а)Сәлемдесу ә)Кезекшімен сұхбат б)Оқушылармен сұхбат Зат есімді тест арқылы тексеру. 1.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз. А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз С) Отырып қалды Д) Қызметкер Е) Ілгері 2. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз. А) Әке – шеше В) Аспан әлемі С) Еңбекші халық Д) Қарағанды Е) Ата-ана 3. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Кітап оқыдық. А) Бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш 4. Дара зат есімді көрсетіңіз. А) Тұрған В) оқу С) күшті Д) қиял Е) ата-ана 5. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз. А) Нұра өзені В) Қазақстан Республикасы С) Ердің сыншысы – елі Д) Тарбағатай өңірі Е) Ертіс маңы 6. Күрделі зат есімді табыңыз. А) Зейін В) білгіш С) әдет-ғұрып Д) самғау Е) бос 7. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз. А) Аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтарымыз Е) тіліміз 8. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз. А) Дала гүлін терді В) Еріншектің ертеңі бітпес С) Қарағым, кітабыңыз сөреде тұр Д) Гүл үйдің көркі Е) Перизат өлең айтты 9. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз. А) Асығыс кетіп қалды В) Ақылды бала – арлы бала С) Ақылды басшы болса, адаспассың Д) Бес жержегі бес – жиырма бес Е) Жаз келді 10. Негізгі зат есімді белгілеңіз. А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу Жауаптары: 1.Д 2.Д 3.А 4.Д 5.С 6.С 7.С 8.С 9.В 10.Д 1.Миға шабуыл. Сөзжұмбақ арқылы тақырыбын ашу. - Балалар, бәріміз тақтаға қарап, бүгінгі жаңа тақырыбымызды сөзжұмбақ арқылы анықтайық. 1. «Радость» сөзінің аудармасын табыңдар 2. «Гордость» сөзінің аудармасын табыңдар 3. «Даулет» сөзінің синонимін табыңдар 4. Мақалды толықтырыңыз. ... азбайды, Білім тозбайды. 5. Сегіз әріптен тұратын ең нәзік сезім. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. -Балалар, міне біздің тақырыбымыздың атауы шықты. Бүгін біз сабақта жаңа «Оқу – еңбек аясын» бастап, «Уақыттың күші» тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырып, уақыт туралы алған білімдерін пысықтап, толықтырамыз. Сабақта біз мәтінді меңгеріп, жаттығулар арқылы өз білімдерімізді ары қаратай жетілдіреміз. Тапсырмалар арқылы грамматикалық тақырыптар бойынша жұмыс жүргіземіз. -Ең алдымен бәріміз екі топқа бөлінейк. Бір және екіге санап, бөлінеміз. Әр топтың нәтижелерін мен мына дөңгелек, төртбұрыш және үшбұрыш арқылы бағалаймын.Жақсы, еңді жаңа сөздермен танысып алайық. 2.Жаңа сөздермен таныстыру: заңдылық- закономерность өтеді, кетеді- проходит, оказывается в прошлом үлгеру үшін – чтобы успеть бәрінен де қымбат – дороже всего Жаттықтырулар- тренировки босқа өткізу –зря, без пользы проводить Сөздермен жұмыс. 1Дұрыс айтуға дағдыландыру: 2.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау. 3. Сөйлемдер құрау. 4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу. 2. 255 бетте мәтін бойынша жұмыс. Мұғалім өзі оқиды, содан оқушылар тізбектеп оқиды. 3.Мәтінді екіге бөліп, топтар өз бөлігін аударады. 1 топ- 1,2,3 азат жолды аудару; 2 топ- 4,5,6 азат жолды аудару; 3.. Қорытынды: - Ал, мына мәтінде басты сөйлемдер қандай? Маңызды сөйлемдерді таңдап оқып береді. 4.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс: 1 деңгей: 1).Мына сөздерден туынды зат есімдерді жасаңыз. (кәсіп+кер, мектеп+шілік,заңды+лық, сұлу+лық,) 2 деңгей: 1) Мәтінге 3 сұрақ құрастыру. 3 деңгей: 1)Мәтінге жоспар құрастырып, мәтінді қысқаша әңгімелеу. -Жақсы, бәріміз тапсырманы орындадық. Енді келесі тапсырманы орындайық. 4. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.Мінездеме беру. 1 топ – Мектепте сабақ сағат сегіз жарымда басталады. 2 топ- Сейсенбі және сенбіде мен ағылшын тілі курсына барамын. 5.- Ал, қазір біз әр топтың қанша жылдам екенін байқаймыз. Уақыт тақырыбына берілген сөздерді ретімен қойыңыз. Заман, ғасыр, жыл, ай, апта, тәулік, күн, сағат, минут, секунд. 6.Сөйлемдерді толықтыру. Бәріміз білеміз, .................. күш жоқ. Денсаулық бәрінен қымбат екенін білемін, сондықтан ................ міндетті түрде жасаймын . Күнім жақсы басталуы үшін ................... ........ .......... ........... ,компьютер ойнағанды жақсы көремін. Үйге келген соң, түскі асымды ішемін де, .......... Уақытыңды босқа өткізбей, ..............аналысқан дұрыс деп ойламын. Керекті сөздер:уақытты тоқтата алатын , жақсылап тамақтанып аламын,Уақытым болып жатса, денешынықтыру жаттығуын, анама көмектесемін, өзіңе пайдалы іспен. 7.Жоба жасау. Кестені толтыру. Адамның бір күн ішінде жасайтың 1 топ –маңызды істер, 2 топ маңызды емес істер Күнтәртібіне жоспар жасап, жаттаңдар. Оқушыларды бағалау. Рефлексия. |