СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қондырылған жүйелер» оқу тәжірибесі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәжірибелік жұмысты орындау барысында студент лекцияда игерген теориялық мәліметтерді іс жүзінде тәжірибелік қондырғылар көмегімен зерттеу арқылы оның дұрыстығына көз жеткізеді немесе теориялық заңдылықтардың құралдарда қолданылуымен танысады.Студенттің тәжірибелік жұмысқа алдын ала дайындалып келуін және оның жұмысты ойдағыдай орындалуын жеңілдету мақсатында тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық дайындалады.

Просмотр содержимого документа
««Қондырылған жүйелер» оқу тәжірибесі»


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ





Келісілді Бекітемін

Кәсіптік тәжірибе және Директордың оқу-өндірістік

оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

бірлестік әдіскері __________ Айтенова М.М

______________ Нурпейсова А.А _______ _________2019 ж

Тіркеу №








«Қондырылған жүйелер»

оқу тәжірибесі бойынша орындалатын

тәжірибелік жұмыстардың орындалуына арналған

әдістемелік нұсқау








Қызылорда, 2019 жыл

«Жүйелер мен желілерді басқару» пәнінен әдістемелік нұсқауды дайындаған И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Қарсақбаева Айнұр Рысбайқызы

Әдістемелік нұсқау «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.


Хаттама № «____»___________ 2019 ж

ПӘК төрайымы ___________ Жүнісова Ж



Келісілген:

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің әдістемелік кеңесі.


























КІРІСПЕ

Тәжірибелік жұмысты орындау барысында студент лекцияда игерген теориялық мәліметтерді іс жүзінде тәжірибелік қондырғылар көмегімен зерттеу арқылы оның дұрыстығына көз жеткізеді немесе теориялық заңдылықтардың құралдарда қолданылуымен танысады.Студенттің тәжірибелік жұмысқа алдын ала дайындалып келуін және оның жұмысты ойдағыдай орындалуын жеңілдету мақсатында тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық дайындалады.Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарда берілген тапсырманы орындау жолдары, әдістері және оны іске асыру үшін қажетті құрал – жабдықтармен орындалатын іс әрекеттер реті, анықталынатын немесе өлшенетін шамалар, олар арқылы қажетті шаманы, анықтау немесе есептеу формулалары көрсетіледі.

Тәжірибелік сабақты компьютерлік жабдықтармен және әр түрлі сыртқы құрылғыларымен жабдықталған компьютерлік кластарда өткізу керек.

Компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздік ережелерін, операциялық жүйені іске қосу және жұмысты аяқтау, бағдарламалармен жұмыс жасауды, жұмыстың орындалу тізбегін білу қажет.

«Қондырылған жүйелер» оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты - студенттерге компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету мүмкіндіктерін көрсету негізінде нақты жұмыс істеуді үйрету.

Тәжірибені өткізу нәтижесінде студенттер:

-түсінік алуы керек: компьютерлік тораптарды ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары туралы; ақпаратты тасымалдау, сақтау, іздеу, өңдеу процесімен байланысты жаңа желілік технологиялардың даму бағыттары туралы;

-білуі керек: желілік құрылғылардың негізгі компоненттерін, олардың мақсатын, негізгі техникалық сипаттамалар мен құрылғылардың есептеуіш жүйелер және желілер ішінде өзара әрекеттесу қағидаларын; желілерде ақпаратты тасымалдау, түрлендіру тәсілдері мен амалдарын;

-істей алуы керек: - пайдаланушының ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін есептеуіш жүйе мен желі компоненттерінің жеткілікті жиынтығын анықтау; - жаңа операциялық жүйелерде желілік аппараттық құралдардың тағайындалуын;

-тәжірибелік машықтануы керек: - локалдық есептеуіш желілерін жобалау бойынша
























Тәжірибелік жұмыс №1


Тақырыбы:Дискі енгізгішке жол ашу

Мақсаты: лазерлік дискжетекті және оның техникалық сипаттамасын меңгеру

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.

Тапсырма:

  1. CD-ROM дискжетегін орнатуда пайда болатын қателіктерді анықтаңыз.

  2. Жинақтағыштарды интерфейс түрлеріне қарай жалғаңыз және түсінік беріңіз.

  3. Дискқабылдағыш ашылмаған не жабылмаған кездегі қателіктерге түсінік беріңіз.

  4. Егер диск қабылдағыш толық ашылмаған жағдайда қандай қателік орын алған.

  5. CD-ROM дискжетегінің модуль диагностикасы қалай жүреді?


Жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар:

Дискжетектің ақауларының пайда болуы көп жағдайда жеке механикалық элементтердің істен шығуынан пайда болады. Механикалық элементтер екі негізгі функцияны атқарады:

  1. дискіні дискжетекке жүктеу және қайта шығару

  2. дискінің аймағы бойымен дыбыс алғышты жылжыту

бұл функиялар дискжетектің сәйкес қозғалтқыштары мен схемалары арқылы жүзеге асады. Механикалық элементтердіңжұмысын бақылайтын схеманы жүйелік басқару микропроцессоры бақылап отырады.

Жүйелік басқару микропроцессоры дискжетектің жүктеуіне және қайта шығаруға басқару сигналдарын қозғалтқыш драйвері жүктегішінің қозғалтқыш схемасынан қабылдайды. Жүйелік басқару микропроцессорына дискжетектің ашық немесе жабық екенін білдіретін ауыстырғыштан сигнал келіп түседі. Дискінің тұрақталған ауыстырғышы диск айналдырғыш столға толықтай тақалғанда ғана іске асады. Диск аймағында дыбыс алғыштың жылжуы, дыбыс алғыш қозғалтқышы арқылы жүзеге асады, ол сәйкесінше белгілібір сигнал түскеннен кейін дискінің ішкі радиусы арқылы жылжып отырады.


Дискқабылдағыш ашылмайды не жабылмайды.

Ең алдымен OPEN\CLOSE пернесін басқанда жүйелік басқару микропроцессорына сигнал түскен түспегендігін тексер қаже. Ондай сигналдар жоқ болса, жүйелік басқару микропроцессорын тексерген жөн. Одан кейін OPEN/CLOSE басқанда сигнал драйверден жүктеу қозғалтқышына жеткен жетпегендігін тексеру қажет. егер сигнал келіп түскен қозғалтқыш қосылмаса, онда жүктеу қозғалтқышын тексер қажет. егер қосылуға сигнал болса, онда жүктеу қозғалтқышы мен жүйелік басқару микропроцессоры арасындағы байланысты тексеру қажет.


Дискжетек толықтай ашылмайды.

Бұл жағдайда микросөндіргіштің жұмысын бақылау қажет, әсіресе, жүйелік басқару микропроцессорынан сигнал деңгейінің төменнен жоғарыға өзгергендегі көрсеткіші. Қажет жағдайда бұл сөндіргішті өзгертуге болады. Бірақ мұндай өзгертулер енгізбестен бұрын дискжетектің механикалық элементтерін қайта тексерген жөн.


