Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:13.12.2018 ж
Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы:«Әлеумет»
Пән: экология негіздері
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы:Жайнай берсің,Астана!
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
-Оқыту: Балаларға Астана жайында түсінік беру
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету:Қ.Р-ның рәміздері,Астана қаласының ғимараттары
Билингвалдық компонент:Менің Қазақстаным Мой Казакстан,Отан родина,Мемлекет Республика,президент елбасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Амансың ба,Алтын күн!
Амансың ба,Жер ана!
Қайырлы күн!
Балалар енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып,жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз тыныш болсын!
Ата анамыз аман болсын!
Әнұран орындалады.(әнұранды қосу)
II. Негізгі бөлім:
Кәне,балалар отырайық.Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз.Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?(туған жерім,атамекенім,отбасым,халқым)
Дұрыс балалар,Отан дегеніміз біздің еліміз,туған үйлеріміз,өзіміз туып өскен жеріміз.
Біздің Отанымыз Қазақстан.Қазақстанды отанымыз дейтін себебіміз,бұл жерде ата бабаларымыз тұрған,енді сол жерде біз тұрамыз.Адал адам Отанын сүйеді.Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты,Отансыз да өмір сүре алмайды.Біздің Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы,ұлтымыз қазақ.
Балалар,Қазақстан Республикасының президенті кім?(Нұрсұлтан Назарбаев)
Біз қай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан Республикасы)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?(қазақ тілі)
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады.
Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?(орыс,өзбек,түрік,қытай)
Мемлекеттік рәміздерді кім атап береді?(әнұран,ту,елтаңба)
Ел ордамыз қай қала ?(Астана) (Астана қаласының ғимараттарын көрсету,таныстыру)
Сергіту сәті: Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Ойын: «Туды құрастыру»
Қорытынды: Балалар қарайықшы күннің көзі неге көңілсіз?(өйткені оның шапақтары жоқ,сұрақтарға жауап беру арқылы шапақтары қою)
Енді қарағдаршы күннің көзі күлімдеді.Балалар әрқашанда күніміз күлімдеп тұрсын.Еліміз тыныш болсын!
Просмотр содержимого документа
«Конспект Экология негіздері Тақырыбы: "Жайнай берсің,Астана!"»