Петропавл қаласы
КММ«№13 орта мектеп»
Қазақ тілі мұғалімі:
Рақышева Рымбала Асқарқызы
ІІ категория
Сынып: 5 сынып
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қыс табиғаты.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың алған білімдерін қайталау арқылы сөз байлықтарын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөз қорларын байыту, білімі мен білгірлігін қайталау арқылы қалыптастыру, үйренген сөздерді тұрмыста қолдана білуге үйрету.
2) Әртүрлі тапсырмалар бойынша балалардың жазу түріндегі жұмыс білімдерін дамыту. Суреттермен жұмыс істей отырып, ойлау, есте сақтау, сөйлесу тілін дамыту, байқампаздық қасиетін дамыту, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.
3) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: “Білім ошағы” ойыны арқылы оқыта үйрету сабағы
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын түрлері.
Көрнекілігі: слайдтар, кітап, қағаз, түрлі түсті қарындаштар дайындалады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ал, енді балалар аяз ата сендерге жұмбақ жіберіпті қараңдар. Слайд.
Шанамен сырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
І. Психологиялық дайындық.
«Күн шуақты алаққай» қызыл – сары, жасыл жасанды әсем гүлдер арқылы оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар аяз атадан хат келіпті. Ішін ашып тапсырмаларды орындайық.
ІІ. «Қарлы кесек» ойыны арқылы әр топ өз тапсырмаларын орындайды.
Бірінші тапсырманы ашайық. Слайд
І. Тапсырма.
Ақшақар тобы – қыс айларының мағыналарын анықтаңдар.
Желтоқсан-қыстың бірінші айы. Ол екі сөзден құралған:
ЖЕЛ (ветер), тоқсан (четверт) деген мағына береді.
Қаңтар- қыстың екінші айы.
Бұл айда күндер өте ұзақ болады.
Ақпан- қыстың соңғы айы.
Бұл- аязды өте суық ай.
Аққала тобы – Қыс мезгіліне байланысты сұхбат құрастырады.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар.
- Олар қандай?
- Олар: көктем, жаз, күз, қыс.
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қыс мезгілі
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыстса ауа райы суық, аяз, боран болады.
II. Тапсырма
Өз жартыңды тап ойыны. Балаларға қиылған сөздер үлестіріліп, сол сөздерден әркім өз жартысын тауып, сөз құрау керек.
Ақшақар тобы: бөрік, қолғап, бәтеңке, етік, пима.
• Бө ғап
• Қол рік
• Бә ма
• Е теңке
• Пи тік
Аққала тобы: ұзақ, қысқа, соңғы, салқын, суық.
• Ұ соң
• ғы қа
• сал су
• ық қын
• қыс зақ
IІІ. Ой толғаныс
Ақшақар тобы: Cандарды сөйлету.
12
7

365
4
Аққала тобы: Екі үш сөйлем құрастыру
қысқы демалыс


Қыста Жаңа жыл болады.

Суық, аяз
қар жауады.
ІV. Тапсырма: Не арқық екенін табу. Cлайд
V. Тапсырма: “Жалғасын тап” ойыны: Мақал – мәтелдердің жалғасын табу
| І топ: 1. Қыстағы қар -... ырыс, Жердегі ылғал – ... ырыс. 2. Қыстың ... қырау. 3. Жаңа ... жақсылық. | ІІ топ: 1. Қыс қамын -... ойла. 2. Жаз ... қонба, Қыс ... қонба. 3. Жаңа ... жақсылық. |
V. Тапсырма: “Полиглот” жұмбақ шешу
І топ:
1. Аппақ, аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып. (Қар, снег, snow)
2. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (шана, сани, sledge )
ІІ топ:
1. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи, ski)
2. Шымшып алады қолсыз, сырғанақ жоқ онсыз. (аяз, мороз, frost)
Музыка слайд. Жаңа Жыл әні орындалады.
VІ. Тапсырма: Сергіту сәті
Мен әңгіме айтып берейін. Қане, бәріміз мұқият тыңдап алайық.
- Түнде далада қар көп жауып, айналаның бәрін аппақ қар басқан. Балалар ғажайып қысқы табиғат аясында ойнап жүр.
Олар қардан домалатып «Аққала» жасапты. Аққала өте тамаша болып шығыпты.
- Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма? Әңгіме қызық па?
Олай болса, қане орнымыздан тұрып, бәріміз далаға шығып, Аққала жасап көрейік.
- Біз қазір далада тұрмыз, жердің бетін қар басқан, қане басып көрейікші.
Енді алға еңкейіп жерден қарды алып, ұстап домалатамыз, үлкейту үшін жерге қойып, домалатып алайық.
Ал, енді домалатқан қарымызды бірінің үстіне бірін қояйық.
- Басына не кигіземіз? Шелек кигіземіз.
- Көзі, аузына не саламыз? Көмір мен айшық.
- Мұрнына не істейміз? Сәбіз
Мінекей, аққаламыз әдемі болды ма? -Иә.
- Жарайсыңдар, балалар.
Қараңдаршы шыршаның қасында біздің Аққаламыз тұр. Келген қонақтарды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтайық! Жаңа Жылдарыңызбен!
VІI. Қорытындылау. Бағалау.
VІIІ. Үйге тапсырма
“Жаңа жыл” атты әңгіме құрастыру.