СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конерген соз -"Асадал"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конерген создер делятся на два вида - архаизмы и историзмы. А слово "асадал" какому виду относится? Ответ на этот вопрос можете узнать в этом материале.  

Просмотр содержимого документа
«Конерген соз -"Асадал"»

СӨЗТАНЫМ


Асадал


Қай дәуірде болмасын қазақтың ағаш ұсталары жасаған дүниелері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтқан емес. Оның дәлелі, еліміздің қай өңірінде болса да мұражай қорларында қазақтың ұлттық үй жиһаздарының сақтаулында.

Жалпы қазақ халқы үй тұрмысында жиһаздардың бірнеше түрін пайдаланған. Солардың бір түрі - асадал. «Ас және адал» деген сөздерден құралған. Асадал негізінен қазіргі шкафтың қызметін атқарған. Этнографиялық деректерге қарағанда асадалдың бірнеше түрі болған және кезінде түркі халықтарының бәрі пайдаланған екен.    Асадал мұражай қызметкерлерінің құнды жәдігерлер жинақтау экспедициясы кезінде Қазалы өңірінен табылып, 1982 жылы мұражай қорына өткізілген.  Қазіргі уақытта мұражайдың «Этнография» залында орналасқан. Асадалдың екі ашпалы есігі бар. Маңдайшасы гүл сияқты жасалған оюлар және қаз мойын тәріздес өрнектерімен өз реңін, өз нақышын тапқан. Бет жағы, екі жаны және іші, қауызын жарған гүл тәріздес шаттық оюмен безендірілген. Асадалдағы әр түрлі ою- өрнектердің бір - бірімен қиылысуы, үйлесуі, шебердің ұсталық өнерінің жоғары дәрежеде болғандығын көрсетеді.

Асадалдың авторы ХХ ғасырдың І - жартысында Арал - Қазалы өңіріне танымал болған Әжімбет Қарайғыров деген ұста. Кезінде Өзбекәлі Жәнібеков асадал бетіндегі ою - өрнектерге қызығып, алғаш рет сипаттама берген. Мағынасы ағаш ұста өз өмірін баяндаған және мұндай асадалдың қазақ даласында өте сирек кездесетінін айтқан. Алайда өкініштісі,  асадалдың қағаз бетіне түскен үлгісі сақталмаған.

Белгілі этнограф Х.Арғынбаев өзінің еңбегінде: «Асадалдың ең көнесі қазіргі уақытта тумбочка тәрізденіп енінен биіктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен биіктігі шамалас келеді. Үшінші түрінің биіктігі кебежедей ғана болған. Ал төртінші түрі буфет тәрізденіп жасалған. Қазіргі уақытта мұражай қорында асадалдың тумбочка және буфет тәрізді етіп жасалған екі түрі сақталған» - деп жазады.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған асадал баламасы жоқ дүние. Жалпы, ұлтымыздың құнды жәдігерлерін сақтау және дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Сондай – ақ, асадалдың жасалу жолдарын, тарихын және сөз төркінін түсіндірдім деп ойлаймын.


Баян Сәруарқызы

Қалалық тілдерді оқыту

орталығының директоры