СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көңілді старт ойыны мен ұлттық ойындар"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледж студенттеріне сыныптан тыс шара жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Көңілді старт ойыны мен ұлттық ойындар"»

Тасқала колледжі











Тәрбие сағаты:

«Көңілді старт ойыны мен ұлттық ойындар»













Өткізген: Дуйсенов Ж.С.













Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала колледжының ІІ санатты дене шынықтыру оқытушысы

Дуйсенов Жангельди Серикбаевич

Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Көңілді старт ойыны мен ұлттық ойындар»

Мақсаты: Оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру, қызығушылығын арттыру.

Теориялық: ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

Жетілдіру: Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін арттыру.

Тәрбиелік: ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, доп, қап, т.б.

Мазмұны:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Топты түгелдеу

Рапорт қабылдау

ІІ. Негізгі бөлім:

Доппен жарысу

Топ 2 командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.

Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру керек. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты – мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арылы жылдамдылықты арттыру.

Допты түсірме

Топ 2 командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Қап киіп жарысу

Топ 2 командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.


Кім жылдам

Топ 2 командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты басынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келегенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса, сол команда жеңеді.

Көп болып жүгіру

Ойынға 2 команда бір уақытта қатысады. Олар сүре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданының сөре сызығының 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.

Бір топ үйрек

Ойыншылар бір қатарда бір-бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынан біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қлпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

Тақия тастамақ

Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулерінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Орындықтар айналасында

Спортзалдың ортасына бір-біріне тигізіп төрт орындық қойылады. Алдымен 5 оқушы шығады. Мұғалім белгі берісімен ойыншылар орындықты айнала жүгіреді қайта белгі берілгенде ойыншылар орындыққа отырып үлгеруі тиіс. Үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Орнына басқа ойыншы қосылады. Ойыншылар таусылғанға дейін. Соңында орындықтар біртіндеп алына береді. Қалған бір орындыққа, қалған екі ойыншының қайсысы отырса сол ойыншы жеңіске жетеді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты – екі команданының бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

ІІІ. Қорытынды.

Сапқа тұрғыу

Қорытындыны жариялау

Марапаттау