СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока казахского языка по теме: "Наубайшы",4 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Наубайшы.

Саба?ты? ма?сатты:

1. Білімділік: О?ушылар?а нан туралы м?лімет беру. Жа?а с?здермен таныстырып, м?тінмен ж?мыс жасау, ?р тапсырмалар ар?ылы бекіту.

2. Т?рбиелік: О?ушыларды таби?атты, ?орша?ан ортаны ?адірлеуге, е?бек адамдарын ??рметтеуге, е?бексуйгіштікке т?рбиелеу.

3. Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орын молайту. Ауызша ж?не жазбаша тілдерін дамыту. К?ру ж?не есту ?абілеттерін дамыту.

Саба?ты? к?рнекілігі: бейнетаспа макеті, с?здік ж?мысы, доп, суреттер интерактивті та?та, ?нтаспа, с?з-ж?мба?, т.б.

Саба?ты? ?діс-т?сілі: к?рнекілік, топпен ж?мыс, с?ра?-жауап, тіл дамыту, ойын ойнату.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахского языка по теме: "Наубайшы",4 класс»





Сабақтың тақырыбы: Наубайшы.

Сабақтың мақсатты:

1. Білімділік: Оқушыларға нан туралы мәлімет беру. Жаңа сөздермен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасау, әр тапсырмалар арқылы бекіту.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қадірлеуге, еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбексуйгіштікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Көру және есту қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа макеті, сөздік жұмысы, доп, суреттер интерактивті тақта, үнтаспа, сөз-жұмбақ, т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тіл дамыту, ойын ойнату.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысы тексеру.

Мұғ.: - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Оқу-р: - Аспаз тақырыбына байланысты сөздерді қайталап келу.

Мұғ.: - Жақсы. (Есікті біреу қағады).

Мұғ.:- Балалар, бүгін бізге сендердің білімдеріңді тексеруге «Рика ТВ» телекомпаниясының журналистері келіп қалды. Олардың сендерге үй жұмысына байланысты бірнеше қоятын сұрақтары бар. (Журналистердің сұрақтарына жауап береді).

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Мұғ.:- Ребята, какие ассоциации возникают у вас при слове продукты. Подумайте. В каждой группе есть листы. Напишите их. (Оқушылар жазады).

Мұғ.:- Дұрыс, балалар. Дастарқанға бірінші қойылатын тағам – ол нан. Нан адамға қажетті азық-түліктің бірі. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – нан, наубайхана туралы.

Мұғ.:- Бүгінгі сабақта сіздер шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетесіздер. Жаңа сөздермен танысып, мәтінмен жұмыс жасаймыз. Жаңа тақырыпты сөйлесу, сөзжұмбақ, әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз.

IV. Сабақтың тақырыбың түсіндіру.

А) Сөздік жұмысы:

Наубайхана – пекарня.

Наубайшы – пекарь.

Тұрғындар – жители.

Пісіреді – пекут.

Қадірлеу – ценить.

Керек – нужно.

Ә) Ойын «Дұрыс айт»:

Мұғ.:- Балалар, енді жаңа сөздерді «Дұрыс айт» ойыны арқылы бекітеміз.

Б) Мәтінмен жұмыс.

Мұғ.:- Енді «Наубайхана» мәтінімен жұмыс істейік. Оқулықты ашамыз. 47 бет.

Оқу-р:- (Оқушылар оқулықты ашады, мәтінге назар аударады).

Мұғ.:- Мен оқимын, ал сендер тексеріп отырыңдар. (Мұғалім оқиды).

Наубайхана.

Бұл – наубайхана менің шешем наубайханада жұмыс істейді. Наубайхана қаланың ішінде.Онда көп адамдар жұмыс істейді. Олар барлық қала тұрғындарына нан пісіреді. Нанның түрлері өте көп. «Нан – ас атасы» деген мақал бар. Нанды қадірлеу керек.