CD-ROM дискжетегіне қойылатын жалпы талаптар:

  1. CD таза екеніне көз жеткізіңіз.

  2. Барлық тактілік сигналдар жиілігін тексеріңіз.

  3. Төменгі кернеулі барлық қорек көздерін өлшеп шығыңыз.

  4. Дыбысты өшіру схемасы активті емес жағдайда тұрғандығын тексеріңіз

  5. Сервистік жұмыстардыбастамас бұрын CD жинақтағышы және басқа да құралдар дайын екенін тексеріңіз.

  6. Лазердің қорек көзін өшіріңіз

  7. Сервистік және жөндеу жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау үшін CD-ді айналғыш столда ұстаңыз.

  8. Барлық разъемдарды ағытпас бұрын, маркермен орындарын белгілеп қойыңыз.

  9. Барлық кабельдер дискқабылдағыш пен айналғыш столдың жұмысына кедергі келтірмейтіндей етіп жинаңыз.

  10. Сәйкес келетін отвертка жинағын қолданыңыз

  11. Оқығышты ауыстырғаннан кейін қатайтқыш болттардың басын бояп қойған жөн.

  12. CD жинақтағышында сигналдыбақылау үшін заземление нүктесін тестілік нүктеге жақын қойған жөн.

  13. Диск лазері, сәулесі, қозғағышы істеп тұрғанын визуальды түрде көруге болады.

  14. Егер CD жинақтағышында фокус және сигнал дұрыс болмаса, онда фокустың жылжуын қалыптау керек.


Бақылау сұрақтары:

  1. Лазерді диагностикалау не үшін қолданылады?

  2. Не себептіжүктеу қозғалтқышы қосылмайды?

  3. Бүлінген компакт дискілердіқалайқалпына келтіреді?

  4. Лазерлік диодтық қорегін бақылау және қалыптау қалайжүргізіледі?

  5. CD жинақтағышына қойылатын талаптар қандай?


Тәжірибелік жұмыс №2


Тақырыбы: Желілік принтер орнату

Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың, желіні басқарудың және модернизациялаудың әдістерін оқу. Желілік принтерлер мен алмасудың жалпы буферінің пайдалануын меңгеру, жұмыс тобының пошталық қызметін оқу

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.

1. Желілік принтерлермен жұмыс

Принтерді желілік жүйеге қосу үшін қажет:

  1. 1. Басылым диспетчерін қосып, Принтер/ Установить сетевой принтер менюін таңдау;

  2. Желілік принтер қосылатын параллельді портты таңдау; Қажетті компьютерді, сосын принтердің сен деп аталатын желілік атауын таңдау;

ОК басу, принтерлер тізімінде оң жағында жақша ішінде принтері бар және осы принтердің аты тұрған компьютердің желілік жолы көрсетілген жаңа принтердің аты пайда болады.


Желілік принтерді өшіру үшін қажет:

  1. Басылым диспетчерін қосу және Принтер/ Отключить принтер сети менюін таңдау.

  2. Принтерлер тізімінен сөндіру қажет принтерін таңдап, ОК басу.

  3. Хабарламалармен алмасу.

Егер сіздің компьютеріңізде желі дұрыс орнатылса, онда компьютерлер арасында хабарламалар мен алмасуға болады. Алмасуды бастамас бұрын екі компьютерде де WinРорuр бағдарламасын жіберу қажет және кейбір баптауларды жасау қажет.

Сообщения/Параметры меню пунктін таңдау

Сіздің компьтеріңізге хабарлама түскен кезде дыбыстық сигнал шығу үшін Дыбыстық сигнал пунктін орнату, Үнемі алда – егер осы флаг орнатылса, онда жаңадан келген хабарламалар хабарламалар тізімінде бірінші болып орналасады (әйтпесе соңғы болады), Шығару – экранда келген хабарламалардың терезеде көріну , көрінбеуін анықтайды.

ОК басу және бағдарлама терезесін жабу. Экранның астында басқа терезелердің үстінде болатын бағдарлама жұлдызшасы көрінеді. Енді хабарламалар мен екі жақты алмасу мүмкін.

Хабарламаны жіберу үшін қажет:

1 Winрорuр жұлдызшасын ашу жәнеСообщения/Параметры менюін таңдау.

2 Пайда болған терезеде компьютер-алушының желілік адресін көрсету (қара "Работа с сетевыми дисками")

3 Сообщение терезесіне жөнелтетін мәтінді енгізіп, ОК басу

Егер жөнелту сәтсіз аяқталса, онда сіз қате туралы хабарлама аласыз

Егер қате туралы хабарлама алынбаса, онда хабарлама жөнелті деген сөз.

4 Хабарламаны жөнелту аяқталғаннан кейін терезені жабыңыз.


Тапсырма:

  1. Жоғарыда келтірілген теорияны оқыңыз

  2. Жүйеге желілік принтерді қосу

  3. Сосын көрші компьютерге атқарылған жұмыс туралы хабарлама жіберу.



Тәжірибелік жұмыс №3


Тақырыбы: Желіге қосылуды тексеру

Мақсаты: Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.


Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.

Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.

Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:

  • Жабдыққа шығынды төмендету;

  • Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;

  • Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;

  • Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.

Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:

РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру

СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер

КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер

ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.


Желілер типтері


Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:

Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)

Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)

Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)

Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.




Сурет 1. Бір рангты желі

Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.







Сурет 2. Сервері бар желі

Серверлердің келесі специализациясы бар:

Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)

Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін

Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.

Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.






Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі

Тапсырма

Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.

Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.

Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.


N

Сөз

Саны

Барлық сөздер

%

1









5





Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.

Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.

Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:

Жұмыстың есебін рәсімдеу

Есепте болу керек:

  • титулды бет;

  • тапсырма;

  • реферат;

  • сөздер рейтингінің кестесі;

  • тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;

  • тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.

Нұсқалары

Тақырыптың атаулары

Әлемдік терроризм

Нашақорлық және наша

ЖҚТӘ

Жұмыссыздық және бомждар мәселесі

Адаммен жануарларды клондау

Қылмыспен қоғам

Экологиялық және табиғи катаклизмдер

Діни қозғалыстар мен секталар

Виртуальды шындық

БҰО (НЛО)

Әлемдегі апаттар

Жасанды интеллект

Ежелгі өркениеттің жұмбақтары

Феноменальды мүмкіндіктері бар адамдар

Әлемнің ең бай адамдары

Ұялы телефондар және байланыс жүйелері

Химиядағы жетістік

Физикадағыжетістік

Адамды сауықтыру жүйесі

Интернет арқылы жұмыс

Компьютерлік ойындар және симуляторлар

Интернет технологиялары

Стресс және психикалық жүктеулер

Әскер және мемлекет

Алкоголизм и шылым тарту


Тәжірибелік жұмыс №4


Тақырыбы: Желілік кабель физикалық өткізу ортасы

Мақсаты: Желілік топологияның динамикалық имитациялық моделін жасау. Желілердегі мәліметтерді берілген жөнелту үрдісі үшін имитациялық моделді жасау үлгісінде желінің әртүрлі топологияларына арналған мәліметтерді беру ортасына қатынау әдістерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.


Теориялық ақпарат. Желіні құрастыру

  1. Желінің топологиясы – бұл компьютерлердің, кабельдердің және бақа желілік құрауыштарының орналасуының физикалық мінездемесі. Желінің тополгиясы компьютердің желідегі әрекеттестігінің тәсілін анықтайды. Барлық желілер үш базалық топологияның негізінде құрылады:

  • Шина (Bus);

  • Жұлдыз (Star);

  • Сақина (Ring).

  1. Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып тұрса мұндай топология шина деп аталады.



PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5

PRINTER



Сурет. 1. «шина» типінің желісі

Шина топологиясының желісінде мәліметтер желіге тек бір компьютермен уақыттың бір сәтінде беріледі.

Ақпаратты алушының ақпаратты берушінің және берілген ақпараттың мекен-жайы көрсетілген электрлік сигналдар түрінде беріледі. Берілетін ақпаратты барлық компьютерлер «естиді», бірақ оны тек алушының мекен-жайы сәйкес келетін ғана қабылдайды. Ақпаратты беру кезінде қалған компьютерлер мәліметтерді бере алмайды, олар тек желіні «тыңдап» және берудің аяқталуын күтеді. Желі «босаған» кезде (мәліметтерді беру аяқталғанда), бірінші, болып ақпаратты берем деушілер өзінің ақпаратын беруді бастайды.

  1. Шина – пассивті топология, онда компьютерлер желі бойынша беріліп жатқан мәліметтерді беріп, тыңдайды, бірақ оларды күшейтпейді, сондықтан желілік кабельдің ұзындығы және желідегі компьютерлердің саны сигналдың өшуімен шектелген. Активті топологияларда компьютерлер мәліметтерді күшейтеді және оларды ары қарай желі бойынша береді.

  2. Шина типіндегі желілерде желінің жұмыс істеу қабілеттілігін бұзушылыққа әкелетін кабельдің екі шетінде сигналдың көп бөгеуілдер пайда болады. Электрлік сиганладрдың бейнесінің алдын алу үшін кабельдің шеттерінде осы сигналдарды бойына сіңіретін «терминаторлар» қойылады. Кабельдің екі үзігін қосу үшін «BNC-баррел-конектор», деп аталатын арнайы ауыстырғыш қолданылады, кабельді аяқтау үшін «BNC-конектор» ажыратқышы қолданылады, ал компьдердің екі кабелін көрші компьютерлерден желілік платаға қосу үшін «BNC-T-конектор» қызмет етеді.

  3. Кабельдің ұзындығын көбейту үшін «репитерлер» қолданылады, екі бағытта күшейтетеін және қайта жаңартатын әлсіз сандық сигнал. Репитерлерді белсенді BNC-баррел-конектор ретінде пайдалануға болады.






Сурет 2. Репитер

  1. Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі. Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда» мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина» топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей алатын) болады.










Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі

  1. Е гер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп аталады.








Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі


Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады. Маркерді беру кезінде (мәліметтері бар арнайы микрофайл) ол бір ізділікпен бір компьютерден басқаға оны мәліметтерді беретін қабылдамайынша беріліп отырады. Маркерді қабылдаған («алып алған») компьютер оған берілетін ақпаратты, өзінің мекен-жайын және алушының мекен-жайын орналастырады. Бұдан кейін маркер ары қарай сақинаға жіберіледі. Маркермен мәліметтер әрбір компьютер арқылы маркерде көрсетілген алушының мекен-жайымен мекен-жайы сәйкес келмейінше өтіп отырады. Қабылдаушы компьютер маркерді алады, одан мәліметтерді алып, маркерге сәтті қабылданған ақпараттың кодын орналастырады және өзгертілген маркерді ары қарай сақина бойынша жіберген компьютерге жібереді. Жіберген компьютер расталған маркерді алып оны сақинадағы келесі компьютерге (маркерді «босатып») береді.

  1. «Сақина» топологиясында мәліметтерді беруде әрбір компьютер жіберу үшін тепе-тең уақыт квантын алады, мәліметтерді жіберуге деген бәсекелестік және монополия болмайды.


Тапсырма

Имитациялық модель жоғары деңгейлі «Pascal 7.0» немесе «Delphi» бағдарламалар тілінде жасалыну керек. Модель болу керек:

  • берілген топологияның детальдық иллюстрациясын экранда салу керек;

  • экранда берілген бір компьютерден келесі компьютерге мәліметтерді беру үрдісін толық модельдеу керек;

  • толық түсіндірілген тез, әдемі және ықшамды болу тиіс.


N

в-а

ТАПСЫРМА

Топология

Компьютерлер саны

Мәліметтерді беру

1.

Шина

5

1 4 және 4 2

2.

Шина

3

1 3 және 3 2 және 2 1

3.

Шина

4

1 3 и 2 4

4.

Шина

5

2 4 және 5 1

5.

Шина

4

1 2 және 3 4

6.

Хабсыз сақина

5

1 4 және 4 2

7.

Хабсыз сақина

3

1 3 және 2 1 және 3 2

8.

Хабсыз сақина

4

1 3 және 2 4

9.

Хабсыз сақина

5

2 4 және 5 1

10.

Хабсыз сақина

4

1 2 және 3 4

11.

Хабсыз сақина

5

1 4 және 4 2

12.

Хабсыз сақина

3

1 3 және 2 1 және 3 2

13.

Хабсыз сақина

4

1 3 және 2 4

14.

Хабсыз сақина

5

2 4 және 5 1

15.

Хабсыз сақина

4

1 2 және 3 4

16.

Жұлдыз

5

1 4 және 4 2

17.

Жұлдыз

3

1 3 және 3 2 және 2 1

18.

Жұлдыз

4

1 3 және 2 4

19.

Жұлдыз

5

2 4 және 5 1

20.

Жұлдыз

4

1 2 және 3 4

21.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина


5

1 4 және 4 2

22.

1 және 2 арасындағы репитерлі шина

3

1 3 және 3 2 және 2 1

23.

3 және 4 арасындағы репитерлі шина


4

1 3 және 2 4

24.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина



5

2 4 және 5 1

25.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина


4

1 2 және 3 4


Тәжірибелік жұмыс №5


Тақырыбы: Кабельдердің негізгі типтері

Мақсаты: негізгі желілік кабельдер мен кабельдерді суреттеу кезінде қолданылатын терминдер туралы түсінік алу; кең жолақты және тар жолақты хабар туралы түсінік алу;нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуды үйрену.

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.


Теориялық бөлім

Оптикалық талшықты кабель.

Оптикалық өткізгіштер қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді.Жою мүмкіндігі 50 км. астам. Бөгеуілдердің сыртқы әсері жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта бұл ЛВС үшін ең қымбат тұратын қосылу. Электромагнитті бөгеуілдер полелері болатын және қайталауларды пайдаланбай ақпаратты өте үлкен ара қашықтыққа беруді талап етілген кезде қолданылады. Олар төмендетуге қарсы қасиеттері бар, өйткені оптикалық талшықты кабельдердегі бөлшектеу техникасы өте қиын.

Оптикалық талшықты кабельде сандық мәліметтер модульденген жарық импульстері түрінде оптикалық талшықтар бойыншатаратылады. Бұл берудің сенімді (қорғалған) әдісі, өйткені бұл кезде электрлік сигналдар берілмейді. Осыдан шығатын қорытынды, оптикалық кабельді ашып мәліметтерді тартып ала алмайды, бұдан электрлі сигнал өткізетін кез келген кабель сақтандырылмаған.

Оптикалық талшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді.


Компоненты кабельді жүйенің компоненттері


Оптикалық талшық - жіп (жила) (core) деп аталатын өте жіңішке шыны цилиндр, қабық деп аталатын жіптен өзгеше сыну коэффициенті бар шыны қабатымен жабылған (сурет 14) Кейде оптикалық талшықты пластикадан жасайды. Пластикті пайдалану оңай, бірақ ол шыны оптикалық талшықпен салыстырғанда жарық импульстарын аз қашықтыққа береді.

Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды тек бір бағытта береді, сондықтан кабель жеке коннекторлары бар екі талшықтан тұрады. Олардың біреуі беру үшін, ал басқасы – қабылдау үшін қызмет етеді. Талшықтардың қаттылығы пластикамен жабылуымен, ал беріктілігі кевлардан жасалған талшықпен ұлғайтылған. 14 суретте кевларлы жабудың үлгісі ұсынылған. Кевларлы талшықтар пластикке бекітілген екі кабель арасына орналасады.

Оптикалық талшықты кабельмен беру электрлік бөгеуілдерге ұшырамайды және өте жоғары жылдамдықта жүргізіледі (осы уақытта 100 Мбит/с дейін, теориалылық мүмкін жылдамдық – 200 Мбит/с). Онымен жарық импульстерін көптеген километрлерге беруге болады.

Егер мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен ара қашықтарға және сенімді орта бойынша жөнелту жоспарланып отырса, оптикалық талшықты кабельді пайдалану керек.

Оптикалық талшықты кабельді, егер:

  • минимальды тұратын желі қажет болса;

  • оптикалық талшықты желілік құрылғыларды дұрыс орнату мен түзу қосу үшін қажетті дағды болмаса пайдаланбаған жөн.

Сурет 1. Оптикалық талшықты кабель

Сигналдарды беру

Кабель бойынша кодталған сикналдарды беру үшін екі технологияны қолданылады – тар жолақты беру және кең жолақты беру.


Тар жолақты беру


Тар жолақты (baseband) жүйелер мәліметтерді бір жиіліктегі сандық сигнал түрінде береді. Дискретті электрлік және жарықтық импульстар сигналдары болады. Осындай коммуникациондық каналдың барлық сыйымдылығы бір импульсты беру үшін пайдаланылады, немесе , басқа сөзбен айтқанда, сандық сингал кабельдің өткізуінің барлық жолағын пайдаланады. Кабельдің өткізу жолағы – бұл кабель бойынша беріле алатын максимальды және минимальы жиілік арасындағы айырмашылық.

Желідегі тар жолақты хабары бар әрбір құрылғы мәліметтерді екі бағытта жібереді, ал кейбіреулері бір мезгілде оларды жібере де алады, және қабылдай да алады (сурет 2)




Сурет 2.Тар жолақты жөнелту. Екі бағытты сандық толқын.


Кабель бойынша жылжи отырып сигнал біртіндеп өшеді, және нәтижесінде бүлінуі мүмкін. Егер кабель тым ұзын болса, оның алыс шетінде берілетін сигнал тани алмайтындай болып өзгеруі немесе жоғалып кетуі мүмкін.

Бұны болдырмау үшін тар жолақты жүйелерде сигналдарды күшейтіп және қосымша сегменттерге ретрансляциалайтын репитерлерді пайдаланады, бұл кабельдің жалпы ұзындығын үлкейтуге мүмкіндік береді.


Кең жолақты беру

Кең жолақты берулер (broadband) жүйесі мәліметтерді жиіліктің кейбір интервалдарын пайдаланатын аналогты сигналдар түрінде береді. Сигналдар үздіксіз (дикретті емес) электромагнитті немесе оптикалық толқындар түрінде болады. Мұндай тәсіл арқылы сигналдар физикалық орта бойынша бір бағытта беріледі. (сурет 16)



Сурет 3.Кең жолақты беру.Бір бағытты аналогты толқын.


Егер өткізуге қажетті жолақты қамтамасыз етсе, онда бір кабельде бір мезгілде, кабельді телевидение және мәліметтерді беру сияқты, бірнеше жүйелердің хабары беріле алады.

Әрбір беретін жүйеге өткізу жолағының бөлігі бөлінеді. Бір жүйемен байланысты барлық құрылғы, (мысалы, компьютер), өткізу жолағының бөлінген бөлігімен жұмыс істеу үшін бапталған болу керек.

Егер тар жолақты жүйелерде сигналды орнына келтіру үшін репитерлерді пайдаланса, кең жолақтыларда – күшейткіштерді (amplifiers)

Пайдаланады

Кең жолақты жүйелерде сигналдар тек бір бағытта беріледі, сондықтан, барлық құрылғылар мәліметтерді қабылдап және бере алуы үшін сигналдың өтуін екі жолмен қамтамасыз ету қажет.Екі негізгі шешім жасалған:

  • әртүрлі жиіліктерде жұмыс істейтін өткізу жолағын екі каналға бөлу; бір канал сигналдарды беруге, екіншісі – қабылдауға арналған;

  • екі кабельді пайдалану; бір кабель сигналдарды беруге, екіншісі – қабылдауға арналған.


Кабельдердің салыстырмалы анализі

Мінездемесі

Жіңішке коаксиальды кабель (10Base2)

Жуан коаксиальды кабель (10Base5)

Бұралған жұп (10BaseТ)

Оптикальдық талшықты кабель

Құны

Бұралған жұптан қымбатырақ

Жіңішке коаксиальды кабельден қымбатырақ

Ең арзан

Ең қымбат

Кабельдің тиімді ұзындығы

185 м

500 м

100 м

2 км

Беру жылдамдығы

10 Мбит/с

10 Мбит/с

4-100 Мбит/с

100 Мбит/с и выше

Иілгіштігі

Жеткілікті иілгіш

Жіңішке коаксиальный кабельден иілгіш

Өте иілгіш

Иілгіш емес

Орнату қарапайымдылығы

Орнату оңай

Орнату оңай

Орнату өте оңай

Орнату қиын

Бөгеуілдерге ұшырағыштығы

Бөгеуілдерден жақсы қорғалған

Бөгеуілдерден жақсы қорғалған

Бөгеуілдеге ұшырайды

Бөгеуілдерге ұшырамайды

Ұсыналлатын қолдану

Мәліметтерді қорғауға жоғары талапты орташа немесе үлкен желілер

Мәліметтерді қорғауға жоғары талапты орташа немесе үлкен желілер

UTP – ең арзан нұсқа

Берудің жылдамдығына, мәліметтерді қорғау мен тұтастығының жоғары деңгейлі талап қоятын кез келген өлшемді желілер

1 тапсырма

  1. Зертханалық жұмыста берілген теориялық материалдарды мұқият оқып шығыңдар.

  2. Жоғарыда суреттелген кабель типтерінің салыстырмалы анализін құру.

  3. Қорытынды жасаңдар: қай кабель жақсы, қайсы нашар, неліктен.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.


2 тапсырма

  • Ұйымда метрі ТХ және ТҮ аумақты есептеу орталығын орналастыруға арналған ғимарат бар. Осы ғимаратқа арналған топологиялық желісі бар масштабталатын модель берілген. Берілген модельді желінің ТХ және ТҮ кез келген мәні мен Cnc, Cct, Cc, Ccim, Cset құнынын есептеуді автоматтандыру қажет.

Бағдарлама болу керек:

  • графикалық түрде экранда желілік модельді көрсетеді;

  • ТХ және ТҮ ғимаратының өлшемдері мен Cnc, Cct, Cc, Ccim, Cset құнынын сұрайды;

  • жасалынатын желіге арналған жан жақты және қосынды есептеулер шығару керек;

  • желіні жасаудың жалпы құны және оның шығындардың статьялары бойынша жан жақты ашылуын экранға шығарып отыру;


Шығындар статьялары келесі құндардан тұрады:

  • - барлық желілік карттардың құны(Cnc);

  • коннекторлар мен терминаторлардың құны (Cct);

  • кабельдің құны (Cc);

  • бір метрге кабельді салудың құны(Ccim);

  • әрбір компьютерде желілерді баптаудың құны(Cset);

Имитационды модель «Pascal 7.0» или «Delphi» жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жасалады.




Тапсырма нұсқалары




Бақылау сұрақтары

  1. Оптикалық талшықты кабель, ақпаратты берудің тәсілі мен жылдамдығы.Оптикалық талшық. Оптикалық талшықты қай кезде қолданып, қай кезде қолданбау керек?

  2. Сигналдарды беру технологиялары. Тар жолақты беру. Өткізу жолағы.

  3. Сигналды беру технологиялары. Кең жолақты беру.

  4. Кабельдердің салыстырмалы анализі.



Тәжірибелік жұмыс №6


Тақырыбы: Коннектор

Мақсаты: нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуды үйрену

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Лазерлік дискжетекті ағыту қажет.


  1. Тапсырма Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық

Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. BNC семьясында бірнеше құрауыштар бар:

  • BNC-коннектор. BNC-коннектор немесе пісіріледі, немесе кабель соңында қысылады.

  • BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.

  • BNC баррел-коннектор. Баррел-коннектор жіңішке коаксионалды кабельдің екі үзігін біріктіру үшін қолданады.

  • BNC-терминатор. «Шина» топологиялы желіде «бос» сигналдарды сіңіруге арналған терминаторлар кабельдің әрбір шетіне орнатылады. Әйтпесе желі жұмыс істемейді.

  1. Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.

Қандай да болмасын коаксиалды кабельдің классын таңдау кабельдің қай жер арқылы өтетініне байланысты. Коаксиалды кабельдің екі классы бар:

  • поливинилхлоридті;

  • пленум аумағында орнату үшін.

Поливинилхлориді (PVC) – бұл көптеген коаксиалды кабельдердегі сыртқы орау немесе оқшаулаушы ретінде қолданылатын пластик. PVC кабель жеткілікті иілгіш, оны ғимараттың ашық жерлерінде орнатуға болады. Бірақ та өртену жағдайында бұл улы газдар бөліп шығарады.

Пленум (plenum) бұл фалш – төбе және жабу аралығындағы кішкентай кеңістік, әдетте оны желдеткіш ретінде пайдаланады. Өрт қауіпсіздігінің талаптары мұнда орнатыла алатын кабельдер типін қатаң түрде шектейді, егер өрт болған жағдайда олар бөліп шығаратын түтін немесе газдар барлық ғимаратқа тарайды.

Пленум кабелінің оқшаулау қабаты және сыртқы орауы арнайы өртке қарсы тұратын материалдардан жасалынады, олар өрт болған жағдайда түтінді аз шығарады. Бұл химиялық улану қаупін азайтады. Сонымен қатар бұл кабельдерді құбырға орнатпай ашық саал беруге болады. Әйтседе олар поливинилхлоридтілерге қарағанда қымбатырақ және қаттырақ.


Пленумды кабель


Сурет 1. Өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша пленум аумағында орнату үшін арнайы кабельдер типі қарастырылған.

Тапсырма

  1. Зертханалық жұмыстағы берілген теориялық материалды мұқият оқып шығыңдар.

  2. Жоғарыда суреттелген кабельдер типтерінің салыстырмалы мінездемесін құру.

  3. Қандай кабель жақсы, қайсысы нашар және неліктен деген қорытынды шығараыңдар.

Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Қолданылатын кабельдердің негізгі топтары. Олардың негізгі мінездемелері.

  2. Коаксиалды кабельдің құрылымы. Қиылысатын кедергілер. Өшу. Коаксиалды кабельдің типтері.

  3. Жіңішке коаксиалды кабельдің мінездемесі.

  4. Қалың коаксиалды кабельдің мінездемесі. (жіңішке коаксиалды кабельден айырмашылығы). Трансивер.

  5. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық.

  6. Коаксиалды кабельді пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Тәжірибелік жұмыс №7


Тақырыбы: Қысқыш

Мақсаты: негізгі желілі кабельдермен кабельдер мінездемесін суреттеуде қолданылатын терминдер туралы түсінік алу; тар жолақты және кең жолақты хабар туралы түсінік алу; нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуға үйрену

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.


Бұралған жұп

Қарапайым бұралған жұп (twisted pair) – бұл бір бірін айнала оралған екі оқшауланған мыс өткізгіш. Кабельдің екі типі бар (сурет 8): экрандалмаған бұралған жұп (UTP) (unshielded) және экрандалған бұралған жұп (shielded) (STP).

Сурет 8. Экрандалмаған және экрандалған бұралған жұптар

Бірнеше бұралған жұптарды бір қорғау орамына жиі орналастырады. Мұндай кабельдер олардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Өткізгіштердің бұралуы көрші жұпатр мен және басқа да көздерден, мысалы, қозғаыш, релье және трансформаторлардан туындайтын электрлік кедергілерден құтылуға жол береді.

Егер:

  • ЛВС ұйымдастыру кезінде ақша қаражатына шектеулер болса;

  • компьютерлерді қосу қиын емес операция кезінде қарапайым орнату қажет болған кезде бұралған жұпты пайдаланған жөн.

  • Егер жоғары жылдамдықта беріліп жатқан мәліметтердің тұтастығына абсолютті сенімді болу керек болса, бұрлған жұпты пайдалануға болмайды.


