СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конференция талдамасы «Әлеуметтік бейнеролик:өмірге басқа көзбен қарауға үйретеді»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады.

Просмотр содержимого документа
«Конференция талдамасы «Әлеуметтік бейнеролик:өмірге басқа көзбен қарауға үйретеді»»

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»








Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.Бейсетбаев

______________ 2017 жыл






ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА

КОНФЕРЕНЦИЯ

















Алматы 2017

Модератор:

-Армысыздар, құрметті конференция қатысушылары және қонақтар! Бүгінгі біздің қозғағалы отырған тақырыбымыз «Әлеуметтік бейнеролик:өмірге басқа көзбен қарауға үйретеді». Бұл тақырыптың таңдалуына бірнеше себеп болды:

  • 2018 жылдан бастап Қазақстан телеарналарында әлеуметтік жарнамаларға конкурс жарияланып, озып шыққан бейнероликтер тегін көрсетілетін болады.

  • Әлеуметтік бейнероликтерді түсіру және көру арқылы бізді қоршаған әлем, тіршілікті бір сатыға жақсартуға болады.

Ал бұл мүмкіндіктер біздің оқытып жатқан киноиндустрия мамандарына ой салуы қажет . Міне осындай тамаша бастаумен, біз осы тақырыпты кеңінен талқылап, бүгінгі таңда әлемде және Қазақстанда қандай тақырып актуалды, қандай проблемаға назар аударғанымыз жөн деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Олай болса бүгінгі конференция бастамасын әдемі бимен ашсақ.

Модератор:

Жалпы әлеуметтік жарнама дегеніміз не?

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады.Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] алып шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).

1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі(adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.

Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі»құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.

Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.

Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.

Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.

Олай болса, конференция қатысушыларымен таныстырып өтсем:

  1. Өмір мәні тақырыбын қозғайтын __________________________________

  2. Педофилия дертін қозғайтын_____________________________________

  3. Ата ана мен баланың қарым қатынасын қозғайтын____________________

  4. Әлеуметтік желіге тәуелділік тақырыбын қозғайтын

  5. Наркомания, темекі шегу дертін қозғайтын





1 ҚАТЫСУШЫ:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі менің қозғағым келген тақырып «Өмір мәні... (суицид туралы)» деп аталады.

Өмір...Өмір... Өмір... Өмірге құштар адамдар бұл сыйды бағалай алады және «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына жағдай жасап отырады. Олар түрлі қиындықтар мен қызықтарға, баршылық пен жоқшылыққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесседе ешқашан мойымайды, қайта қарсы тұрып төтеп бере алады.

Енді, кейбір адамдар өмірдің қымбат екенін біле тұрса да, «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына кедергі келтіретін зиянды әдеттерге бой алдырып, қарсы тұра алмайды, әлсіздік танытып жатады.

Өмір адамға бір-ақ рет келеді. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең соның өзі бақыт. Бірақ соқтықпалы, соқпалы өмірдің қиындығына кез – келген адам шыдай ала ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, сол жаққа мезгілсіз аттанып жатады. 

Суицид – адамның өз-өзіне қолданылатын аяусыз жаза, өз Меніне ашылған соғыс. Қазіргі босбелбеу жастар жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді. Жалпы, осы қоғамның дертіне айналған бұл суицидтің шығу себептері мен түрлеріне назар аударайық:

Слайд «Суицидтің шығу себептері:»

  1. Бақытсыз махаббат;

  2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;

  3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;

  4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өртіруге дейін жеткізу);

  5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;

  6. Өмір мәнін жоғалту;

  7. Қаржы проблемасы;

  8. Денсаулық проблемалары;

  9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);

  10. Психикалық аурулар;

  11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.

Деректерге назар аударатын болсақ 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:

бірінші орында – Латвия (96-99 адам),

екінші орында – Венгрия (88 адам),

үшінші орында – Қазақстан (53 адам)

Бұл, әрине өкінерлік жағдай.

Жалпы, суицидті дер кезінде танып, осындай теріс жайттардың алдын алу үшін жан-жақты ақпарат беру, түсіндіру, мәселенің мәніне бойлау, талдау, сараптама жасау қажеттігі сөзсіз.

Сол себепті менің тобым осы тақырыпты таңдап алдық.Осы тұрғыда студенттер арасында 1 сұраққа сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға қатысушылардың негізгі жасы – 15-18 жас, ал басым көпшілігі – 67%-ы қыздар болып шықты.

«Бос уақытта немен айналысасыз?» деген сұрақтың жауабын диаграмма түрінде көрсетуге болады.

