мақсаты: Естеу сақтауын арттыру, ойлауын дамыту, зейінін тұрақтандыру. Сөздік қорын байыту.



Саусақ жаттығуын жасайды.




Ойын ойнайды.

Рефлексия


Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы өттік?

Сандар пернетақтаның қай жағында орналасқан?

Сандардың көлемі мен түсін қалай ауыстырдық?

Кімге қандай санның түсі ұнады?

Мадақтау.

Қорытындылау.

Балалардың

түрлі жауаптары.


Алған білімдерімен

бөліседі.


Есеп: