Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Комплексті тәрбие берудің
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын насихаттау тәрбиесі
бағытын іске асыру бойынша
«Денсаулығым-байлығым» бейнефильм сағаты
Дайындаған: Құлсын Балжан
16 IS-IX тобы
2018-2019 оқу жылы
«Денсаулығым-байлығым» бейнефильм сағаты
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар, бейнефильм
Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие сабағы)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтылады.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке,сабақ оқуға әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда.
Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
Адам денсаулығының достары және қастары да бар.
Адам денсаулығының жақын достары не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығының қастары.
( шылым шегу, ішімдік ішу, салақтық, жалқаулық.)
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызы зор.
Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.
Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп.
Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян. (әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Слайд « Пайдалы азықтар!
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Етте толып жатқан минералды заттар мен дәрумендер бар.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
- денің сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
(Мақал-мәтелдің мағынасын ашу)
1.Денсаулық – байлықтан қымбат.
2.Шынықсаң шымыр боласың.
3. Тазалық саулық негізі,саулық байлық негізі.
4.Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
5.Емнің алды-еңбек.
Сұрақтар:
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
4.Денсаулықтың достарымен қастарын ата?
(достары -тазалық, дұрыс тамақтанып жүру,денені шынықтыру)
(қастары- жалқаулық, еңбек етпеу ,жуынбау)
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спорпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек