СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"К??ілді старттар" бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан ойындар

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:5.02.2016

Дене т?рбиесі 3 сынып Та?ырыбы:К??ілді старттар ойыны мен ?лтты? ойындар «Т?т?ын?а алу» - ойыны Ойынны? ережесі: Екі топ?а б?лінеміз де бір бірімізге ?арап сызыл?ан сызы?ты? екі жа?ында т?рамыз. Т?рды? па? Енді ?арама - ?арсы т?р?андар бір - біріні? ?олынан ?стап ?р ба?талас топ ?з жа?ына ?арай тартады. Кімні? тобы мы?тыра?, ?ай топ ?з жа?ына к?п тартып алады, сол топ же?іске жетеді. «Ар?ан тарту» Ойынны? ережесі: Ар?ан тарту. Ала? ортасына к?лдене? сызы? сызылады. Ойын?а екі ?шы т?за?тап байлан?ан ?зын жіп немесе ар?ан керек. Ойын?а ?атысушылар ?з топтарымен бірге екі жа?тан ар?анды белге салып ?з жа?ына ?арай тартады. Ортада?ы к?лдене? сызы?тан ?ай топ б?рын с?йреп ?ткізсе, солар же?іске жетеді. Тартыс — ?лтты? ойын Ойынны? ережесі: Ойыншылар тепе - те? екі топ?а б?лінеді, екі - екіден ж?птасып т?рысады. Орта?а екі ж?п шы?ады. Бірі екіншісін ар?алап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жа?ындаса бастайды. Ма?саттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер ар?ада?ы ойыншыны? бір жері жерге тиіп кетсе, же?ілген болып есептеледі. Ойын?а келесі екі ж?п шы?ады. Олар да осылай тартысады. Ойын жал?аса береді. ?ай топ к?п аударса, сол топ же?ген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады. Асы? ойыны «Тас ?ала» Ойынны? ережесі: Ойын?а ?атынасушылар?а шек ?ойылмайды. Олар тегіс жерді та?дап алып ше?бер сызады да, д?л ортасына асы?тарды біріні? ?стіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан со? асы? тігілген жерден ойын?а ?атынасушыларды? жас ерекшелігіне орай к?н белгіленеді. Оны? ?ашы?ты?ы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны аны?тау ?шін са?аларын иіреді. Кімні? са?асы б?рын алшы т?ссе ойынды сол бастап, ?ал?андары да осы т?ртіппен ?з кезектерін алады. Алшы бірінші, т?йке екінші, б?ге ?шінші, шіге т?ртінші. Егер ойыншыны? асы?ы омпа т?ссе, онда ол алшыдан жо?ары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не ?ш адамны? асы?ы бірдей не алшы не б?к, не шік, не т?йке т?ссе, онда са?алар ?айта иіріледі. Атушы «Тас ?ала?а» са?асын д?л тигізіп, бір асы?ты ше?берден шы?арса, ойынды жал?астырып, са?асы т?скен жерден ?айта атады. Ше?берден атып шы?ар?ан асы?тарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер ат?ан ойыншы «Тас ?аланы» б?зып, біра? асы?ты ше?берден шы?ара алмаса, онда айыбын ?осып «Тас ?аланы» ?айта т?р?ызады. Егер атушы тас ?аланы б?зып бір асы?ты ше?берден шы?арса, онда ?ал?ан асы?тарды ше?берден шы?ара алма?ан?а дейін ата береді. ?ал?ан ойыншыларды б?зыл?ан «Тас ?аланы?» бытырап жат?ан ?алды?тарын атып алады. К?нде жат?ан асы?тар т?гелдей біткен со?, ойын ?айта басталады. Ойын ережесін т?сіндіру. Ойын ережелерін ?ата? т?рде са?талуын ескерту. Ойын ережесін т?сіндіру. Ойын ережелерін ?ата? т?рде са?талуын ескерту. Ханталапай Ойынны? ережесі: Асы?пен ойналатын ойынны? та?ы бір т?рі — «Хан талапай». Ойын?а ?атынасушы балаларды? санына шек ?ойылмайды. Олар ойын ж?ргізушіні? айналасына жарты ше?бер ??рып отырысады. Ойын ж?ргізуші ?олында?ы асы?ты «хан талапай» деп орта?а ?арай шашып жібереді. Отыр?андар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол же?ілген болып есептеледі. ?ОРЫТЫНДЫ КЕЗЕ? 1 Саба?ты ?орытындылау 5 минут Т?гел ты?дауын ?ада?алау 2 О?ушыларды бір сап?а т?р?ызу, тыныс жолдарын ?алпына келтіру. Толы? сап?а т?руларын ?ада?алау. 3 ?йге тапсырма беру ?й тапсырмасын ты?дауын ?ада?алау 4 О?ушыларды ба?алау Саба??а ?атысуларына байланысты ба?алау 5 ?оштасу Т?гел ?оштасуын ?ада?алау 6 Бір саппен спорт ала?ынан залдан шы?ару Бір саппен шы?уын ?ада?алау.

Просмотр содержимого документа
«"К??ілді старттар" бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан ойындар»

Күні:5.02.2016

Дене тәрбиесі 2 сынып

Тақырыбы:Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
«Тұтқынға алу» - ойыны
Ойынның ережесі:
Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетеді.

«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.

Тартыс — ұлттық ойын
Ойынның ережесі:
Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады.

Асық ойыны
«Тас қала»
Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.

Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.

Ханталапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ
1 Сабақты қорытындылау
5 минут Түгел тыңдауын қадағалау
2 Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.
3 Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау
4 Оқушыларды бағалау Сабаққа қатысуларына байланысты бағалау
5 Қоштасу Түгел қоштасуын қадағалау
6 Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару Бір саппен шығуын қадағалау.