| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Ресурстар |
| Ұйымдастыру кезеңі | 1мин | Сәлемдесу | Оқушыларға сәлемдесу тапсырылады | Оқушылар келген қонақтармен үш тілде амандасады | |
| Топқа бөлу | 2мин | Түрлі-түсті фигуралар арқылы топқа бөлу; | Әрбір топтың алдына үш түрлі-түсті фигуралар тастап,Ханталапай әдісі бойынша топқа бөлу; | Оқушылар өздері тандаған фигураларына байланысты топқа барады. Топты таныстыру: Мысалы: Шаршы дегеніміз – барлық қабырғалары тең (бірдей) тіктөртбұрыш. Оның периметрін табу үшін: P=a+a+a+a немесе Р=а ˑ 4 . Осы сияқты ретпен әр топ өз фигурасы туралы айтып кетеді. | Түрлі-түсті фигуралар |
| Психологиялық ахуал туғызу «Бір тілек»әдісі | 1мин | Әр топ бір-біріне тілек айту арқылы бір-біріне жақсы көңіл күй орнату; | Мұғалім әр топқа бір-біріне тілек айту арқылы сәттілік тілеулерін тапсырады. | Әр топ бір-біріне үш тілде тілек айту арқылы жақсы көңіл күй сыйлайды. | музыка |
| Білім Қызығушылық- тарын ояту | 5мин | Үй тапсырмасы ретінде берілген сәйкестендіру кестесін «Аялдама» әдісі арқылы бір-бірін смайликпен бағалау | Мұғалім оқушылардың Аялдама әдісі арқылы қоңаққа барып, кестені орындау кезінде өз білімдерін дұрыс пайдалануын қадағалайды. | Оқушылар өздеріне берілген уақытты тиімді пайдаланып, Аялдама әдісі арқылы бір топ, бір топқа қонаққа барып, сызба кестенің дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізеді. Өз ұсыныстарын жазып қалдырып, смайлик арқылы бағалап кетеді. | АКТ, смайлик |
| Түсіну Жаңа сабақ Миға шабуыл | 7 мин | «Баға, саны, құны» осы тұрмыстық ұғымды естігенде естеріңе нені түсіреді? | Бұл сөздерді қай кездерде қолданамыз? Ақша туралы түсінік /ақша суреті/ | Оқушылар бұл сұраққа өз ерімен, еркін сөйлеп, өздерінің білетіндерін айтады. | Интер белсенді тақта. |
| Мысал ретінде бірнеше есептер ұсынылады | Мұғалім оқушылардың тығырықтан шығуына бағыт-бағдар береді |        Құны бағасы саны        Бағасы саны құны саны құны бағасы | ЖТ ЖЕ |
| Қолдану | 7 мин | Оқушылар әр елден келген тапсырмаларды орындай отырып, үш елдің валютасын жинайтын болады. Тапсырмаларға уақыт беріледі.Уақыт біткенде қоңырау соғылып тұрады. | Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша меңгерту мақсатында «Қоңырау соғу » әдісі арқылы білімдерін нығайту 3 түрлі есеп беріледі. | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады. Берілген есептерді барынша жылдам орындап, тобына ақша жинайды. | Бағасы | Саны | Құны | | 5 теңге | 4 | 20 теңге | | 6 | 30 теңге | | 7 | 35 теңге | | СТО, валюталар |
| Сергіту сәті | 3 мин | «Жасырын сурет» ойыны | Оқушыларды ойынға қатыстыра отырып, дұрыс тапқан оқушыны қошеметтеп, тобына ұпай жинауын қадағалайды. | Оқушылар жылдам ойлап, шешуін дұрыс тауып, өз тобына үлесін қосу арқылы көңіл күйлері көтеріледі. | АКТ |
| Талдау Практикалық тапсырма | 5мин | «Дүкен» ойыны (үш тілде) | Мұғалім оқушыларға жинаған жетондарына дүкеннен зат сатып алуды тапсырады | Тапсырмалар орындап жинаған жетондарына түрлі-түсті картондар,клей т.б заттарды дүкенге барып сауда жасайды. Оқушының қолында қай елдің валютасы болса, сол тілде сауда жасайды. | Маркер, картон, клей, ою-өрнектер |
| Жинақтау | 5мин | «Еңбегімнің жемісі» тапсырмасын орындау | Қолдарынан келген бір затты жасап шығару тапсырылады. | Өздері қалаған бір фигура жасап шығарып, қонақтарға сыйлайды. | Маркер, картон, клей, ою-өрнектер |
| Рефлексия «Микрофон» әдісі | 5 мин | Микрофон әдісі арқылы түсінгендерін өзара талдауға тапсырма беру; | Бағасы. Құны. Саны. кестесі үлестіріледі. Сол кесте арқылы әр топ тұжырым жасап ереже құрастырып айту тапсырылады. | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы уақытылы орындап, топ мүшелерінің ой-пікірлерімен санаса білу, түсінгендерін ортаға салу, түсінбегенін құрбыларынан сұрап алу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру көзделеді. Топпен жұмыс жасау; | «Микрофон» |
| Бағалау | 2 мин | Өзін-өзі бағалау Бағдаршам, мимика | Тапсырманы өздігімен орындауын қадағалайды. Бағалауды басқару Жауаптарын қабылдап, бағыт беру; | Ойын түйіндейді. Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады. | Оқушының аты-жөні | Иә +, жоқ - | | 1. Заттың құнын табуды білемін | | | 2. Заттың санын табуды білемін | | | 3. Заттың бағасын табуды білемін | | | 4. Дүкенге барағанда осы білімді пайдалана аламын | | | Оқушының бағасы | | | Мұғалімнің қорытынды бағасы | | | Бағдаршам, мимика |
| Кері байланыс | 2 мин | Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтада ілінген «Достық» шеңберіне апарып жабыстыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну; | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін стикерге жазып, тақтада ілінген «Достық» шеңберіне апарып жабыстырады. | Стикерлер,смайликтер |