Экрандалмаған бұралған жұп

Экрандалмаған бұралған жұп () ЛВС кезінде кең қолданылады, максималды ұзындығы 100 м (328 фут) құрайды.

Экрандалмаған бұралған жұп екі оқшауланған мысөткізгіштерден тұрады (9 сурет). Кабельдің тағайындалуына байланысты бұралу бірлігінің санын дұрыстайтын бірнеше өзгешелігі бар. UTP Солтүстік Америкада телефондық желіде де қолданылады.

. 9. Неэкранированная витая пара.


Экрандалмаған бұралған жұп ерекше стандартта - Electronic Industries Association and the Telecommunications Industries Association (EIA/TIA) 568 Commercial Building Wiring Standart. EIA/TIA 568 – UTP негізінде - өнімнің біркелкілігін кепілдендіре отрып, әртүрлі жағдайларға арналған стандарттарды орнатады. Бұл стандарттар UTP бес категориясын енгізген.

  • Категория 1. Тек сөйлесуді ғана, мәліметті емес бере алуға болатын дәстүрлі телефонның кабелі.

  • Категория 2. Мәліметтерді жылдамдығы 4 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 3. Мәліметтерді жылдамдығы 10 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Метрге тоғыз бұралғышы бар төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 4. Мәліметтерді жылдамдығы 16 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 5. Мәліметтерді жылдамдығы 100 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Мыс өткізгішті төрт бұралған жұптан тұрады.


Көпшілік телефонды жүйелер экрандалмаған бұралған жұпты қолданады. Құрылыс кезінде көптеген ғимараттарда, UTP бүгінгі күннің телефондандыру қажеттілігі үшін орнатпайды, сонымен қатар, болашақтағы қажеттілігін ескере отырып, артық кабельді де алдын ала қарастырады.Егер құрылыс кезінде орнатылған өткізгішер мәліметтерді беруге арналса, оларды компьютерлік желіде де пайдалануға болады. Бірақ мұқият болу керек, өйткені қарапайым телефонды өткізгіштердің бұралғыштары жоқ, және оның электрлік мінездемелері мәліметтерді компьютерлер арасында сенімді және қатерсіз беру үшін талап етілетін мінездемелерге сай болмауы мүмкін.

Кабельдің барлық типтерінің потенциалды проблемаларының бірі қиылысқан бөгеуілдер болып отыр. (10 сурет). Қиылысқан бөгеуілдер – бұл аралас өткізгіштерде сигналдардан туындаған электрлік туралаулар. Әсіресе, экрандалмаған бұралғыш жұптар қиылысқан бөгеуілдерге ұшырайды. Олардың әсерін азайту үшін экран қолданылады.

Сурет 10.Қиылысқан бөгеуілдер – бұл көрші сызықтар жағындағы электрлік туралаулар.


Экрандалған бұралғыш жұптар

Бұралғыш жұптармен экрандалған кабельдің (STP) мыс орауы бар,сонымен қатар STPөткізгіштер жұбы фольгамен оралған (11 сурет) Нәтижесінде экрандалған бұралған жұптар берілетін мәліметтерді сыртқы бөгеуілдерден қорғайтын тамаша оқшаулауыштарға иеленеді.

Бұның бәрі STP UTP салыстырғанда электрлік бөгеуілдерге аз ұшырайды және сигналдарды жоғары жылдамдықпен және алыс қашықтарға бере алады.

Сурет 11. Экрандалған бұралған жұп.


Кабель жүйесінің компоненттері


- Қосқыштар (connectors). Бұралғыш жұптарды компьютерге қосу үшін телефонды RJ-45 коннекторлары пайдаланылады. (сегіз қатынасы бар) (сурет 12)


Сурет 12. Вилка және ұя RJ-45

1

Дамыған кабельді жүйені құрап және онымен жұмысты жеңілдетуді төменде аталған компоненттердің көмегімен жүзеге асыруға болады(сурет 13)

  • Бөлетін қабырғалар мен сөрелер (distribution racks, shelves). Бөлетін қабырғалар мен сөрелер кабельді монтаждауға арналған. Олар көптеген қосылғаштарды бір ортадан ұйымдастыруға және осымен бірге аз орын алуына мүмкіндік береді.

  • Коммутационды панельдер (distribution racks, shelves).Кеңейту панельдерінің әртүрлі типтері бар. Олар 96 порттарға және беру жылдамдығын 100 Мбит/с дейін ұстап тұрады.

  • Қосқыштар. RJ-45 жалаң және қос вилкалар кеңейту панельдері мен қабырғалы розеткаларға қосылады. Олар беру жылдамдығын 100 Мбит/с. дейін қамтамасыз етеді.

  • Қабырғалы розеткалар. Қабырғалы розеткаларға екі немесе (және одан да көп) қосқыштарды қосуға болады.


Тапсырма:

  1. Зертханалық жұмыста берілген теориялық материалдарды мұқият оқып шығыңдар.

  2. Жоғарыда суреттелген кабельдер типінің салыстырмалы мінездемесін құрыңдар.

  3. Қорытынды шығарыңдар: қай кабель жақсы, қай кабель жақсы және неліктен.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беірңдер.



Тәжірибелік жұмыс №8


Тақырыбы: Автономиялық бума құру байланыс орнату

Мақсаты: лазерлік дискжетекті және оның техникалық сипаттамасын меңгеру

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.