Яғни, жастардың 65%-ы бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді.  Бұл күнделікті қарым-қатынасты әлеуметтік желілер алмастырады деген сөз. Сауалнамаға қатысқан студент жастардың көпшілігі негізінен ата-анасының қамқорлығындағы жаста екенін ескерсек, бос уақытты өткізудің мұндай формасы мінез-құлықтың барлық түрінен, көзқарастарынан, ұстанымдарынан көрініс табады, осыдан барып ата-анамен қарым-қатынас күрделенеді десек қателеспейміз. Ал, демалыс сәттерінде теледидар көретіндер – 15%. Кітап оқитындардың 13%-ды құрағанына қарап, осының өзіне қуану керек сияқты. Бірақ, спортпен айналысатындар, өкінішке орай тым аз болып шықты (7%).

Назар аударған болсаңыздар, өмірде бір рет шалыс бассаңыздар, өмір шеңбері өз арнасынан шығып кетуі ғажап емес екен. Сондықтан, зиянды әдеттерден бойларыңызды аулақ ұстап, қылмыс атаулының құрығына түспей, қамшының сабындай ғана өмірлеріңізді бағалай білсеңіздер, өмір шеңбері өз арнасымен айналып, өмірлеріңіздің мәнді де, сәнді болары сөзсіз. «Өмір – қымбат сый» екенін әрдайым есте сақтап, сол қымбат сыйды бағалай біліңіздер! Сөз соңында мен шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен аяқтап, өзіміз дайындаған әлеуметтік бейнероликті ұсынамыз:

«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жинаған-терненін орынсыз шашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достары және жақындарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады»-деген. Олай болса, өмірді бағалай білейік, жақсы өмір сүре білейік...



2 ҚАТЫСУШЫ:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті конференция қатысушылары! Мен бүгінге қоғамды дүр сілкіндіретін, менің айтып жеткізуіме ауыр болса да, талқылануға тиіс деп шешкен тақырыппен шығып отырмын.Адами қағидаға жат педофилдік бүгінде сыналап санамызға да, қоғамымызға да еніп бара жатыр. Сұмдығы сол, мұндай тексіздіктің тамырына балта шабуға қауқарсыздық танытып отырғандығымыз. Интернет алаңынан осы тақырып аясында ізденгенде талай жаға ұстарлық жайттармен таныс болдым, осыған қалай тосқауыл қоямыз?

Аздап түсінік берсем: Педофилия (көне грекше: παῖς — «сәби» + көне грекше: φιλία — «махаббат», басқаша айтқанда инфантосексуализм, падерозия) — психикалық бұзылу, көптеген жыныстық ауытқулардың бірі. Бұл ауруға шалдыққан адамдарды педофил деп атайды. Генпрокуратураның есебі мен статистикасына жүгінсем 2016 жылы 180 бала педофилдер тарабынан зардап шексе, 2017 жылдың 9 айында 133 ке жеткен.

Қауқарсыздығымыз емей немене, педофилдер әрекеті еліміздің әр бұрышында жиілеп кетсе де, оларға қатысты заңды қатаңдатып жатқанымыз шамалы.

Тіпті педофилдердің басым бөлігі ұстатпай кетіп жатса, ұсталғандарына қолданылар жаза қорланған сәбидің ар-ұятымен салыстырғанда тым жеңіл.

Осылайша, қоғам болып айдың, күннің аманында сәбилерімізді айуанның мазағы мен қорлығынан қалай арашалаймыз деген сұрақ жанымды мазалады.

 Қанша жерден қоғамды ізгі­лен­діреміз десек те, қылмысты азай­тудың бір ғана жолы – жазаны қатаңдату. Соның ішінде педо­фил­дер­ге тек қана өлім жазасын қол­да­ну қажет дер едім. Ата-ба­ба­мыз­дың қылмыскерді жазалау үрдісіне сүйенсек те, олар "қанға – қан, жан­­ға – жан" қағидасын ұстанған.

Тіпті біз "демократия, адам құқы сақ­та­луы­ның жарқын үлгісі" деп атой салып жүрген Американың өзі қа­лып­тасқан ахуалға қарай кейбір штат­тарында кейбір қылмыс түр­ле­ріне өлім жазасын қалдырған. Ен­де­ше баланы "балалы үй – базар" деп, бар қызығы санаған халқымыз сә­билерді айуанның қорлауына бе­ріп қоюға қалайша көз жұма қа­ра­мақшы?!

Тағы бір қосар үлесіміз, әлеуметтік жарнама арқылы ата-аналарды сақтыққа шақыра аламыз, сонымен қатар көрші қолаң, жалпы өтіп бара жатқан кездейсоқ адамдардың өзін байқампаз болуға шақырамыз. Осының айқын үлгісі ретінде өзіміз түсірген әлеуметтік бейнероликке назар аударсақ.

3 ҚАТЫСУШЫ:

Менің тақырыбым : Қаншалықты балаға көңіл бөлесіздер? Жер бетінде қазақтан асқан балажан халық жоқ. Неге десеңіз, «бала- бауыр еті», «балалы үй- базар» деген халықтың бір баласын бір ауыл болып тәрбиелейтін өзіндік үлгісі әлемнің өзге бірде бір жұртында кездеспейтін құбылыс десек артық айтқандық емес.

Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Біздің ойымызша, баламыз біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де, бірақ талап қоюға келгенде қатайып кетеміз. Сол талаптың үддесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып жасытамыз. Балаға жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді аңғармаймыз. Мұндай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері- бозөкпе, жасық болса, екіншілері- жекіп сөйлемесең сөз өтпейтін сабаздың өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өздігінен шешім қабылдай алмайтын болса, кейінгілері өмір бойы жүйкемізді жұқартып, өмірден өз орнын таба алмайды.

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Демек баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.

Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Мінезі тұйық, жасқаншақ балалар болады. Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді, олардың іс-әрекеттері ата-анасына ұнамай жатады немесе сынға ұшырайды. Осы кезде ересектер балаға орынды, орынсыз кінәләулар тағады. Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай жала жапқандығы баланы ашындырады, қарсы шығуға итермелейді.

Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады. Сондықтан баланың түр-сипатына емес, ішкі жан дүниесіне өте қатты көңіл бөлейікші.

Бейнеролик

Залдағы ұстаздарға сауал қою : Үйге жұмыстан барғанда не істейсіздер?Балаңызға көңіл бөлуге уақыт табыла ма?

Сөз соңында айтарым: Құрметті оқытушылар сідер колледж қабырғасында қаншалықты жұмысбасты болсаңыздар да, үйге барғанда балаларыңызға бір сәт басқа көзбен қарап көріңіздерші! Олар өте сезімтал, нәзік, ата-анасының жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған бала ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды және сіздерді де сондай әдемі қартаю күтіп тұрады.

Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері. Сондықтанда, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап көңіл бөлу ата-ананың алдында тұрған парызы.



4 ҚАТЫСУШЫ:

Қозғайтын тақырыбым: ҒАЛАМТОРДЫҢ «ТОРЫНА» ТҮСКЕН «ТҰТҚЫНДАР»

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» деп Қасым ақын «елесімізге» таңырқап кетіп еді. Жаңа ғасыр алдымыздан бар мүмкіндіктің есігін айқара ашқаны рас. Соның бір ғаламаты – ғаламтор. Дұрыс қолдана білсек, пайдасы ұшан-теңіз. Ақпарат іздеп табан тоздырмайсыз, «тышқанның» түймесін бір-екі рет шертсеңіз, керек уақытта керек жерден табыласыз. Дегенмен, біз жаңа ғасырда жаңа «ауруларға» шалдығатын болып жүрміз. Техника дамыған сайын адамның өмірі жеңілдей түседі. Адам өмірі жеңілдеген сайын денсаулығы нашарлайтын үрдіс байқалады. Бұл қазіргі уақыттың айқын ақиқаты болып отыр. Сондай «аурулардың» бірі, жаңа ғасырдың жаңа «дерті» – интернетке тәуелділік. «Интернетке тәуелділік дегеніміз ауру ма?» деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, талас пен тартысқа толы сауал.

Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетті. Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр: Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және т.б. Осылар ішінен, әсіресе, Instagram желісіне енді әріп үйренген баладан еңкейген қарттарымызға дейін кіреді екен. Ал желімен бірге таңын атырып, күнін батыратындар оқушылар мен студенттер екен. Әлеуметтік желіге көп адамдар танымал тұлғаларды, соңғы жаңалықтарды, қызықты, кейде масқара видеолар мен суреттерді көру үшін кіреді. Бұл неге алып келеді? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал болу мақсатында кейбір жастар мен ересектер «атын шықпаса, жер өрте» деп небір ессіз қылықтарға барады. Мысалы, әйел кейпіндегі еркектер, өмірге қауіпті жаттығулар, ашық-шашық киіну, ақылға қонымсыз флешмобтар және т.с.с. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір видеолар мен суреттер жас баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді топпен бірге ұрып-теуіп төбелеп жатқан видеолар немесе жартылай жалаңаш киінген қыздар суреттері, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірген видеолар жастарды қатыгездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонға телміріп отыра бергендіктен, көз қызметінің бұзылуына алып келеді және оқуға, жұмысқа арналған уақытты босқа кетіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта қолданып жүргендер де аз емес. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр. Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз! Уақытыңызды виртуалды өмірге арнамай, достарыңызға, туыстарыңызға, көптен бері сөйлесе алмай жүрген жақындарыңызға арнаңыз.

Бейнеролик





Модератор:

Ал құрметті конференция қонақтары бүгін қатысушылардың қозаған мәселелерін ой таразысынан өткіздік деп ойлаймын.Әркім іштей бір түйін шығарды деп үміттенемін.

Бүгінгі отырысты әлемнің 2016 жылғы үздік әлеуметтік бейнеролигі деп табылған кинокөрсетіліммен аяқтасақ....

КИНОКӨРСЕТІЛІМ

Ү.27 СМЖАМПККСТ 11 1Басылым


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!