СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока "Салт-д?ст?р"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

:                Саба?ты? та?ырыбы: ?аза? хал?ыны? салт - д?ст?рлері Ма?саты: Салт- д?ст?рлер туралы білетін ма?л?маттарын толы?тыру, салт д?ст?рлер туралы б?рын ал?ан білімдерін пысы?тап, отбасы д?ст?рлерін талдау ар?ылы коммуникативтік ??зыреттілікті ?алыптастыру. М?лік, аластау, ??ндылы?, м?ра с?здерін ме?герту;. Типі: жа?а білімді ме?герту.

Т?рі: аралас, дамыта о?ыту.

?діс т?сілдері: интерактивті ?діс, проблемалы? с?ра?тар, жа?даят(ситуациялы? диалог), сын т?р?ысынан ойлау, лексикалы? ойын, ??гімелеу.  

Просмотр содержимого документа
«конспект урока "Салт-д?ст?р"»

7кл. Күні: Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті актерім »

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: белгілі актерлар туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметті қолдануға үйрену.
Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау тілін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу..
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Диктант қорытындысы.

ІІІ.Жаңа сабақ: «Менің сүйікті актерім »
1. Оқылым.
- оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннен негізгі мәліметтерді іріктейді.
1. Тұңғыш актерлер өмірі

2. Белгілі актерлер
2. Жазылым
- мәтін бойынша кестені толтырады. ...................................
Шәкен Айманов Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі . Ш. Айманов - ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастырды. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы туған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер.1990 жылдан бері «Елім-ай» киностудиясының президенті.

ІV. Білімді бекіту, тексеру.

«Менің сүйікті актерім» атты кесте толтыру



Актердің аты-жөні

Туған жері

Кинофильмдегі

алғашқы рөлі

марапаттары

рөлдері







V. Сөйлесім.
Алған білімдерін қолданып, топта диалог құрастырады (жағдаят туғызу)
VІ. Сабақтың қорытындысы.
• Сабақтан қандай білім алдыңдар?
ҮІІ. Үйге тапсырма:
- Белгілі актерлер туралы баяндама дайындау





10 кл. Күні:__________


Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіздік толғауы.

Білімділік:


Дамытушылық:



Тәрбиелік:


Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға Қазақстан мемлекеті, тәуелсіздік жайлы мағлұмат беру.

Қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері мен тілдік тапсырмалар арқылы публицистикалық стиль және оның түрлерімен таныстыру. Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың Қазақстан мемлекеті жөнінде ақпаратты-танымдық ұғымын дамыту.

Оқушыларды мәтіндер арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Қазақстан мемлекеті, тәуелсіздік жайлы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): өз сөзімен Қазақстан мемлекетін сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен мемлекет жайлы сұхбаттасады, диалог құра алады, сөйлеу үлгілері арқылы тілдесімге келеді..

Негізгі түсініктер:

Уысында ұстау, ен жайлау, билеп-төстеу, айбарлы, азаттық жолында, бодандыққа түсу, түп-тамыры, заңды мұрагері, халық жағдайын жақсарту, үкімет сағаты, министрлік сайты.

Сабақтың көрнекілігі:


А4 парағы, маркерлер, плакат, смайликтер

Оқыту әдістері:


Әңгімелеу, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Мадақтар бұрқасыны» тәсілі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диалог, «Құнды пікір» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» тәсілі, ойсергек..

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, сөздік.

Тапсырмалар: Сабақ барысындығы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал тигізу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді..

Өткен сабақты тексеру



Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

1.Қызығушылықты ояту

«Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Қазақстан мемлекеті», «Тәуелсіздік» сөзіне ассоциаграмма құрастыртады.

Оқушылар ассоциаграмма құрастырады.

2.Мағынаны тану





1.Сөздікпен жұмыс: Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуына қатысты ауызша жаттығу жүргізеді


2.Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Тілдесім. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады...

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.


Жазылым. Кластер құрады, сөйлем құрайды


3.Грамматика. Публицистикалық стиль түрлерін меңгертеді.

Публицистикалық стиль түрлерін меңгереді.


4.Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.


Ә) Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, мәтіннің мақсаты, қолданылу аясын, стилі мен сипатын анықтайды, әрекеттерді білдіретін сөздерді табады.

Жазылым. Оқылым. Айтылым. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіреді, мазмұнын баяндайды.


5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады..

Жазылым. Жақшадағы екі нұсқаның тиістісін жазады, «Мен білетін министрліктер» тақырыбына публицистикалық стильде шағын мақала жазады.

