СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект на тему "Ежелгі заманғы фармация"

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелгі заманда әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше «apotheca» деп аталған. «Дәріхана» деген сөз осыдан пайда болған.

Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему "Ежелгі заманғы фармация"»

ЕЖЕЛГІ ЗАМАНҒЫ ФАРМАЦИЯ


Ежелгі заманда әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше «apotheca» деп аталған. «Дәріхана» деген сөз осыдан пайда болған. Әр дәрігер өз дәріханасында, құлдардың көмегімен, өз емделушілеріне дәрі дайындаған. Ежелгі Грецияда жұмсақ дәрілерден сырттай пайдалануға жақпа майлар, жапсырмалар, суппозиторийлер, буламалар, іштей пайдалануға - пилюлалар, ботқалар мен күлшелер дайындаған. Жақпа май пішінінде өсімдіктік (теңіз жуасы, қара чемерица, емен қабығы, мирра, ладан), жануарлық (өгіздің өті мен бауыры, шпан мушкалары) және минералды (ағартқыш, қыша сазы) заттар пайдаланылған.

Көз ауруларын емдеу үшін жұқа ұсақталған ұнтақтар, жақпа майлар және т.б. басқа дәрілер пайдаланған.

Ежелгі Қытайда дәрілік терапия өнері өз шыңына жетті. Әлемдік тәжірибеге Қытай Халық фармациясының – женьшень тамыры, лимонник, камфора, шай, жуа, сарымсақ, смола, ревень сияқты өсімдік құралдары және жануарлардан жасалатын дәрілер; бұғы пантасы, бауыр, желатин енгізілді.

Қытайдың аңызға айналған билеушісі Шэнь Нунның «Травник» жинағы да фармация тарихында ерекше орын алады.

Ежелгі грек дәрігерлері пайдаланған көптеген дәрі-дәрмектер көмекші заттар да болып табылған: бал, май, өсімдік шырыны, шарап. Ішуге пайдаланатын сұйық «кикеон» дәрісін тары ботқасына су, шарап немесе бал қосып дайындаған. Сумен араластырылған балдан- меликрат, ал бал, су және сіркесудан оксимель дәрілері жасалған.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. «Дәріхана» деген сөз қалай пайда болды?

2.Қайда жұмсақ дәрілерден сырттай пайдалануға жақпа майлар, жапсырмалар, суппозиторийлер, буламалар, іштей пайдалануға - пилюлалар, ботқалар мен күлшелер дайындаған?

3. Көз ауруларын емдеу үшін не қолданған?

4. Қытайдың аңызға айналған билеушісі Шэнь Нунның қандай жинағы да фармация тарихында ерекше орын алды?

5. «Кикеон» дәрісін қалай дайындаған?


Сөздік:

Дәріхана–аптека

Ежелгі Грецияда–в древней Греций

Көз ауруларын–заболевания глаз

Ұнтақтар–порошки

Женьшень тамыры–корень женьшеня

Шай–чай

Сарымсақ–чеснок

Бауыр–печень

Фармация тарихында–в историй фармаций

Ежелгі грек дәрігерлері–древние греческие врачи

Көптеген дәрі-дәрмектер многи лекарственные препараты

Бал–мед

Май–масло

Өсімдік шырыны–сироп растения

Шарап–вино






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!