СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конференцияға арналған баяндама

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Конференцияға арналған баяндама»

«MOODLE - ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ»

ТУРАЛЫ ЖАСАҚТАЛҒАН ВЕБ САЙТ

Джанбаева М. К.

Ғылыми жетекшісі: Уразова А. А.

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледж


Соңғы кезде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жүйесі жетекші рөл атқаратын деңгейге жетті. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі — білім алушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу.

Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 16-наурызынан бастап, бүкіл дүние жүзінде болып жатқан пандемияға байланысты, ҚР халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық білім алушылар (оқушылар, студенттер және т.б.) наурыз айынан бастап қашықтықтан білім алуда.

Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады. Оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, барлық білім беру ұйымдары да кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, заманауи жаңа тақпараттық технологияны, интернет ресурстарды, бағдарламалық қосымшаларды тиімді пайдалана білу керек.

Қашықтықтан оқытудың ең көп тараған түрлері: Moodle, ILIAS, aTutor, Blackboard Learning System, CCNet, Claroline, Desire2Learn, Dokeos және т.б.

АКТ-ны білім беру жүйесінде пайдалану, Ecampus сияқты ЮНЕСКО сабақтас жобалары 2003 жылдан бастап білімді жеткізуші қосымшалары ретінде Moodle жүйесін таңдады. Бұл жүйенің ерекшелігі көптілділікке және әлеуметтік құрастыру педагогикасы сияқты педагогикалық принциптерге негізделген. ЮНЕСКО жобасының аясында жасап шығарылған «э-Оқыту» (E-Learning) портативті серверін Қазақстанның мыңдаған оқытушылары қолданды. Бұл серверде алдын-ала орнатылған Moodle бағдарламалық жасақтамасы бар.

Moodle жүйесінде білім мазмұны оффлайн және онлайн екі режимінде оңай беріледі және алмасады. Бағдарлама жергілікті серверлерден USB-тасымалдаушыларға оңай жүктеледі. Әлемде, Орта Азияда Moodle қауымдастығы тез қарқынмен өсіп және қазіргі уақытта 78 тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді. Жүйе Open Source сияқты тегін таратылады және электронды оқыту жүйесін қолданушылардың талабын қанағаттандыруға ыңғайлы бағдарламалық кешен.

Moodle дәстүрлі клиент-серверлік қосымша болып табылады, онда сервер қызметін веб-сервер атқарады (әдетте Apache), ал тұтынушы қызметін веб-браузер атқарады (мысалы Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.). Қолданушылардың барлық мәліметтері курстар сияқты серверде сақталады. Қолданушылар-оқушылар-оқытушылар веб-серверге кіріп, тіркелгілерін анықтап, оқу үрдісіне кірісе алады. Moodle бойынша бұл әдістемелік құрал курс үзіндісін немесе жеке сабақты жасап, баспаға шығарғысы келген немесе қашықтықтан сабақ жүргізгісі келген оқытушыларға, ізденушілерге, білім беру қызметкерлеріне арналады.

MOODLE- курсты басқару жүйесі (СМS) ашық түрдегі қолжетімділік бағдарлама, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға бағытталған, оқушы мен мұғалім арасындағы бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруға арналған пакет. Moodle қашықтықтан оқыту үдерісі ортасына толық қолдайтын мүмкіндіктерінің кең спектрлерін, атап айтқанда, оқу материалдарының әр түрлерін, білімді бағалау және үлгерімді бақылау ұсынады. Moodle бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып, желілік оқу материалдарын (курс) құра алады, оның мазмұнын мәтін түрінде толықтыруға, қосымша файлдарды, презентациялар, сауалнамалар және тағы басқа элементтерді қосуға болады. Осы ортада мұғалім оқушылардың білімін бағалап, өз пікірлерін жаза алады.

MOODLE бағдарламалық ортасында оқу материалдарының жиынтығы төмендегі негізгі объектілер түрінде бейнеленеді:

  • ресурстар (теория бөлімі);

  • элементтер (практикалық бөлімі);

  • үлгерім журналы (оқушылардың бағалары);

  • сабаққа қатысу журналы (логин).

«Moodle» сөзі – бұл «Modular Object-Oriented Dynamic Learning Envirorment» сөзінің аббревиатурасы. Орыс тілді ортада көбіне «МУДЛ» және «МООДУС» - модульдік объектіге бағытталған динамикалық басқару ортасы деп аталады. Moodle барлық операциялық жүйелерде Unix, Linux, FreeBSD, Windows, Mac OS X, Netware және кез келген PHP жүйесіне жұмыс жасайды. Деректер MySQL и PostgreSQL базасында сақталады, дегенмен басқа да басқарылатын деректер базасында қолдануға болады.

Мооdle бағдарламасын жасаушылар бұл бағдарламаны көптеген тілдерге аударған.

1. Жобаның негізгі сайты: http://moodle.org/.

2. Орыс тілді құжаттардың сайты: http://docs.moodle.org/ru/.