3.Ойтолғаныс


Мұғалім ойтолғаныс кезеңінде оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стратегиясын қолданады.

Әр оқушы тақырып аясында өз ойын айтады, сыныптастарымен мемлекет мәселелері жайлы ұсыныстарымен бөліседі.

4.Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады..

Тілдесім. Жазылым. Айтылым. Диалогті толықтырады, сөйлемдердері құрайды, репортаж дайындайды

5. Бағалау



Формативті бағалау.


6. Үйге тапсырма


«Пән таңдаймын» тақырыбында эссе жазу.


7. Рефлексия


Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа белгілерді қою арқылы білдіреді.


6 кл. Күні:______


Сабақтың тақырыбы:

Қазақша ән айтамын

Білімділік:


Дамытушылық:


Тәрбиелік:


Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы сабақтың маңыздылығын түсіндіру.


Тілдесім барысында тілдік үлгілер арқылы қазақша әндер жайлы ақпараттық- танымдық қабілетін дамыту.

Мәтіндер негізінде оқушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым тілдік үлгілер арқылы қазақ әндері туралы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): әндерді орындайды, қазақша әндерді сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): достарымен қазақ әндері туралы тілдеседі, диалог құрады.

Негізгі түсініктер:

Халық әні, мұра, өнер, жаңа ән, әсем әуен, көңілінен шығу, сазгер, ақын.

Сабақтың көрнекілігі:


А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, альбомдар, буклеттер , смайликтер

Оқыту әдістері:


Талдау, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Ыстық алақан» тренингі, диалог, ойсергек.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, сөздік.

Тапсырмалар: Сабақ барысындығы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал тигізу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді..

Өткен сабақты тексеру



Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

1.Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «қазақша ән», «тіл үйрену» тіркестеріне ассоциограмма құрғызады.

Әр оқушы тақтаға өз түсінігін жазады

2.Мағынаны тану





1.Сөздікпен жұмыс: Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуына қатысты ауызша жаттығу жүргізеді


2.Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Берілген сұрақтар төңірегінде пікірлеседі.

Жазылым. Қандай қазақ әндерін білетінін жазады


4.Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 4, 5-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, тірек сөздерді табады.


Жазылым. Сөйлемдерді көшіріп жазады, көптік жалғауы жалғанатын сөздерді бір бағанға, көптік мағынаны білдіретін сөздерді екінші бағанға жазады.


5. Мәтінсоңы жұмыс. Тілдесім. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалогті толықтырады.


Оқылым. Айтылым. Әнді оқиды, мұғалімнің көмегімен үйреніп, айтады


6. Мәнерлеп оқу. Оқулықтағы «Кел жаттығайық!» айдарында берілген өлеңді оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаттайды.

3.Ойтолғаныс


Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: әр жұпқа жаңа тақырып бойынша бір сөз беріп, оқушылардың әрқайсысына түсінікті болатындай сипаттап беруін сұрайды.

Әр жұп өзіне берілген сөзді түсіндіріп береді.

4.Бекіту

Топтық жұмыс. «Болжау» стратегиясының негізінде «Біз қазақша қандай ән айтамыз» атты мәтін құрғызады

Тілдесім. Диалог құрады

5. Бағалау



Формативті бағалау.

.

6. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.


7. Рефлексия


Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді

10 кл. Күні: Сабақ тақырыбы: Ғалымның еңбектері
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби еңбек жолы мен ғылыми еңбектері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Ұлы Жібек жолы дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2.Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтті?
3.Ұлы Жібек жолы қай кезеңдерде өмір сүрді?
4.Ұлы Жібек жолында тасымалданған тауардың ең бағалысы?
5.Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алып, қай жерден аяқталған екен?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Тараз, Созақ, Отырар қалалары арқылы өткен екен. Осы Отырар қаласында Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл - Фараби дүниеге келген екен.
Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Әрине балалар, Әбу Насыр әл - Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше топ басшылары шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл - Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындасын
1-қатар: Әбу Насыр әл - Фарабидің ерекшелігін
2-қатар: Абайдың ерекшелігін
3-қатар: Екеуінің ұқсастығын жазады
Балалар, Әл - Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар
VІІ.Жаңа сабақты қорыту.
Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Кәне, балалар, кім өнер - білім туралы мақал - мәтел біледі?
Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Әбу Насыр әл- Фараби туралы шағын әңгіме құрастыру.
Оқушыларды бағалап, жеңіске жеткен топқа білім кілтін табыстау