СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: "Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

- Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: плакаттар, слайд

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді. Тәрбиеші: Балалар,бүгін ерекше күн екен.

Арайлап таң атты,

 Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

 Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы. Балалар:

Күніміз жарық болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

 Деніміз сау болсын.

Еліміз тыныш болсын.

 Досымыз көп болсын.

 Балабақшамыз жайнап тұрсын.

Нанымыз көп болсын.

 Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.  

 І Ғажайып сәт. Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

 -Сәлеметсіңдер ме балалар?

 -Балалар,бұл қай мемлекет? -Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала? -Астана қаласы

 -Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.

Сендер маған көмектесесіңдер ме? -Ия, көмектесеміз.

 -ҚР Елбасы кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл? -Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?  .

Амина:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Айым:

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Дария:

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туган тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып ақ алыңдар

Алихан:

Туған тілім бабам тілі өз тілім

Туған тілім анам тілі өз тілім

Туған тілім адам тілі өз тілім

Исламбек:

Қазақ тілім өз тілім ана тілім

Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл қызын мәңгі сені

Болашағым бақытым дара тілім

Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

 Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.

Ойнап сөйлесең де Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.

Өнер алды — қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

ІІІ Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым – ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.

Тәрбиеші: енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті.

ІV Жұмбақ шешу :

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама (Кітап)

 Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым.  (Тіл,тіс)

 Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

Көкпеңбек еді көктемде, Қызарады күзге жеткенде (алма)

Жерге тырс тырс тамады, Сайға қарай ағады, Шешуін кім тамады?  (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

 Қорытынды.Сұрақ-жауап Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

 Көріскенше күн жақсы,

 Сау саламат болайық.  

Просмотр содержимого документа
«Конспект Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: "Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"»