СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект "Балабақша жаз бен күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект"Балабақша жаз бен күз"

 

Просмотр содержимого документа
«Конспект "Балабақша жаз бен күз"»

«Балаусә ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.09.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы: Балабақша жаз бен күз

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық. Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, монтессори технологиясын пайдалана отырып саусақ моторикасын дамыту

3.Оқыту: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: жаз күз мезгілдеріні суреттер

Билингвалдық компонент: жыл мезгілдері – времена года, жаз – лето, күз – осень

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар қазір  қандай   мезгіл ?

-Күзде мезгілінде   неше  ай  бар?
-Күзде ауа райы қандай болады?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

- Балалар, біз сендермен жыл мезгілдері туралы әңгімелесеміз.
- Бәріміз орнымызға отырайық.
- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал
сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып көріңдер.
- Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Жаз мезгілі.
Балаларға жаз мезгілі туралы сұрақтар қою.
- Балалар, жаз мезгілінің айларын қазақша және орысша кім атап айтып береді?
- Жансая: Маусым – июнь, шілде – июль, тамыз – август.
- Балалар, жазда қандай өзгерістер болады?
- Жазда күн ыстық болады, айнала жасыл желекке айналады, гүлдер өсіп, құстар сайрайды.
- Өте дұрыс балалар.
- Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Ұнайды.

2.Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштарды желпуде.
Жел тына қалғанда,
Ағаштар биік болып өседі!

3.Сұрақ- жауап

- Күз. (Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Ал күз айларын кім біледі?
- Қыкүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь.
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күзде көкөністер мен жемістер піседі, айнала алтын түске боялып, жапырақтар сарғаяды, егіншілер шабындықтан егін орып алады, адамдар да жан – жануарлар да қыстық азық – қоректерін жинайды.

4.Сұрақ- жауап

- Ал енді келесі жұмбақты жасырайын:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Сөздік жұмыс: шабындық - балалар қайталайды.
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Балалар тақпақ айтады.
- Балалар енді мен сендерге А. Құнанбаев атамыздың «Күз» өлеңін оқып берейін:
- Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз олып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Мақсаты: өсімдіктер мен жемістерді қайда өсетінін айтып, дұрыс орналастыра білу.
- Балалар ойын ойнайды.
III-Қорытынды (2 мин)

-Бүгінгі тақарып сендерге ұнадыма?

-Күз ,жаз ерекшеліктерін естеріңе түсірдіңдер ма?