Қашықтан оқыту білім беру саласында Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасын практикада жүзеге асыруға, арақашықтыққа қарамастан кез келген бұқара топтардың білім алуына мүмкіндік береді. Қашықтан оқытуды (ҚО) дамыту оқытудың жаңа педагогикаклық әдістері мен формаларының әзірленуін, оқу үрдісінде компьютердің рөлі мен орнын анықтау және оқытушы мен студенттің ролін қарастыру қажеттілігі туғандықтан, оқу іс-әрекетін басқаша ұйымдастыруды талап етеді.

Осындай техникалық мүмкіндіктердің нәтижесінде барлық пәндердің дәріс және тәжірибелік, лабораториялық сабақтарын жоғары деңгейде өткізуге болады. Студенттер қашықта отырса да электрондық оқытудың кіріктерме редакторлары арқылы лабораториялық сабақтардың бейнежазбаларын көріп, сабақ мазмұнын толық түсініп, қажетті білімдерін алып отыруға болады.

Менің ұсынып отырған жұмысым, қашықтықтан білім алу кезінде қолданылатын Moodle жүйесінің әдіс тәсілдерін үйрететін ыңғайлы веб сайт. Яғни бұл веб сайт арқылы білім алушы Moodle жүйесін тиімді пайдалану, жүйенің әдіс-тәсілдерін меңгеруде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Веб сайт қашықтықтан оқытатын ұстаздарға, жаңа технологияларды көп біле бермейтін жаңа пайдаланушыларға да өте түсінікті әрі жеңіл тілде құрастырылған. Кез-келген деңгейдегі пайдаланушы сайттың алғашқы(басты) бетінен – ақ өзіне қажетті дүниелерді тез тауып, іздеген сұрақтарына жауап алып шығады.

Қорыта келе қашықтықтан оқыту дегеніміз, білім беру процессінің субъектілері арасындағы қарқынды түрде ақпарат алмасу нəтижесінде орындалатын білім беру түрі. Ол жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезінде екі жақты диалог қатысушыларының, яғни оқытушы мен студенттің бір-бірімен сұрақ-жауап алмасуы, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау, басқару арқылы жүзеге асады. Ең бастысы қашықтықтан оқыту арқылы қоғамның білімге деген сұранысы мен оның ұсынысын қанағаттандыруға болады.

Бұл веб сайтты жасақтаудағы басты мақсат, Moodle жүйесін кеңінен насихаттайтын, кез – келген деңгейдегі пайдаланушыға жүйенің әдіс-тәсілдерін оңай, әрі қарапайым тілде үйретуге арналған көмекші құрал ретінде болды. Жүйені жасақтау барысында веб сайтқа түрлі мүмкіндіктер қосылды. Веб сайттың басты бетінде пайдаланушыға қажетті ақпараттар мәзір ретінде көрініп тұрады. Moodle жүйесін толық меңгеріп, пайдаланудың әдіс – тәсілдері қамтылған.

Веб сайттар жасақтау қазіргі заман талабы. Себебі қазіргі кезде барлық ақпаратты, қажетті материалдарды интернетке жүгіну арқылы тауып, қажетімізге жаратамыз. Сонымен қатар қазіргі пандемия жағдайында, үйде отырып, барлық ақпарат пен білім, жаңалықтың барлығын интернет технологияларының көмегімен алып отырмыз. Осындай жағдайда веб сайттардың бізге берер пайдасы өте көп. Алдағы уақытта сайтты одан әрі жетілдіріп, мүмкіндігін арттырып, букіл әлемдік іздеу жүйесіне енгізу жоспарда бар.


Қолданылған әдебиеттер мен көздер

  1. Бадекова К.Ж., Омаров А.М., Бражанова А.К., «MOODLE» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОРТАСЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ

  2. А.А.Бименова. Дистанционное образование в условиях глобализации: преимущества и трудности внедрения. //Жаһандану жағдайларындағы дистанциялық бiлiм берудiң жай күйi мен даму стратегиясы. Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 28 б.

  3. Ибрагимов И.М. Информационные технологии и средства дистанционного обучения. Учебн. пособие/под ред. А.Н. Ковшова. ИА «Академия» - Москва, 2007 ж.

  4. Л.С. Зеленко «Дистанционное обучение, как инновационная стратегия педагогического процесса». (СГАУ), Самара.

  5. https://rep.ksu.kz/

  6. https://bilimainasy.kz

  7. https://netref.ru/



Өтініш

1

Автордың тегі, аты-жөні

Джанбаева Мария

2

Ғылыми жетекшісіМекеме атауы

Уразова Асия Алмасовна

3

Мекеменің атауы

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледж

4

Мамандығы, курсы

1305000-«Ақпараттық жүйелер», 3-курс

5

Жіберу бағыты

Интернет технологиялар

6

Баяндаманың тақырыбы

«MOODLE - ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ» ТУРАЛЫ ВЕБ САЙТ

7

Телефон, e-mail

+7 778 103 83 40

dzhanbaeva0108@gmail.com