Оқу-р:1) Тізбектеп оқу. 2) Орыс тіліне айдару. 3) Жаңа сөздерді мәтіннен тауып алу, айту.

4) «Нан – ас атасы» деген мақалды түсіндіру.

В) Шығармашылық зертханада жұмыс.

Мұғ.:- Балалар, біз «Наубайхана» тақырыбына байланысты, сөздермен, мәтінмен танысып, бекіттік. Енді шығармашылық зертханадағы жұмысымызды бастайық.

Бізде 3 топ бар: 1. Ақындар. 2. Суретшілер. 3. Жазушылар.

Мұғ.:- Балалар, сіздер 3-4 минут аралығында «Наубайхана» тақырыбына байланысты шығармашылық тапсырмалар орындайсыздар.

1 топ – «Наубайхана» мәтініне сұрақтар құрастыру.

2 топ – Наубайхана суретін салу.

3 топ – Нанды неге қадірлеу керек? Деген сұраққа шағын хат жазу.

(Оқушылар дайындалады).

Мұғ.:- Енді, қадірлі қонақтар! Осы Қарғалы ауылының жас таланттарына жол берейік. Сахнаға ақындар тобы шақырылады. (Сөйтіп 3 топ та тыңдалады).

Мұғ.:- Міне, балалар, зертханада жақсы жұмыс жасадық. Жарайсыңдар!

V. Сергіту сәті. Мұғ.:- Балалар, сергіту сәтін өткізейік.

Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Су құйғанда өседі.

Г) Суретпен жұмыс.(суретті талдау)

VI. Сабақтың тақырыбын бекіту.

а) Мұғ.:- Балалар, енді интеактивті тақтаға назар аударайық.

«Нан»

Ей, балалар, балалар,

Бар қасиет нанда бар.

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

(Ө. Тұрманжанов).

Мұғ.:- Балалар, сіздерге ұнады ма тақпақ?

Оқу-р:- Иә, біздерге тақпақ ұнады.

Мұғ.:- Неліктен ұнады?

Оқу-р:- Бұл тақпақта нанды қастерлеу қоқымын шашпау, жерде жатса баспау және теріп алып торғайларға тастау туралы айтылады.

Мұғ.:- Дұрыс, балалар. Нан оңай келмейді. Көктемде тракторшылар жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп, баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. (Мұғалім көрсетеді). Нан еңбек арқылы табылады. Сондықтан нанды қадіреу керек, жерге тастамау керек. (Тақпақты дәптерге жазу).

ә) Сөзжұмбақ.

Мұғ.:- Мына сөзжұмбақты мен әр топқа таратамын. Қай топ сөзжұмбақты бірінші шешеді, сол тақтаға осы сөзжұмбақты іледі. (Оқушылар топпен жұмыс істейді).

6. МЯГКИЙ





1.

Б

А

Т

О

Н



3. ПЕКАРЬ (суреті)





2.

Н

А

Н









3.

Н

А

У

Б

А

Й

Ш

Ы



2.

4.

Қ

А

Т

Т

Ы







5. ЧЕРНЫЙ



5.

Қ

А

Р

А




6.

Ж

Ұ

М

С

А

Қ

7.


7.

Т

О

Қ

А

Ш






4. ТВЕРДЫЙ




8.

А

Қ


8. БЕЛЫЙ



Мұғ.:- Балалар, сөзжұмбақты шештін. Қандай сөз шықты?

Оқу-р:- Бауырсақ.

Мұғ.:- Дұрыс айтасыңдар. Балалар, бір де бір тамақ нансыз қойылмайды. Сонымен қатар дастарқанға қазақтың бауырсағы, шелпектер, басқа да қолдан пісірілген нан түрлері қойылады. Олар торт, кекс, т.б. (Суреттерін көрсету).

VII. Сабақты қорытындылау.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма беру. № 47 бет. Наубайхана мәтіннің мазмұнын айту.