СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көңіл күйді басқара білейік

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп:  №68 орта мектеп    Мерзiмі : 19.09.2016ж    Сабақ: 4

Мұғалiм: Жақсыбаева М.Ә.

Сынып: 2 «Ә»

Оқушылар саны: 24

Тақырып:  Көңіл күйімізді басқара білейік.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: тәртіптілік, ұстамдылық, ризашылдық.

Просмотр содержимого документа
«Көңіл күйді басқара білейік»

БЕКІТЕМІН:

№ 68 орта мектеп

директоры:

Ш.Қ.Жакенбай__________

« ____ »__________ 2016ж

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: №68 орта мектеп Мерзiмі : 19.09.2016ж Сабақ: 4

Мұғалiм: Жақсыбаева М.Ә.

Сынып: 2 «Ә»

Оқушылар саны: 24

Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: тәртіптілік, ұстамдылық, ризашылдық.

Мақсаты: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы арқылы көңіл күйлерін басқара білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұстамдылыққа,сабырлылыққа, ризашылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интерактивті тақта,қағаз,қарындаштар, әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (баяу ән) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады

Ескерту

5Т ережесін еске түсіру.Оқушылар көздерін жұмып отырып тыныштық сәтін орындайды.


  1. 2.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 14-бетіндегі Б.Ысқақов «Қуаныш» өлеңді оқып келу.

1.Өлеңде адамның қандай көңіл-күйі сөз болды?

2.Мұраттың қуанышының сыры неде?

3. Өздеріңіз қандай қорытынды жасар едіңіздер?

Оқушылар сұрақтарға толық жауап берді.

  1. 3.Дәйексөз.

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын, дос, қалыспа!

С.Смаханұлы.

1.Өмір дегенді қалай түсінесіздер?

2. Дәйексөзде қандай көңіл –күй айтылды?

Ұлдар 2 рет

Қыздар 2 рет

Барлығы 2 рет.

Дәптерге жазу.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып және жалғастырып айту.


4.Әңгімелеу.

Жас Фараби аңызы.  Қ.Сапарбаев

Әбу Насыр Әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол ежелгі Фараб қаласында туып өскен. Әбунасыр араб, түрік, еврей, грек, т.б. тілдерді жетік білген.

Бірде оқытушы оған:

-Шәкіртім, қашан көрсем де ақ жарқын жүресің, — деді.

-Мен көңілді жүруге әдейі дағдыланамын. Өйткені «Көңіл күйдің жақсылығы – жақсы денсаулық пен жемісті еңбектің кепілі» деген ұстазым – Қорқыт бабам, — деді Әбунасыр.

  1. 1.Әбу Насыр Әл-Фараби кім болған?

  2. 2.Ол кісі қай қалада дүниеге келген?

  3. 3.Әңгіме кейіпкері қандай көңіл күйде жүрді?

  4. 4.Қорқыт баба көңіл – күйге байланысты қандай нақыл сөз айтқан?

  5. 5.Әл-Фарабидің орнына өзіңізді қойып,оқытушыға қандай жауап берередіңіз?

Мәтіннің мағынасы талқыланды. Сұрақтарға жауап берді.

  1. 5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Үш топқа топтастыру. Балалар «Мен әртіспін» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді. Мұнда әр түрлі көңіл күйдің адамдарға оң және кері әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.

Сахналауға мынадай тапсырмалар беріледі:

І топ . Қуаныш – қуанышты күйді көрсететін көрініс

ІІ топ.Реніш- ренішті күйді сипаттайтын көрініс.

ІІІ топ.Таңғалу- таңғалуды сипаттайтын көрініс.

Дәптермен жұмыс.

Балалар үш топқа бөлініп,тапсырмаларды рөлдерде ойнап көрсетеді.

6.Топпен ән айту.

Көңілді күн.Әні: Ұ.Жолдасов. Сөзі: А.Дүйсенов.

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

Оқушылар үнтаспаға қосылып «Көңілді күн!» әнін айту.

7.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 16-бетіндегі Л.Н.Толстойдың «Тиін мен қасқыр» мәтінді оқу.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғынып,сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық.

Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сау болыңыздар.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!