Базалық мағлұмат:
Байланыс орнатардың алдында ең алдымен модемді орнату керек. Осыдан кейін ғана сервермен байланысуға мүмкіндік туады.
Жұмыстың орындалу реті:
Жұмысты орындауға дайындық
1. Нақты нұсқаулармен толық танысыңыз, түсініксіз жағдайларды мұқият қараңыз.
2. Егер есептеу жүйесінің мониторы қоректену блогына ие болса, мониторды қосыңыз.
3. Жүйелік блоктан компьютерлік жүйені қосыңыз.
4. Пороль сұраған жағдайда пернетақтадан Esc пернесін шертіңіз.
5. Рұқсат контроллерін қондырыңыз
6. Есептер тақтасындағы Пуск пунктін таңдаңыз. Настройка - Панель Управления командасын орындаңыз.
7. Установка и удаление программ объектісін ашыңыз. Пайда болған терезеден:
• Установка Windows вкладкасындағы Компоненты терезесінен Связь пунктін таңдап, Состав батырмасын басыңыз.
• Пайда болған терезеден Удаленный доступ к сети пунктін таңдаңыз, OK батырмасын шертіңіз.
8. Жүйе бағдарламалық жабдықтаумен айналысып жатқанда жұмысы аяқталғанша күте тұрыңыз. Аяқталғаннан кейін компьютерді қайта өшіріп қосыңыз.
Модемді қондыру
9. Есептер тақтасындағы Іске қосу батырмасын шертіңіз. Настройка - Панель Управления командасын орындаңыз.
10. Модемы объектісін ашыңыз (пайда болған сұхбат терезесінен Жаңа модемді қондыру пунктін таңда).
• Не определять тип модема пунктіне жалауша орнатыңыз (тізімнен). Далее - батырмасын шертіңіз.
• Хаттаманы оқып, конспекттеңіз. Дайындаушылар терезесінен сәйкестерін таңдаңыз: (Standard Modem Types) және Моделдер: Standard 28800 bps Modem. Далее батырмасын шертіңіз.
• Пайда болған терезеден байланыс орнатылған портты нұсқаңыз: Тізбектелген порт (COM2). Далее батырмасын шертіңіз.
• Подождите, пока идет установка модема. По завершении нажмите кнопку Готово.
Рұқсаттық байланысты орнату
11. Мой компьютер объектісін ашыңыз.
12. Удаленный доступ к сети объектісін ашыңыз.
13. Новое соединение таңдаңыз. Пайда болған терезеден:
• Байланыстың атауын таңдаңыз Зерт.№9; ашылған тізімнен қондырылған модем таңдаңыз. Далее батырмасын шертіңіз.
• Қала кодын енгізіңіз: 222; Телефон: 22222, Елдің коды: мысалы, Россия (7). Далее
• Батырмасын шертіңіз, Готово батырмасын шертіңіз
Рұқсаттық байланысты құрастыру (настройка)
14. Удаленный доступ к сети терезесінен объект Лаб 9 таңдаңыз. Файл менюінен Свойства командасын таңдаңыз. Пайда болған терезеден:
• Общие вкладкасындағы қаланың, елдің, телефон кодын тексеріңіз.
• Тип сервера вкладкасынан рұқсат серверінің типін таңдаңыз; Допустимые сетевые протоколы: TCP/IP.
• OK батырмасын шертіңіз.
Рұқсаттық байланысты қондыру
15. Удаленный доступ к сети терезеден объект таңдаңыз Лаб 9. пайда болған терезеден:
• Қолданушы Атын енгізіңіз: dial-up
• Пароль енгізіңіз: 12345
• Установить связь командасын таңдаңыз.
Байланысты орнатудың фазасы:
• Номерді теру
• Байланыс параметрінің келісімі
• Қолданушының атауының және поролінің дұрыстығын тексеру
• Желіге кіру
• Байланысты қондыру
Жұмысты аяқтау
16. Есептер тақтасынан Пуск батырмасын шертіңіз. Настройка - Панель Управления пунктін таңдаңыз.
17. Удаленный доступ к сети терезесінен объект Лаб 9 таңдаңыз.Файл менюінен Удалить пунктін таңдаңыз.
18. Модемы объектісін ашыңыз. Standard 28800 bps Modem таңдаңыз. Удалить батырмасын шертіңіз, Жабу командасын таңдаңыз.
19. Сеть объектісін ашыңыз, тікелей рұқсат контроллерін таңдаңыз. Удалить батырмасын шертіңіз, содан кейін ОК батырмасын шертіңіз.
20. Оқытушының көмегімен компьютердің жұмысын аяқтауының дұрыстығын тексеріңіз. Компьютерді қалыпты жағдайға келтіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Желідегі тікелей рұқсатты орнатудың реті қандай?
2. ISP, DCE, DTE деген не, берілгенді жіберу каналы, модем деген не?
3. Модемдер : мақсаты, типі, орындалатын функциялары, протоколдар.
4. Каналдық деңгейдегі протоколдар: UUCP, SLIP, PPP.
5. Тікелей рұқсат фазысын қондыру.


Тәжірибелік жұмыс №9


Тақырыбы: Интернет желісіне қосылуға Microsoft Outlook Express көмегімен хабар жасау және жіберу

Мақсаты: Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастыру

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Интернет желісін қосу қажет.


Теориялық ақпарат

Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.

Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.

Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:

  • Жабдыққа шығынды төмендету;

  • Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;

  • Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;

  • Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.

Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:

РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру

СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер

КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер

ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.


Желілер типтері

Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:

Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)

Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)

Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)

Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.




Сурет 1. Бір рангты желі

Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.


С
урет 2. Сервері бар желі

Серверлердің келесі специализациясы бар:

Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)

Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін

Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.

Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.





Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі

Тапсырма

Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.

Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.

Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.

N

Сөз

Саны

Барлық сөздер

%

1









5





Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.

Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.

Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:

Жұмыстың есебін рәсімдеу

Есепте болу керек:

  • титулды бет;

  • тапсырма;

  • реферат;

  • сөздер рейтингінің кестесі;

  • тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;

  • тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.


Тәжірибелік жұмыс №10,11


Тақырыбы: Microsoft Outlook Express көмегімен пошта жіберу және алу үшін есеп жазбасын орнату, Microsoft Outlook Express көмегімен тез жеткізілуі тиіс хабарламаларды жасау және жіберу

Мақсаты: Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастыру

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Интернет желісін қосу қажет.


Базалық мәліметтер:

Желілік интерфейсті құрастырудың бірінші кезеңі желілік картаны қондыру мен құрастыру

болып табылады.

Желілік картаның драйверін қондырғаннан соң берілген интерфейсте қолданылатын

желілік протоколдарды құрастыру қажет.

Протоколдарды құрастырған соң желідегі жүйе жұмысы тексеріледі, физикалық жəне

каналдық деңгейдегі байланысты тексеру үшін ping, тасымалдау жұмысын тексеретін tracert

бұйрықтарынан бастап, қолданбалы деңгейдегі қосымшалардың (электрондық пошта, веб-браузер)

жұмысынан аяқталады.

Орындалу реті:


Жұмысты орындауға дайындық

1. Негізгі нұсқауларды оқыңыз, түсініксіз сəттерді анықтаңыз.

2. Егер есептеу жүйесінің мониторында, жүйелік блоктан тыс, қоректену блогы болса, онда

мониторды қосыңыз.

3. Жүйелік блоктың ажыратқышымен компьютерлік жүйені қосыңыз.

4. Құпия сөзді сұрайтын сұрақ туындаған кезде Esc батырмасын басыңыз.

5. Протоколды қондыру

6. Іске қосу батырмасын басыңыз. Құрастыру - Басқару панелі- Желі бұйрығын

орындаңыз.

7. Қосу батырмасын басып, қондыратын компоненттің типін таңдаңыз: Протокол. Қосу:

батырмасын басыңыз.

8. Дайындаушылар терезесінен сəйкес нұсқаларды таңдаңыз: Microsoft жəне Желілік

протоколдар: IPX/SPX-сəйкес протокол. OK батырмасын басыңыз.

9. OK батырмасын шертіңіз.

10. Драйверді қондыру үшін жүйені қайта жүктеңіз (шартты).

11. Протоколдарды өшіру

12. Іске қосу пунктін таңдаңыз. Құрастыру- Басқару панелі бұйрығын орындаңыз.

13. Желі объектісін ашыңыз. Конфигурация жапсырмасынан IPX/SPX-сəйкесінше протокол

компонентін таңдаңыз. Өшіру батырмасын шертіңіз.

14. Драйверді қондыру үшін жүйені қайта жүктеңіз (шартты).

15. TCP/IP желілік протоколын қондыру

16. TCP/IP компонентін таңдаңыз. Қасиеттер батырмасын басып, ашылған терезеден:

· Адрес IP жапсырмасынан IP-адрес жəне желіасты маска параметрлерінің қасиетін алып

тастаңыз.

· Шлюз жапсырмасынан Қондырылған шлюздер параметрлерінің қасиетін алып тастаңыз.

· Конфигурация жапсырмасынан Компьютер аты, Домен, DNS серверлерді қарау реті

параметрлерінің қасиетін алып тастаңыз.

· OK батырмасын басыңыз.

Протоколдарды құрастыруды тексеру

17. Компьютерді қайта жүктегеннен кейін ping IP-адрес бұйрығының көмегімен желілік

интерфейстің жұмысын жəне ping домен аты бұйрығы көмегімен DNS серверініңжұмысын

тексеріңіз (оқытушыдан алыңыз):

IP адрес

Домендік ат

Мағынасы


Жұмыстың аяқталуы

14. Операциялық жүйенің жұмысын аяқтағанын көргеннен кейін оқытушының көмегімен

компьютердің жұмысының аяқтағанына көз жеткізуіңіз керек.

Қорғалуға қатысты сұрақтар:

1. TCP/IP протоколдарының стектік түзетулер реті.

2. IP-адрес, желі маскасы, домендік атау, DNS-сервер, шлюз деген не?

3. Есептеу жүйесіне рұқсаттың бар екендігін қалай анықтауға болады?


Тәжірибелік жұмыс №12


Тақырыбы: Mail.kz серверінен хабарламалар жіберу

Мақсаты: Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі

Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютер, корпус, қорек блогы, дискжетек, құралдар.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Дербес компьютерді өшіру және жүйелік блоктың артық панеліне келетін желілік кабельдерді ағыту қажет

  2. Дискжетектерді ағыту керек.

  3. Интернет желісін қосу қажет.


Қысқаша теория

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

  1. қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді

  2. тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді.

  3. жеткізу агенті – мәліметтерді оны алуышының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.

Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға жеткізілуі мүмкін. Мәлімет алушының әрбір тобына қызмет ететін жеке агент-mail бар, ол жергілікті компьютер пайдаланушыларға арналған жеткізу агенті.

Тапсырма:

  1. Microsoft Outlook Express программасын іске қосыңыз.

Өз атыңызға ұқсастыру жазбасын құрыңыз. Ол үшін Файл – Удостоверение – Добавить удостоверения командасын орындаңыз. Новая идентификационная запись сұхбат терезесі ашылады. Сәйкесінше өріске өз атыңызды енгізіңіз. Егер өз хаттарыңызды бөгде адамдар оқымасын десеңіз, онда пароль орнатуға болады. Ол үшін қосқан кезде пароль сұрау жалаушасын орнату қажет.

  1. Өз атаңызға құрылған ұқсастыру жазбасына өтіңіз. Ол үшін Файл – Смена удостоверения командасын орныдаңыз, сонда Переключение идентификационной записи сұхбат терезесі ашылады. Осы жерден бұрын өзіңіз құрған жазбаны таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

  2. Өзіңіз құрған ұқсастыру жазбасын қосқан соң Входящие қаптамасын майлы қаріппен ерекшеленгенін көресіз. Бұл әлі оқылмаған хабар келіп түскендігін білдіреді.

  3. Удалаенные қаптамасын ашыңыз. Бұл жерден жаңағы хабардың шын мәнінде өшірілмей , тек Удаленные қаптамасында кескінделетін дәрежеге ие болғанын байқайсыз.

  4. Таңдалынған электрондық пошта қызмет түрін қоюшыға сәйкес келетін Учетные записи құрыңыз. Сервис – Есепке алу жазбалары командасын беріңіз – Интернеттегі есепке алу жазбалары келтірілген. Жаңа есепке алу жазбасын құру үшін Добавить батырмасын қолданып, ашылған менюден Пошта бөлімін таңдаңыз. Сонда Интернетке қосу шебері автоматтандырылған құралы іске қосылады.

  5. Интернетке қосу шебері сұхбат терезесіне келесі мәліметтер ретпен енгізіледі.

    • Тұтынушының аты, мысалы Берік

    • Электрондық поштаның адресі, мысалы [email protected]

    • Келіп түсетін хабарлар серверінің аты, мысалы pop.abcmail.kz

    • Бастапқы хабарлар серверінің аты, мысалы smtp.abcmail.kz

    • Пошталық серверлерге қатынауға арналған тұтынушының тіркеу аты, мысалы Berik

    • Пошталық серверге қатынауға арналған пароль

Шебер терезесінің ең соңғы бетіндегі Готово батырмасын басыңыз. Интернетке қосу шебері сұхбат терезесінің Пошта қыстырмасында жаңа құрылған есепке алу жазбасы пайда болғанын көресіз.

  1. Қаптамалар панеліндегі Локальные папки жолына шертіңіз. Сонда пошталық программаның логикалық қаптамасында хабарлрдың орналасуы туралы мәліметтер алынады


Бақылау сұрақтары:

  1. Электрондық пошта қызметі қандай программаларға және хаттамаларға негізделген?

  2. Шығарылатын хабар қызметінің жұмыс принципі қандай?

  3. Келіп түсетін хабар қызметі қандай хаттамаға негізделген?

  4. Электрондық поштаның жұмыс істеу реті қандай?

  5. Электрондық поштаның түрлері қандай?

  6. Mail.ru жұмыс істеу реті қандай?




















Қолданылған әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер:

  1. Кульгин М. «Компьютерлік желілерді құру тәжірибесі», М-2012

  2. Гроднев И.И. «Желі байланысының қондырғылары» М.Р.С.-2007ж

  3. Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 672бб.: ил.

  4. Microsoft Corporation. Компьютерные сети: Учебный курс. / Пер. с англ. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Издательский отдел «Русская Редакция» ТОО «Channel Trading Ltd.», 2008. – 696 б.: ил.

  5. Закер К. Компьютерные сети. Модернизация и поиск неисправностей: Пер. с англ.-СПб.: БХВ – Петербург, 2011. – 1008б.:ил.

  6. Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия. – СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 575б.: ил.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Фролов А.В., Фролов Г.В. Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-Mail, FTP, WWW и HTML, программирование для Windows Sockets – М.: Диалог-МИФИ, 1996. – 288 б.: ил. – (Библиотека системного программиста. Т. 23)

  2. Создание intranet. Официальное руководство Microsoft / Пер. англ. – СПб.: BHV-Санкт-Петербург, 2008. – 672 б.: ил.



Оқу тәжірибесін орындаудың нормативтік құжаттары

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 жыл.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы, шілде, 1997 жыл.

  4. “Ақпараттандыру туралы” ҚР Заңы 8 мамыр, 2003 ж

  5. ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы.

  6. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл.

  7. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы

  8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы 2004жылғы 7 шілде бұйрық №581

  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;

  10. «Кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі» ҚР Үкіметенің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы.

  11. «Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 508 бұйрығы

  12. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігі 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы

  13. «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар» ҚР Үкіметі, 2012 ж